Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Табыс пен тұрмыс сапасын арттырудың жаңа бастамасы

1602
Табыс пен тұрмыс сапасын арттырудың жаңа бастамасы - e-history.kz
Президенттің Қазақстан халқына жаңа Жолдауы республика азаматтары арасында, соның ішінде Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұжымы арасында да үлкен резонанс тудырды

Жолдау ең алдымен әлеуметтік салада көп жинақталған қоғамның ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталды.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың жаңа Жолдауы уақытынан бұрын халыққа жол тартуы 2019 жылы бюджетті жоспарлауда алдын-ала түзетулер енгізуді мақсат еткендігімен түсіндіріледі. Министрліктер, әртүрлі деңгейдегі әкімдер дер кезінде әрі қарай елдің сапалы жаңа трендте қарқынды дамуын қалыптастыруға бағытталған нұсқаулықтар алды. Елбасы тәуелсіздіктің 27 жылындағы қысқаша есебіне тоқтала отырып, онда келесі жайттарды атап өтті: «Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік. Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды». Ел астанасының мемлекет өміріндегі ерекше орны мен маңызына тоқталып өтті. Мемлекет экономикасына келген ауқымды көлеміндегі тікелей шетелдік инвестиция көлемі 300 миллиард АҚШ доллары атап өтілді. Сонымен қатар, Президент «тез өзгеріп» отыратын әлемдік әскери-саяси, әлеуметтік-экономикалық қиын жағдайларға да тоқталды.

Орын алған өзгерістерге байланысты Мемлекет басшысы жаңа бастамаларды жариялады. Солардың бірқатарына тоқталып өтетін болсақ, біріншіден, білім және ғылым саласы. Мәселен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін дейін өсетін болады, бұл игі бастама 1 миллион 300 мың адамның еңбекасқысын тікелей қамтиды. Бұл қуанышты жайт, жалақысы төмен бюджеттік салада қызмет істейтін көптеген жұмысшыларды қамтиды. Алдағы жылдары білім, ғылым және денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындар көлемі ЖІӨ-нің 10%-ына жетеді. Бұл әрине, өте маңызды қадам. Мәселен, 2018 жылы ғылымды қаржыландыру ЖІӨ-нің 0,14% құраса, 30 дамыған елдердің қатарына кіретін мемлекеттерде бұл көрсеткіш 4-4,5 % көрсетеді. Осы жағдайға байланысты жастардың көпшілігі ғылымнан алыстап, ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасы төмендеп кетті. Мысалы, 2016-2017 жылдары әртүрлі объективті және субъективті себептерге байланысты Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бірқатар қызметкерлері жалақыларын алмаған. Қазіргі таңда Институт ұжымының үйлесімді жұмысы мен ҚР БҒМ Ғылым Комитеті, ҚР Президент әкімшілігі қолдауының арқасында жағдай жақсарды. Тәуілсіздік уақытынан бері алғаш рет 6 жас ғалым мемлекетпен қолдауымен пәтер алды. Ғалымдардың біршама бөлігі 1,5 жүктемеде жұмыс жасайды. Жас, әрі аз қамтылған қызметкерлер қоғамдық автокөліктерде жол жүру билетімен қамтамасыз етіледі. Институт кітапханасы қалпына келтірілуде. 2 мамандық бойынша докторантураға түсуге 7 мемлекеттік грант, 4 мамандық бойынша магистратураға 10 мемлекеттік грант бөлінді. 2017 жылдың қазан айында ҚР БҒМ Ғылым комитеті шешімі бойынша Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында тарих мамандығы докторлық диссертацияның өзекті отандық тақырыптарын бекіту бойынша «Үйлестіру кеңесі» қайта қалпына келтірілді. 2017 жылдан бастап Институт сайты 8 тілде жұмыс жасай бастады: қазақ, орыс, ағылшын, неміс, түрік, қытай, араб және француз.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған екі ғылыми журнал жарыққа шығады: «Отан тарихы» ғылыми журналы мен «edu.e-history.kz» Халықаралық ғылыми электрондық журналы. 2018 жылы «Отан тарихы» журналын «Scopus» дерекқорына енгізу жұмысы жүргізілуде. Екі журналға мақала жариялау ақылы негізде жүргізіледі, бұл Институт қаржысын арттыруға мүмкіндік туғызды. 2017 жылдың екінші жартысынан - 2018 жылдың бірінші жартысы аралығында мұрағаттармен, Тарихи бағытындағы ҒЗИ және жоғары оқу орындарымен, соның ішінде шетелдік әріптестермен (Польша, Украина, Ресей, Қырғызстан, Армения, Молдова, Өзбекстан және т.б.) ынтымақтастық туралы 45 меморандумға қол қойылды. 2017 жылдың желтоқсанында қазақтан шыққан тарих ғылымдарының бірінші докторы, репрессияланған профессор, Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Ермұхан Бекмахановтың атынан аудитория ашылды. Құжаттар мен фотоматериалдарды жинақтауда ғалымның туыстары, ҚР Президент мұрағаты, ҚР Орталық мұрағаты және демеушілер белсене қатысты...

Біз Мемлекет басшысының 2019 жылы «Педагогтар мәртебесі» туралы заңды дайындау мен қабылдау туралы жаңа бастамасын да қолдаумыз, себебі 2014 жылдан бері Институт әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірге магистранттар мен докторанттарды дайындайтын біздің ұжымға да қатысты.

Сондықтан, 2019 жылға бағытталған Президенттің жаңа Жолдауы Институтымызды одан әрі реформалауға мүмкіндік беріп қана қоймай, бүкіл қоғамда оң өзгерістерді қалыптастыруға негіз болады. Бұл күшін бірлік пен ұлтаралық бейбітшілік қажет. Осыған орай, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында былай деп хабарлады: «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды».

 

Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ,

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология

институтының директоры, профессор

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?