Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ахмет Байтұрсын: Қазақ тілі – ең жетілген, ең үйлесімді тіл

2154
Ахмет Байтұрсын: Қазақ тілі – ең жетілген, ең үйлесімді тіл - e-history.kz
Байтұрсын – қазақтың белгілі мемлекеттік қайраткері, Бакудегі Бірінші түркітану съезіне қатысушының тегін дәл осылай жазған екен

QAZAQSTAN TARIHY порталы ғалымның көзқарастары мен идеялары туралы әңгімелейді

1917 жылы билік басына большевиктер келген соң Шығыс халықтарын ислам мен ислам мәдениетінен алыстату Совет үкіметінің алдына қойған мақсаттарының бірі болды. Осы мақсатта Ресейдің мұсылман халықтары үшін әліпбиді латындандыру жоспары туындады. Латындандыруды бастамалағандардың бірі лингвист Николай Яковлев: «латындандыру үшін күрес – бұл  Советтік Шығыс еңбекшілерінің «мұсылмандық және басқа діншілдердің ортағасырлық обскурантизміне» қарсы советтік ұлттық мәдениет үшін революциялық, таптық күресі», - деп атаған. Латындандыру саясаты әлемдік революциядан кейін барлық социалистік елдер бір әліпбиге, кейін бір тілге көшеді деген дәмемен байланысты болды.

20-шы латындандырылған түрік әліпбиін баспасөзде «Октябрь әліпбиі», «пролетарлық революцияның қаруы» деп атады. Бірде тіпті «Октябрь әліпбиі» деген аэропланды жасау үшін қаражат жинау науқаны да жарияланған екен. Латындандырудың идеологиялық мән-маңызы контексінде латын әліпбиі советтерге қарсы мұсылман діншілдерін қолдайтын араб әліпбиіне қарсы тұратын. Бұл саяси және идеологиялық мақсаттар көбінесе араб әліпбиінің түркі тілдері үшін сәйкессіздігі туралы жалған ғылыми пайымдармен бүркемеленетін. Түркі-мұсылман халықтарын мәдени, әдеби, діни тамырынан аластатуға тырысушылық әліпбиді реформалауды жақтайтындардың мақсаттарының бірі болды. «Әлемдік революцияның» тезисі бойынша латын әліпбиі Батыс пен Шығыс пролетарийлерінің өзара түсіністігін нығайтып, бүкіләлемдік әліпби бола алар еді. Батыс пен Шығыстың тоғысқан жерінде орналасқан Әзірбайжан латындандыру бойынша жобаны жүзеге асырар орын болды.

1922 жылы Жаңа әзірбайжандық әліпби комитеті құрылды. Ал 1923 жылы латын әліпбиі мемлекеттік және міндетті болып жарияланды. Дәл сол жылы латын әліпбиіне Ингушетия, Солтүстік Осетия мен Кабарда да көштілатын графикасына көшу мәселелері бойынша советтік түркі халықтарының съезін шақыру туралы көптеген ғалымдар мен білім беру қызметкерлері айтып жүрді, солардың ішінде лингвист/тілші  Е. Поливанов 1923 жылы бұл туралы «Түрік жазуындағы латын шрифтінің мәселелері» («Проблема латинского шрифта в турецких письменностях») кітабында атап өтеді. Нәтижесінде 1924 жылы Мәскеуде Шығыстану ғылыми қоғамының жанынан Түркі жазуына арналған латын шрифтінің қауымдастығы (АСЛАТ) құрылып, ол халықаралық съезді ұйымдастыруға кірісіп кетеді, негізгі жұмыспен Әзірбайжанды зерделеу қоғамы айналысады.

1926 жылдың 26 ақпанында Бакуде тұңғыш Бүкілодақтық түркітану съезі өз жұмысын бастайды. Съезге советтік түркі халықтарының 131 делегаты, ССРО Ғылым академиясының ғалымдары, Шығыстану ғылыми қауымдастығының ғалымдары, Украин Академиясының ғалымдары, Закавказье шығыстану қауымдастының ғалымдары, Түркия, Венгрия, Австрия, Иран мен Германиядан келген шетелдік делегация да қатысады.

Съезде ССРО-ның түркі халықтарының тілін үйрену, түркі тілдеріндегі терминологияның жай-күйі, әліпбидің құрылымы мәселелері талқыланды. Терминологиямен, әліпбимен және орфографиямен байланысты маңызды сұрақтар қарастырылды. Олар бойынша 40-тан аса баяндамалар жасалынып, қызу талқыланған.

Съезде қаралған мәселелер Қазақстаннан басқа, көптеген ірі түркі республикаларында алдын-ала талданған екен, Қазақстанда бұл мәселе тек Халық ағарту комиссариаты Коллегиясының қарауында ғана болыпты. Қазақстандық делегация өкілі Ахмет Байтұрсын (оның аты-жөні съез материалдарында дәл осылай жазылған – автордан) өз баяндамасында: емле үшін не қажет? деген сұрақ қояды. Біріншіден бұл тіл дыбысының дәл берілуі. Екіншіден бұл үйрену үшін жеңілдік. Емленің әліпбимен байланысы бар ма әлде жоқ па? Әліпби жетілмеген жағдайда ғана емле әліпбимен байланысты болады. Мысалы, орыс тілінде «е», «ю», «я» дыбыстарын беретін белгі жоқ. Мысалы, «дарю» мен «даю» сөздері «ю»-дің мүлдем әртүрлі дыбысталуын көрсетеді. Жетілмеген әліпби, шыныда да, емлеге әсер етеді, ал жетілген әліпбиде әр дыбысқа тиісті, белгілі таңбасы болады да, ол таңба ешқашан өзгермейді. Екінші маңызды сұрақ – қандай қағидат негізге алынуы керек? Этимологиялық, тарихи немесе фонетикалық па? Ахмет Байтұрсын ең дұрыс емле фонетикалық деп санайды. Емле көбіне тіл құрылысына тәуелді болып келеді. Мысалы, орыс тілінде этимологиялық қағидат қолданылады, ендеше бұл бейберекет (хаотический), анархиялық тіл, өйткені бір сөздегі екпін өзгерсе, сол сөз мүлде басқа формаға ауысады. Мысалы, «вада», «воды», екпін өзгеріп еді, бұрын «а» дыбысы тұрған жерде «о» пайда болды. Бұл ең анархиялық, бейберекет (хаотический) тіл.

Ең үйлесімді тілдер – қырғыз бен қазақ тілдері.

Олардағы дыбыстық заңдылық өте қатал, химиялық элемент қандай реакция берсе, сөз соңындағы әр дыбыс дәл сондай реакция береді. Қазақ тілі – ең жетілген, ең үйлесімді тіл. Басқа түркілерде де дәл осындай тіл бар, бірақ дәл этимологиялық принципті негізге алудың ең қажеттілігі жоқ. Одан әрі Ахмет Байтұрсын қазақтардың фонетикалық жазуды қолданғанына көп уақыт өтпесе, ол жақсы нәтиже көрсеткені туралы әңгімелейді. 4 жылдық мектепті бітірген оқушылар орысша 9 жылдықты бітіргендермен бірдей сауатты жазған. Сондықтан да, емлеге үйрету мәселесінде ол фонетикалық жазуды қолдануды ұсынады.

Сауаттылық халыққа қолжетімді болуы үшін ол үйренгенге жеңіл болуы керек, ал фонетикалық жазу тек балаларды ғана емес, ересектерді де оқытуды жеңілдетеді. Ахмет Байтұрсын жазудың тарихи дәстүріне де тоқталады. Кейбір түркі халықтары, әзірбайжандар мен осман түріктері, осы уақытқа дейін жазудың тарихи қағидатын ұстанып келді, арабтардың жазуына көшуді қорлау деп санаған. Бұлай етуге болмайды! Ахмет Байтұрсын қазақтар «қасиетті» жазуды бұрыннан қолданбайтынын атап өтеді. Басқа тілдерден енген сөздер үшін фонетикалық тәсілді қолдануға қатысты қазақтар басқа тілден сөздерді ғылыми қолданыс үшін емес, тұрмыстық қажеттілік үшін алады.

Қазақ тілінде еуропалық сөздер өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, «комиссар» сөзін қазақтар «комюссер» дейді, өйткені қазақтардың артикуляциясы сөздің дәстүрлі құрылысын қабылдамайды. Өйткені түркітанушының пікірінше, түркілер шетел сөздерін айтқан кезде сөздің шығу төркінімен емес, жергілікті сөйлеу мәнерімен және халықтың артикуляциясымен санасуы керек. Профессор Николай Яковлев Байтұрсын жолдастың баяндамасын талдаусыз қалдырмады. Орфография мен әліпби арасында байланыс бар ма әлде жоқ па деген сұраққа, профессор орфография мен әліпби арасында дегенмен де байланыс бар деген пікір білдірді. Мысалы, әліпбидегі таңбалар саны. Яковлев Ахмет Байтұрсынның қырғыз тілінде әліпби жасағанын және жіңішкелік белгісін енгізу арқылы әліпбидегі таңбалар санының азайғанын айтып өтті. Демек, жазу жүйесі мен әліпбидегі таңбалар санының арасында байланыс бар. Ал бұндай байланыс болғаннан кейін бәрінің де әліпби туралы мәселеде кібіртіктейтіні табиғи нәрсе. Яковлев тілдерді «бейберекет» және «үйлесімді» деп бөлген Байтұрсынның позициясымен онша келісіңкіремеді, бірақ шын мәнінде, бұл құбылыс әрине дұрыс көрсетілген еді. Профессордың пікірінше, тілдерді дисфонетикалық және синфонетикалық деп бөлуге болады. Фонетикалық заңдылықтар сақталатын және бұл заңдылық сақталмайтын тілдер бар. Бұның түсінігін тілдер тарихынан іздеу керек, олар, Байтұрсын жолдастың айтуынша, бейберекеттікке (хаотизмге) шалдыққан. Мәдениеттілеу халықтардың тілдері ғасырлар бойы өз бойына көптеген басқа тілдердің сөздерін сіңірген, сондықтан да олардың өздерінің фонетикалық заңдылықтары басқа тілдердің фонетикалық заңдылықтарымен араласып кеткен. Шын мәнінде, ол жерде еш тәртіпсіздік жоқ.

Тілшінің пікірінше, орфографияда фонетикалық сияқты этимологиялық принциптер де қолданылатын болады, бірақ, жазуы енді ғана пайда болып жатқан халықтарда фонетикалық принцип басым болса, жазуы қалыптасқан дәстүрге ие халықтарда – этимологиялық принцип басым болады. Салыстырмалы алғанда дамыған әдебиеті бар тілдер өкілдерінің этимологиялық жазуды қорғауы, ал тілі өз әдебиетін енді ғана қалыптастыра бастаған Байтұрсын жолдастың фонетикалық жазуды қорғауы мүлдем кездейсоқтық емес деп санайды Яковлев. Осылайша профессор халықтарды, өз жазуын енді ғана жасап жатқан, әдеби тілі жоқ және фонетикалық принципті ұстануы керек халықтар және жазу тарихы бар, біршама әдеби диалектика аралық тілі қалыптасқан, этимологиялық принцип басым болатын халықтарға бөледі.

Түркітану съезінің нәтижесі бойынша түркі тілдерінің латын әліпбиіне көшу саласындағы жұмыстардың негізін қалаушы принциптер қабылданды.

1929 жылдың 7 тамызында ССРО ОАК Президиумы мен ССРО ХКК «Совет Одағының араб жазулы халықтардың жаңа латындандырылған әліпбиі туралы» Қаулы қабылдайды. Осы сәттен бастап жаңа латындандырылған әліпби енгізіледі. Бірыңғай түркі әліпбиі 1940 жылға дейін ресми қолданып, кейін кириллицаға алмастырылады. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарға дейін латын әліпбиі қолданылды.

90 жыл өткен соң Қазақстан бұл сұраққа қайта оралды. Ахмет Байтұрсынның теңдессіз тәжірибесі қазіргі тілді жаңғыртуды жүзеге асыру үшін өте маңызды екендігі сөзсіз.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?