Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ХІХ ғ. Қазақстанның аграрлық дамуы ресейлік зерттеушілердің еңбектерінде

5009
ХІХ ғ. Қазақстанның аграрлық дамуы ресейлік зерттеушілердің еңбектерінде - e-history.kz
Қазақстанның аграрлық дамуының мәселелері ХІХ ғ. ресейлік авторлардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған

Қазақстанның аграрлық дамуының мәселелері ХІХ ғ. ресейлік авторлардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Көбіне, мқндай зерттеу жұмыстары отаршылдық пиғылдағы ресейлік әкімшіліктің қажеттікліктерінен туындап, қазақ жерін тиімді пайдалануды көздеді. Қазақстандағы аграрлық мәселелері М.Красовскийдің, И.Завалишиннің еңбектерінде, сондай ақ көптеген ұжымдық жинақтар мен статистикалық мәліметтерде орын алған.

Қазақстанның көптеген территорияларында осы ХVI — ХVII ғғ. жер өңдеудің дамуы нашар болды, мұнымен көбіне кедейленген қазақтар айналысты. Мұндай кедейленген шаруашылықтар қайтадан көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылыққа қайтып келіп отырған. Жайлым қыстаудың маңында орналасты. Ең бай деген малшылар жазғы жайлауға кетерде, өздерінің жерлерін осы кедей топтағы адамдарға күзетуге тастап кеткен. Олар арпа, сұлы, тары өсірді, ал оңтүстікте жүгері екті.

Жер өңдеудегі құралдар біртекті болды. Бұған — кетпен, ағаш соқасы пайдаланылды. Қолмен екті, жылқыны жегіп жерді жыртқан. Өнімді шұңқырда сақтап, үстін мықтап жапқан. Суару үшін арпа қолданды — су көтеруде пайдаланды, ол ағаштан жасалды. Қалақшамен суды көтеріп оны жер телімінің маңайына қарай құйған. Суару үшін тағы да шығырды қолданды — бұл аса су көтергіш құрал болатын.

Қазақтардың Ресей империясындағы басқа да бодан сібір халықтарынан жоғары тұратындығын орыс зерттеушілері ХІХ ғ. өзінде ерекше айтып өткен болатын [1, 92 б.]. Олар, қазақтардың мұндай дамуының ілгерілеушілігін исламның және орыстармен қарым—қатынасының әсерінен деп түсінеді.

ХІХ ғасырдың 70—ші жылдарына дейін казактардың өңірдің жалғыз жер өңдеушілері болып келді: қазақтар ешқандай дән себу жүргізбеді, ал қазіргі кездегі жер өңдеушілік топтың негізін құрайтын крестьяндар, ол уақытта өңірде мүлде болған жоқ [2, 227 б.].

Жер шаруашылығы орыс крестьяндары мен Сібір казактарының негізгі шаруашылығы болып табылады. Ал қырғыз даласында бұл шаруашылық бірінші жоспарда тұрған жоқ. Қырғыз көшпелері болса мал шаруашылығы және орыстар сияқты жылына 200 мың тонна егін жинайды. Ал қазақтар 650 мың тонна жинайды. Ал жиналатын егіннің 70% бидай, 20% сұлы, ал қалғанын картоп және арпа құрайды. Қолайлы жерлерде суару тәсілі қолданылады.

Патша үкіметінің қазақ даласында жүргізген отаршылдық—тонаушылдық саясатының жайылымдық, шабындық жерлерінен айрылып, үйреншікті тұрмыс салтынан бас тартып, отырықшылыққа ден қойып егіншілікпен айналыса бастады. Қазақ шаруалары XIX ғасырдың аяғына шейін егіншілік жұмыстарында өте қарапайым еңбек құралдарын пайдаланды. XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басына қарай қазақ шаруалары, әсіресе дәулетті адамдар, күрделірек жер өндіргіш еңбек құралдарын пайдалана бастады. Қазақ байларының қолдарында шөп шабатын сенокосилка және басқа ауыл шаруашылық мәшинелері болды [3, 87 б.].

Сапасы төмен ағаш соқалардың орнына темірден істелінген плуггардың, тырмалардың шөп оратын, дән бастыратын машиналардың келуі қазақ шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыра түсті.

Алайда жекелеген шаруашылықтардың еңбек өнімділігі артқанмен, көпшілік шаруаларының егіншілікпен шұғылдануы қиын жағдайда еді. Ауыр жағдайға қарамастан, XIX ғасырдың соңында отырықшылыққа көшіп, жер шаруашылығымен айналысқан қазақ шаруаларының саны көбейе түсті. Ақмола облысында 1860 жылы тек 175 қазақ шаруашылығы егіншілікпен айналысқан болса, ал 1896–1901 жылдары 42 582 десятина жері бар 20 949 қазақ шаруашылығы жер шаруашылығымен шұғылданды [4, 99 б.].

Ақмола облысында 1896–1901 жылдары шаруашылықтың 34%—де егіншілік жұмыстары жүргізілсе, ол көрсеткіш 1907–1909 жылдары 41%—ке жетіп, егістік жердің көлемі 51 716 десятинаға жетті [3, 70 б.].

Орталық Қазақстанда Атбасар, Ақмола уездерінің оңтүстік жағында Нұра өзені мен Ұлытау өңіріндегі Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Терісаққан, Жезді деп аталатын өзен салаларының бойында, Шу өзені аңғары мен Ұлытау, Арғанаты, Желдіадыр тауларының ойпаң жерлерінде суармалы егіншілік дамыды.

Ұлытау және Торғай өңірлеріндегі Шет—Ырғыз, Ұлы Ырғыз, Торғай, Қараторғай, Сарыторғай, Ұлы Жыланшық өзендерінің бойында да суармалы егіншілер өрістеп, бұл жерлерде егін өсірушілер түгел дерлік қазақтар болды [4, 87–107 бб.].

Қазақ даласында жер шаруашылығының одан әрі дамуы еңбек құралдарын да бұрынғыдан күрделі түрлерін ауыл шаруашылық жұмыстарында пайдалануда қажет ете бастады. Дала генерал—губернаторы 1884 жылғы жазған есебінде: «қазақтардың осы уақытқа дейін жерді өңдегенде ұшында темірден істелінген қалақшасы бар алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіне тән ағаш соқамен өндейтіндігі туралы айта келіп, мұндай құралмен өңделген жер терең жыртылмай, сепкен астықтың дәні әр түрлі құстардың жеміне айналып кететіндігі» туралы жазған [3, 7–8 бб.].

Ақмола облысындағы өндіруші кәсіп оның халқының отырықшы (34%) және көшпелі (66%) болып бөлінуін анықтайды. Біріншілерінің басты ісі жер өңдеушілік болса, екіншілері үшін мал шаруашылығы болып келеді, бірақ та көшпелілер үшін де жер өңдеудің бірте—бірте маңыздылығы арта түседі [3, 4 б.].

Осы ғасырдың басында қазақтарды жер өңдеушілікке тарту туралы сұрақ көтерілген болатын, тіпті Орынбор өлкесінде 1808 жылы осы мәселеге 10 мың рубль бөлінген еді. Отырықшы тұрмысқа көшкісі келген қазақтарға сібір крестьяндарының қоныстарына, негізінен мұсылмандардың арасына қоныстануға рұқсат беріліп, он жылға алым—салықтан және түрлі қызметтен босатылды. Бұл шаралар белгілі бір әсерін бермеді және қазақтар ұзақ уақыт бойы жер өңдеушілікті нығайту әрекеттеріне жаулықпен қарады. 1829 жылы Петербургке Патша ағзамға таныстырылуға жіберілген қазақ депутациясы дала өңірлерінде жер өңдеушілікті таратпауды сұрайды. Барлық марапаттауларға қарамастан, жер өңдеушілік көшпелілер арасында дала өңірінде орыс крестьяндарының отаршылдық қозғалысы күшейген 80—ші жылдарға дейін өте қиын таралды. Ресей әкімшілігі қазақ арасында жер өңдеуді дамытуға күш салды. Ол үшін әр түрлі айла—амалдар қолданылғаны анық болып отыр. Жер өңдеушіліктегі жетістіктері үшін қазақтарға сый—сыяпаттар да берілді. Мысалы, сұлтан Досан Ханбабин 1833 ж. Көкпекті маңында жер өңдегені үшін топазды сақинаны алады.

Казактардың тұқым себуінің пайызының төмендеуі және крестьяндарда өсуі негізінен біріншілерінің саны табиғи өсім арқылы көбейсе, ал крестьяндардың саны облыста 80—ші жылдары аз ғана болса, енді жыл сайын иммиграцияның нәтижесінде өсіп келе жатыр. Қазақтардың тұқым себуі туралы басқаша қорытынды жасауға тура келеді. Көшпелілердің тұқым себу пайызының өсуі, олардың табиғи өсімінің жағдайы төмен екендігін ескергенде, тек халықтың осы тобының өсімінің нәтижесінде абсолютті ғана емес, халықтың басқа топтарымен салыстырғанда да тұқым себуі өсіп келе жатқанын байқауға болады. Бұл қорытынды басқа да мәліметтермен дәлелденіп отыр, оны төменде көруге болады.

Тұқым себу, яғни жыртылатын жер көлемі отырықшы халықта екі есеге көбейген, ал көшпелілерде 14 есе ұлғайған [3, 7–8 бб.].

Қазақтар арасында жер өңдеушілікті дамыту үшін орыс әкімшілігі бірқатар іс—шараларды жүзеге асыруға тырысты: тұқым және ауыл шаруашылық құралдарын тарату, арнайы жер телімдерін беру тәрізді іс—әрекеттерге барды. Жер өңдеушілік шынында да уақыт өте келе дами бастады және қазіргі кезге дейін өсіп келеді. Халықтың өсуі, әсіресе крестьяндардың және осымен байланысты кеңістіктің тарылуы, мал шаруашылығының түрлерінің жаратылыстық дамуы (интенсивті мал шаруашылыққа көшу) — мұның барлығы жер өңдеушіліктің дамуына әсер етіп отыр. Малға деген күшті сұраныс көшпелілердің тұрақты элементтерін ақша қатынастарына ауысуына, ал әлсіздерін (экономикалық тұрғыдан) жер өңдеушілікпен айналысуға мәжбүрлеп отыр [2, 228 б.].

ХІХ ғасырдың соңына қарай қазақтар арасында жер өңдеумен айналысу дамып келе жатқаны байқалады. Бұл үрдіс кейбір жерлерде орыс—казактар мен крестьяндардан асып түсіп жатты. Мәселен, 1880 жылы Ақмола облысы қазақтары 796 ширек егін сепсе, 1885 ж. — 3 359 ширек, 1890 г. — 12 212 ширек, 1900 ж. — 22 мың ширек егін егеді [2, 229 б.].

Ресей заңы бойынша егінші—қазақтар қандай жағдайда болмасын тең үлесте болуға тиіс еді. Бірақ іс жүзінде жатақтық шаруашылықтар кішігірім бөлікке ғана ие болды. Соның бір айғағы Ақмола облысында бұлардың шаруашылығында 0,9 десятина жердің болғандығы. Ал ірі шаруашылықтар 15 десятина және одан да жоғары үлестер көлемін иемденіп, жатақтар мен орыс қоныс аударушыларын қызметке алып жұмысқа салған.

XIX ғасырдың соңында жер игеру көптеген тұрғындарды қамтып, кей жерлерде қазақ шаруашылығының өзіндік саласына айналды. Сол кезеңде көшпелінің өз қалпында қалуына дәстүрлер, әдеттер ықпал етсе, өзгеріске ұшыраған экономикалық жағдайларда болмай қоймайтын қажеттілік туындап, оған бағынуға тура келді.

Шөп шабу, жер игеруге ұмтылып рыноктың талаптарына бағынуға тура келді. Оған күштеп отырықшыландару саясаты да өз әсерін тигізді.

Қазақтардың көпшілігі кәсіпшіліктермен шұғылдана бастады, мысалы XIX ғасырдың соңында шаруашылықтың негізгі түрі ретінде кәсіпшілікпен шұғылданғандар Көкшетау уезінде 38,0% болса, Атбасар уезінде — 15,2% болған.

Атбасар уезіндегі жер өңдеушілік ұзақ уақыттан бері келе жатыр және осында Орта Азиядан әкелінген болуы керек. Бұған қазіргі уақыттағы арықтық жер танаптарының болуы және уездегі жерді суармайтын және тастап кеткен танаптар дәлел бола алады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Завалишин И. И. Описание Западной Сибири. — М.: в типографии Грачева и комп., 1862. — 415 с.
2. Россия. Полное географическое описание нашего отечества. Киргизский край. Санкт —Петербург: Издание А.Ф.Девриена, 1903. Т.18. — 480 с.
3. Коншин Н. Краткий статистический очерк промышленности и торговли в Акмолинской области за 1880–1894 гг. — Омск: Изд. Акм. Об. Стат. Комитета, 1896. — 45 с.
4. Красовский М. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами Генерального штаба. Область Сибирских киргизов. — СПб., 1868. ч.2. — 482 с.

Ерикова М.Е., магистрант, ғылыми жетекші: Жұмабеков Ж.А., т.ғ.к., доцент, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. azmukhan@mail.ru


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?