Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

XVI ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қарым-қатынастары

8406
XVI ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қарым-қатынастары - e-history.kz
XVI ғасырда бір орталыққа біріккен Ресей мемлекеті нығая бастады. Сол себепті, Ресей өзінің шығыс аудандарымен шектес орналасқан халықтарды жаулап алу саясатын тегеуірінді турде журпзе бастады.

 Қазақ-орыс қатынастарының тарихи та­мыры тереңнен бастау алатын. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар Қазан хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556) және Еділ бойындағы халықтарды Ресей империясы өзіне қаратып алғаннан кейін тереңдей бастады. Орыс мемлекеті Орта Азияға қазақ жері арқылы өтетін дәстүрлі сауда жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Қазақ хандығымен экономикалық байланыстар орнатуға мүдделілік танытты. Қазақ хандығы өз кезегінде Орта Азия хандыктары мен жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен одақтасуды көздеді. Екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуда елшілік алмасулар маңызды рөл атқарды. 1573 жылы Қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілген еді. Бірақ олар Сібір татарлары қолынан қаза тапқандықтан, бұл елшілік Қазақ хандығына жете алмады.

IV Иван Грозный ағайынды саудагер Строгановтарға 1574 жылдың 30 мамырында Тобылға бекініс салуға және Қазақстан мен Орта Азия халықта-рымен «салықсыз» сауда жасауға рұқсат грамотасын береді. Бұл сауда бай-ланыстарының жандануына септігін тигізді.

1594 және 1595 жылдары Мәскеуге Тәуекел хан Құл-Мұхаммед басқарған қазақ елшілігін жібергені белгілі.

XVI ғасырда бір орталыққа біріккен Ресей мемлекеті нығая бастады. Сол себепті, Ресей өзінің шығыс аудандарымен шектес орналасқан халықтарды жаулап алу саясатын тегеуірінді турде жургізе бастады. Сібір мен Қазақ жерлерін қосып алудағы Ресей империясының мақсаты шикізат көздері мен ба-ғалы аң терілеріне бай аймақтарды иелену және мемлекеттің шығыстағы шекараларының қауіпсіздігін нығайту саясаты болатын.

Ресейдің Батыс Сібірге басып кіруі мен оны өзінің құрамына енпгіудің бас-тамасы 1581 жылы Сібір хандығының астанасы Искерді алған Ермак жорық-тарымен байланысты болды. Сібірдегі Көшім хандығының талқандалуы орыс мемлекетінің Сібірге және онымен шектес аудандарға жылжуына ыңғайлы аймақ құру бағытындағы алғашқы қадам жасауына жағдай жасады.

Жаңа жерлерді жаулап алуда шығыс өлкелерге, соның ішінде Қазақ жері-мен шекаралас аудандарға әскери бекіністер орнатуға ерекше көңіл бөлінді. Бекініс қамалдар маңына поселкалар мен деревнялар тұрғызыла бастады. Батыс Сібір аумағындағы алғашқы орыс қаласы Қазақ хандығының шекара-сына жақын Ертістің құяр саласындағы Обьтың оң жағалауына 1585 жылы салынған Обь қалашығы еді. Кейін Тұмен (1586 ж.), Тобольск (1587 ж.), Тара бекіністері (1594 ж.) пайда болды. 1604 жылы орыстар Том жағасына Томск бекінісін салды. XVII ғасырдың басында Қазақ хандығының батыстағы шека-ралық аймақтарында орыс қоныстары орын тепті. 1620 жылы Жайық бекінісі, 1640 жылы Гурьев бекінісі бой көтерді. XVIII ғасырдыңбасы Ресей үшш I Петрдің реформаларымен, Швециямен Балтық теңізі үшін, Түркиямен Қара теңіз үшін

жүргізілген соғыстармен және Сібірді жаулап алу, Шығыс елдерімен байла-ныс орнату сияқты тарихи оқиғалармен ерекшеленді. I Петрдің сыртқы сая-сатында Ресейді шығыс елдерімен жалғастырушы Қазақ жерлеріне ерекше көңіл бөлінді. Үндістан мен Қытайға шығар жол іздеген I Петр тұсында Қазақ жеріне орнығуға бағытында белсенді әрекеттер жасалды. Бұл бағытта Сібір губернаторы князь М.Гагарин Ресей үкіметіне Ертістен Жаркентке дейін күшейтілген бекіністер жүйесін құру жобасын ұсынды. Оның жобасында бұл жерлер алтынның қорына ете бай екені атап керсетіледі. 1715 жылы То-былдан Ертіс бойымен үш мың адамнан тұратын подполковник И. Бухгольц бастаған әскери экспедиция жіберіліп, олар Жәміш және Омск (1716) бекін-істерін салады. 1717 жылы қамал құрылыстарын жалғастыру үшін Жәміш көлінен Ертістің бойымен жоғары қарай П. Северский мен В. Чередов отряд-тары жіберілген. П. Северский Железинск бекінісін, ал В. Чередов Колба-синск бекінісін салдырды. Сондай-ақ 1718 жылы В.Чередов Ертістің оңжаға-лауынан кейін Семипалатинск атауын алған қамалға арнап орын дайын-дайды. Ямышевск пен Семипалатинск бекіністері 1717-1718 жылдары под-полковник П. Ступин экспедициясы кезінде айтарлықтай күшейтіледі. Одан кейін жіберілген майор И.Лихаревтің экспедициясы Усть-Каменогорск және Коряков бекіністерін (1720 ж.) тұрғызады. Бұл әскери-қорғаныс бекеттері жоғары Ертіс желісін құрады.

I Петрдің Қазақ жерін Ресейдің құрамына қосу жөнінде айтқан саяси ұста-нымы туралы тілмәш А. Тевкелевтің жазбаларынан белгілі. Ол 1722 жылы парсы жорығынан келген бойда: «Үлкен, тіпті миллионға дейінгі шығындар-ға қарамай Ресей протекциясына кіргізу керек» өйткені «қырғыз-қазақ орда-сы - бүкіл азиялық елдерге шығатын ұлт пен қақпа» деген [22. 87-6.].

I Петрдің тұсында Сібір, Ертіс, Колыванск әскери желілерінің іргесі қалан-ды. Бұл әскөри желілерде тұрғызылған бекіністердің стратегиялық тұрғыда маңызы өте зор болды. Бекініс қамалдарда кез келген әскери шабуылдарға қарсы тұра алатын, жақсы дайындықтан еткен әрі қару-жарағы күшті казак гарнизондары орналастырылды. Кейін бүл бекіністер Қазақ жерін отарлау-дың басты ошағына айналды.

Қазақтардың 1728, 1730 жылдардағы жеңістері Жоңғар хандығы тарапы-нан қауіпті азайтқанмен, Қазақ хандығындағы жағдай тұтастай алғанда шие-леністі қалпында қала берді. Оның үстіне хандықтағы саяси дағдарыс те-реңдеп кетті. Өйткені Кіші жүзде Әбілқайыр хан, Орта жүзде Сәмеке хан (Шахмұхаммед), ¥лы жүзде Жолбарыс хан жеке-дара билік жүргізіп, қазақ жүздері бірте-бірте оқшаулана бастады.

Жоңғарлармен соғыс әбден қажытқан, әлі де алда талай жойқын соғыстар қаупі күтіп тұрған осындай жағдайда, қазақ халқының ауыр жағдайын пайдаланған башқұрттар, еділ қалмақтары, ортаазиялық хандықтар, сібір казактары да қазақтарға қысымын күшейте түсті. Осындай күрделі тарихи кезеңде әрі тығырыққа тірелген елдің тағдырын шешудің кезі келген шақта Кіші жүз ханы Әбілқайыр мықты держава Ресей протекторатын қабылдау туралы шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының тарихи тағдырындағы түбе-гейлі өзгерістің бастамасы болған еді.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?