Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚР Президент Жолдауы. З. Қабылдинов — сараптамалық пікір

1501
ҚР Президент Жолдауы. З. Қабылдинов — сараптамалық пікір - e-history.kz
«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә. Назарбаев ел халқына кезекті «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауын жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға шақырды.

d25d2b85007f09beaa3c2740ceb4b463.jpg

Зиябек Қабылдинов, т.ғ.д., профессор

Халық үшін маңызды құжат дүниеге келді.

Жуықта еліміздің халқы үшін маңызды құжат дүниеге келді. Қазір барлық адамды «Елбасы Жолдауы неге ерте шықты» деген сұрақ мазалап жүр? Себебі қазіргі күні әлемдік экономикалық дағдарыс күшейіп, мұнай бағасы жаймендеп төмен түсуі бек мүмкін. Шығыс Европадағы саяси шиеленістер мен санкциялар да бұл дағдарысқа өз үлестерін айтарлықтай қосып отыр.

Бюджеттің соған сай өзгеріп, экономика мен әлеуметтік салаға жаңа көмек пен қаржы қажет болғандықтан Елбасы «Нұрлы жол» деп аталатын Жолдауды жариялап отыр.

Жолдаудың басты бағыты — экономикаға негізделуде, оның ішінде, күре жолдарға баса мән беріліп, жолдардың инфрақұрылымы жөнделмек. Демек елімізде жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қоса бұл жолдар арқылы Астанадан еліміздің түкпір-түкпіріне жол тарту жеңілдейді. Күре жол ел экономикасының қан тамыры емес пе?

Екіншіден, темір жолдар мен әуе жолдары да назардан тыс қалмай, олар да жөнделмек.

Есімізде бар шығар, осыдан бірнеше жыл бұрын «біз экономикамызды күшейтейік, дағдарыстарға дайындалайық" деп, ұлттық қор жасалды. Біраз адам «неге мұнай мен газдан түскен, ақшаны жинай береміз, халыққа неге таратып бермеске?», — деген болатын. Сол кезде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Оған тиісуге болмайды. Қиын кезде пайдаланамыз» деген еді. Сол күндер енді келді деп ойлаймын.

Келесі жылдан бастап ұлттық қордан үш миллиардтан астам қаржы экономика мен әлеумет саласына бөлініп отырса, біздің экономикамыз осы қалыптасқан деңгейінде сақталып қалады деген пікірдемін. Соған біз бек сенімдіміз.

Ендігі жылдан бастап, Елбасы министрлер мен әкімдерге әрбір тиын бос кетпесін деген жаңа талап қойды. Енді сол талаптар орындалады деген ойдамыз.

Енді осындай жағдай мен талаптардың жасалуына жеке өз басым дән ризамын, өйткені қаншама миллиард теңге ел игілігіне бөлінгелі отыр.

Экономикалық пен әлеуметтік бағыттардан басқа қозғайтын маңызды жәйт — ол ұлтаралық татулық. Елбасы өзінің қандай болмаса баяндамасында, ғылыми монографиясында, кітаптарында халық алдында сөйлегенде, татулықты айтып, елді бірлікке шақырып отырады. Дана халқымыз «бірлік болмай, тірлік болмас» дейді.

Бірлігіміз жарасып, еліміздің әрбір азаматы елі мен отбасы үшін, жан аямай жұмыс істеу керек деген ойдамын.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?