Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Тарихшы Әділгереев Халел Мұхамеджанұлының туылған күні

Ташкентте «Түркістан уалаятының газеті» алғаш рет қазақ тілінде жарыққа шыға бастады

- = -

Республикалық «Ұлан» гвардиясының құрылған күні

26357
Республикалық «Ұлан» гвардиясының құрылған күні - e-history.kz
1992 жылдың 16 наурызында ҚР Президентінің Жарлығымен Алматы облысында Қазақстан Республикасының Республикалық «Ұлан» гвардиясы құрылды.
Бүгінгі таңда Республикалық ұлан ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнаулы мемлекеттік орган. «Ұланға» Республиканың мемлекеттік билік және басқармалардың жоғарғы органдарын, Президенттің, Парламент пен Үкімет басшыларының көлік құралдарын ел аумағында және сырт жерлерде күзету, ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету, шетел мемлекеттері басшыларын күтіп алу, шығарып салу кезінде, ҚР мейрамдары мен салтанаттарында жоралғылық рәсімдерді орындау, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін құқық тәртібін бұзушыларды тоқтату, ҚР аумағындағы конституцияға қарсы сипаттағы қарулы және басқа да әрекеттерді тоқтату, ҚР заңдарында көзделген тәртіпте төтенше жағдай режімі кезінде іс-шаралар жүзеге асыру міндеттелген. Сонымен қатар, гвардия Елбасы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін аса маңызды нысандарды, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді.