Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

81 жыл бұрын (1934-1986) қазақ жазушысы, белгілі сатирик Әубәкіров Оспанхан дүниеге келді.

76 жыл бұрын Қазақстан композиторлар одағы құрылды

- = -

22 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бірінші халықаралық әуе сапары орындалды

26352
22 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бірінші халықаралық әуе сапары орындалды - e-history.kz
1993 жылдың 13 наурызы күні тәуелсіз ел тарихында бірінші халықаралық Алматы-Шарджа әуе сапары орындалды.
22 жыл бұрын жеке меншік «Азамат» әуе компаниясының халықаралық ұшуларға дайындалған экипажының орындауындағы Алматы-Шарджа әуе сапары орындалды. Әуе кемесінің командирі 1-ші сыныпты инженер-ұшқыш Борис Бацикадзе болған еді. Ұшу 10 600 метр биіктікте тыныш өтіп, ұшақта 90 жолаушы болды. Оның ішінде 8 адам — БАӘ елшілік қызметкерлері мен бизнесмендер болды. Арада 4,5 сағат өткенде ұшақ кесте бойынша Шарджа әуежайына келіп қонды.