Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Тарих ғылымының докторы, профессор Тілеуқажы Шойынбаевтың туылған күні

- = -

Шығыс Қазақстан облысының құрылуы

26337
Шығыс Қазақстан облысының құрылуы - e-history.kz
Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылды. 1997 жылы өңір аумағына бұрынғы Семей облысы қосылды. Ертіс пен Үлбі өзендерінің қиылысында орналасқан Өскемен қаласы (1720 жылы негізі қаланған) әкімшілік орталық болып табылады. Өскемен қаласы Астана қаласынан 1038 км және Алматы қаласынан 1068 км қашықтықта жатыр. Облыста 10 қала, 15 селолық аудан, 254 селолық және ауылдық округ, 872 кент және ауыл бар. Облыс халқы (2011 жылғы 1 қаңтарға) 1396,7 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы орта есеппен 1 шаршы километрге 4,9 адамды құрайды. Облыс халқының этникалық құрамы: қазақтар - 54,5 %, орыстар - 40,5 %, басқа ұлттар – 5,0 %. Облыстың жалпы аумағы 283,3 мың шаршы километрді алады. Бұл Қазақстан аумағының 10,2 пайызы. Облыс Қазақстан Республикасының Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарымен, Ресей Федерациясының Алтай өлкесі және Алтай Республикасымен, Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан – бірегей табиғи әлемі, елеулі өнеркәсіп әлеуеті, тармақталған әлеуметтік инфрақұрылымы мен қуатты аграрлық секторы бар экономикалық тұрғыдан ауқатты, қарқынды дамып келе жатқан өңір.