Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

2007 жылы Павлодарда драматург Аманжол Шамкеновқа арналған мемориал тақтасы ашылды

2005 жылы Алматы қаласында Әбілхан Қастеев атындағы музейде контемпорари арт жаңа залы ашылды.

- = -

1919 жылы Қазақстан партизандары Қостанай қаласын батыл шабуылмен жаулап алды

25939
1919 жылы 5 сәуірде Қазақстан партизандары Қостанай қаласын батыл шабуылмен жаулап алды
Қазақстан 1918-1920 жж. шетелдік басқыншылық және азаматтық соғыс жылдарында. Ақгвардия Сібір үкіметін ресми түрде таныған Алаш Орда үкіметі атаман Дутовпен бірге совет өкіметіне қарсы шықты. Тамыз айында Иран және Каспий сырты облысына ағылшын әскерлері келді. Интервенттер мен ақ гвардияшылардан Орта Азия және Қазақстанды жаулап алу қаупі пайда болды. Жангельдин экспедициясы Еділ бойымен Астраханға түсіп, Каспий теңізінен өтіп, Бузачи жартылай аралында тоқтап, Шалқар станциясына келіп, Ақтөбе майданының басшылығына қару мен оқ-дәрілерін тапсырды. Азаматтық соғыста 8 млн. адам қаза тапты. Аннеков басқарған ақ офицерлер тобы Ушановты дымқыл киіз төсенішке орап, отын қоймасына әкеліп, кеменің жалынды оттығына тастады. Анненков әсіресе Солтүстік Жетісуда зәрін шашты. Ақмола астыртының ұйымдастырушылары – Майкөтов пен Жангелдин. Қаһарман Черкаск қорғанысы Жетісу түкпірінде Колчактардың шабуылдарын тоқтатты. 1919 ж. 5 сәуірде партизандар Қостанайды батыл шабуылмен жаулап алды. Қазақстанда Колчак әскерлерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік тобына жүктелді. Түркістан майданының бірінші және төртінші әскері Орал және Орынбор облысын ақгвардияшылардан босатты. Лебищенскідегі шайқаста Чапаев және халықаралық бригадасы басшыларының бірі Садық Уәлиев қаза тапты. 1920 ж. 5 қаңтарда Түркістан майданы әскерлерінің жарты бөлігі Гурьевті алды. Орал майданы 1920 ж. жойылды. 1920 ж. наурыз айының соңында Семей облысының солтүстік бөлігі ақгвардияшылардан босатылды, осыған байланысты Жетісу майданы да жойылды.