Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

2007 жылы Павлодарда драматург Аманжол Шамкеновқа арналған мемориал тақтасы ашылды

2005 жылы Алматы қаласында Әбілхан Қастеев атындағы музейде контемпорари арт жаңа залы ашылды.

- = -

Көші-қон полициясы күні

25940
1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында болған өзгерістерге байланысты уақыт талабына сәйкес төлқұжаттық-визалық қызмет қайта құрылды. Соның негізінде көші-қон полициясы құрылды
1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында болған өзгерістерге байланысты уақыт талабына сәйкес төлқұжаттық-визалық қызмет қайта құрылды. Соның негізінде көші-қон полициясы құрылды. Қызмет құрылымы, міндеттері өзгерді. Қазақстанға келетін шетел азаматтары санының өсуіне байланысты олардың болу тәртібін реттеу қажеттілігі туындады. Президент Жарлығы бойынша тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударушыларға айрықша көңіл бөлінді. Заңсыз көші-қонмен, Қазақстанға шетел азаматтарының келу фактілерінің бұзылуымен күресу үшін 2002 жылдың сәуір айында «Рубеж» бірыңғай бөгеу жүйесі взводы құрылды.