Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды.

Қазақстандықтар Отан қорғаушылар Күнін атап өтеді

- = -

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылды

26284
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылды - e-history.kz

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) – аумағы бойынша бірінші, экономикалық және әскери күш-қуаты бойынша екінші және халық саны бойынша үшінші әлемнің бұрынғы ірі мемлекеті. КСРО шығыс бөлігінің жартысын және Азия солтүстігінің үштен бір бөлігін алды. 1922 жылдың 30 желтоқсанында КСРО Кеңесінің I Съездімен КСР Одағын құру туралы декларация бекітілді. Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы, Украина және Белоруссия кеңестік социалистік республикаларымен және Закавказье Социалистік Федеративті Кеңес Республикаларымен біріккен бұл күн, КСРО құрылған күні болып есептелінеді. Бұл Республикалар 1917 жылғы Қазан төңкерісінен және Ресей империясы ыдырағаннан кейін пайда болды. Бастапқыда КСРО құрамына тек ғана осы төрт кеңестік республикалар кірді, ал кейінгі жылдары КСРО құрамына басқа да республикалар құрылып және құрамына енді. 1951 жылдан 1991 жылдар аралығында КСРО құрамына 15 кеңестік республика кірді: Ресей КФСР, Украина КСР, Белорусь КСР, Өзбек КСР, Қазақ КСР, Грузия КСР, Әзірбайжан КСР, Литва КСР, Молдова КСР, Латвия КСР, Қырғыз КСР, Тәжік КСР, Армения КСР, Түрікмен КСР және Эстония КСР. 1991 жылдың қыркүйегінде Литва, Латвия және Эстония кеңестен шықты. 1991 жылдың 8 желтоқсанында РКФСР, Украина және Белоруссия басшыларының Беловеж орманындағы кездесуінде КСРО тарататындықтарын жариялап, КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты, және Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын (ТМД) - жаңа ассоциациясын құратындықтары жөнінде келісті. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республиканың басшылары осы достастықты құру туралы хаттамаға қол қойды. 25 желтоқсанда КСРО-ның соңғы президенті Михаил Горбачев отставкаға кетіп, келесі күні КСРО таратылды. Дерекнама: http://www.calend.ru/event/4837/