Бұл күн тарихта

55 жыл бұрын Теміртау қаласында жұмысшылардың тоталитарлық тәріпке қарсы бас көтеруі басталды.

84 жыл бұрын композитор, КСРО халық әртісі, профессор Рахмадиев Еркеғали дүниеге келді.

«Абылай ханның резиденциясы» музей комплексі ашылды

121 жыл бұрын музыка аспабын жасаушы шебер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, тұңғыш органолог Қасымов Қамар дүниеге келді.

- = -

121 жыл бұрын музыка аспабын жасаушы шебер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, тұңғыш органолог Қасымов Қамар дүниеге келді.

Материалға сурет: 121 жыл бұрын музыка аспабын жасаушы шебер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, тұңғыш органолог Қасымов Қамар дүниеге келді.
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. 1966 жылы қайтыс болған.
20 ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы мәдени бетбұрыстардың бел ортасында болып, көне қыл қобызды, сал-серілердің тоғыз пернелі қара домбырасын, аңшылық пен саяткерліктің аясында ғана қолданылып келген дауылпаз бен шыңдауылды, бақташылардың сыбызғысын классикалық аспап дәрежесіне дейін жетілдіріп, оркестрлік шығармаларға лайықтап жасаған. Қасымов жасаған ұлттық аспаптар әр түрлі деңгейде өткен халықаралық көрмелерге қойылған. Республикамызда алғаш ашылған музыкалық аспап жасау шеберханаларының ісін жолға қойып, Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрі мен Жамбыл атындағы Қазақ филармонияның және Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваторияның музыканттарын оркестрлік үлгіде жасалған музыкалық аспаптармен қамтамасыз еткен. Қасымов жасаған музыкалық аспаптар Мәскеу, Санкт-Петербор, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларда сақтаулы. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен және Моңғолия үкіметінің ең жоғарғы «Алтын гадс» орденімен марапатталған.