«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Оқиғалар күнтізбесі

24 Мамыр
1933 1933 жылы «Қазақтың көркем әдебиеті» баспасы құрылды
1924 1924 жылы Даңқ орденінің толық иегері, ҰОС соғысының ардагері Тастандиев Тайыр Бүркітбайұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. 1942 жылы тамызда әскер қатарына алынған. Ол 1-ші және 2-ші Балтық бойы, 4-ші Украин майданының құрамында елді неміс басқыншыларынан азат ету ұрыстарына қатысқан.

24 Мамыр 1933

1933 жылы «Қазақтың көркем әдебиеті» баспасы құрылды

1933 жылы «Қазақтың көркем әдебиеті» баспасы құрылды. 1964 жылы атауы «Жазушы» болып өзгерді.

24 Мамыр 1924

1924 жылы Даңқ орденінің толық иегері, ҰОС соғысының ардагері Тастандиев Тайыр Бүркітбайұлы дүниеге келді.

Донецк қаласының жанындағы кескілескен ұрыста өзінің бөлімшесімен жаудың күшті бекінісін алып, аса жауапты жауынгерлік тапсырманы орындағаны үшін 3-ші дәрежелі, жау ДЗОТ-ын гранатамен жарғаны үшін 2-ші дәрежелі, Днепр жағалауындағы кескілескен ұрыста көрсеткен ерлігі үшін 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Т.Тастандиевтің майдандағы ерлігі орыс жазушысы К.Симоновтың «Шел солдат» деректі фильмінде біршама ашылып көрсетілген. Жергілікті қаламгер Ә.Айтоқов ол туралы кітап жазған. Соғыстан кейінгі жырлары Т.Тастандиев өз ауылында халық шаруашылығы саласында еңбек етіп, 1953-1974 жылдары Ақтөбе аудандық кеңесінің төрағасы болды. 1974 жылы дүниеден озды.