«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Оқиғалар күнтізбесі

19 Ақпан

19 Ақпан 2008

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған "Подвиг длиной в жизнь" кітабының тұсаукесері өтті

Мәскеуде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған "Подвиг длиной в жизнь" кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерді Мәскеу ұлттар үйінің ғимаратында Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен Мәскеудің Қазақ өңірлік ұлттық-мәдени автономиясы өткізді. Авторлар Ғалымжан Байдербес және Ұзақбай Қауыс жас қыздың тағдырын сипаттап, оның батыл мінезінің қалыптасуына қандай себеп болғаны жайлы әңгімелейді.
Молдағұлова Әлия Нұрмұхамбетқызы - 54-ші жеке атқыштар бригадасының снайпері (22-әскер, 2-Балтық жағалауы майданы), ефрейтор болған.
Ол 1925 жылғы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында туған. Ата-анасынан ерте айрылып, кейін Алматыда ағасының қолында тұрады, ал 1935 жылдан бастап Ленинградтағы балалар үйлерінің бірінде тәрбиеленеді. Соғыс басында балалар үйін Ярославль облысына эвакуациялаған. Рыбинск авиациялық техникумде оқыған.   
Қызыл Әскерге өз еркімен 1942 жылы түседі. 1943 жылы снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылғы қазан айынан бастап әскерде болады. Ефрейтор Молдағұлова майданда қатысқан алғашқы 2 ай ішінде ондаған гитлерліктерді қырады.  
1944 жылғы қаңтарда (Псков облысының Новосокольники ауданындағы) Казачиха ауылы үшін шайқаста қаза тапты.
Кеңес Одағының Батыры атағы Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға қайтыс болғаннан кейін 1944 жылғы 4 маусымда берілді.