Оралда Тәуелсіздік күніне арналған халықаралық ғылыми конференция өтті

Бөлісу

10.12.2025 6984

Орал қаласында Тәуелсіздік күніне орай «Атамекен» өнер ордасында «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік: ғылым мен қоғам диалогы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды e-history.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шараның мақсаты тарихи жадының философиялық, тарихи және мәдени қырларын талдау, ұлттық бірегейлік пен жаһандану үдерістерінің өзара ықпалын зерделеу, сондай-ақ ұжымдық жады мен тарихи нарративтердің қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлін айқындау болды.

Конференция барысында тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуы және «Заң мен Тәртіп» идеологемасы аясындағы өзгерістер де талқыланды.

Ғылыми жиынға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінің ғалымдары қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Қара Әбдіуақап, Өзбекстан Ғылым академиясының Қарақалпақ бөлімшесінің тарих бөлімінің меңгерушісі Асқар Жұмашев, Карабах университетінің профессоры Елчин Ибрагимов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті Талғат Молдабайұлы және Хажеттепе университетінің профессоры Өзкул Чобанглу баяндама жасады.

Бөлісу