Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тиктокер тарихшы: Астананың бойтұмары

707
Нұр-Сұлтаның орталығындағы «Астана – Бәйтерек» монументі – тәуелсіз қазақ елінің символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуі, мемлекеттілігі, биіктік пен тереңдік, кеңдік белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Идеяның авторы – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

«Астана – Бәйтерек» монументінің маңыздылығы қазақ халқының жаңа өмір кезеңіндегі символы ретінде «Аялы Алақан» көркем композициясы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің оң алақанының қолтаңбасымен көркемделген. Нысан 97 метр биіктікте орналасқан, яғни 1997 жыл - мемлекетіміздің жаңа елордасы - Нұр-Сұлтаның жариялануын және сәйкесінше елдің тарихындағы жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Сонымен қатар «Бата» композициясында 2003 жылы Нұр-Сұлтанда жиналған он жеті әлемдік діни конфессиялары жетекшілерінің Қазақстан жері мен халқына берген батасы қамтылған.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?