«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Қазақ халқының ұлттық медицинасы

2342 0
Қазақ халқының ұлттық медицинасы

Көптеген зерттеушілер ұлттық медицинамыздың негізін Әбу Насыр әл-Фарабиден (870-950) бастау алады деп есептейді.  Өз заманында әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби бабамыз үлкен шипагер болған. Әл-Фарабидің шипагерлігі жайында белгілі араб жазушысы ибн Аби-Усаби өз шығармаларының бірінде әл-Фарабидың медицина саласында да қомақты жұмыстар тындырғанын айта келіп: «Ол медицина саласында, соның ішінде бүйрек ауруын емдеудің асқан білгірі болатын», - деп жазады.

Әбу Насыр әл-Фараби адамның негізі от, су, ауа және топырақтан тұрады деп санаған. Осыған сәйкес, кез келген ауруға шипа болатын дәрілердің құрамы ыстық, суық, құрғақ және дымқыл болуы тиіс деп есептеген. Бабамыз былай дейді: «Медицина - тәжірибеден туындаған ілім. Өзіне сай заңдылықтары, аурудың түріне лайықты және оның неден туындайтынын, қалй емдеу кеерктігін анықтап, адам тәнінің сау болуы үшін күрес жүргізетін сала».

Кейін аталмыш саланы кәсіби деңгейге көтерген тұлға - Әбу Насыр әл-Фарабидің ізін қуған талантты шәкірттерінің бірі Әбу-Әли ибн Сина.  Азияның ұлы ғалымы ибн Синаның «Китап Әл-Канон-фи-т-тиіп» (Медицина канондары) атты теңдессіз еңбегі бес ғасыр бойы Еуропада медицина оқулығы болып оқытылып келді. Оның бір ғана тамыр ұстау тәсілі арқылы 60 түрлі ауруды анықтай алғаны туралы дерек бар. Әрі оны 48 түрлі диагноз арқылы емдеген.

Ибн Синаның «Китап Әл-Канон-фи-т-тиіп» еңбегі 5 томнан тұрған. 1-2 томдары - физиология мен патологиядан, яғни аурудың пайда болуы мен дамуы зерттелген. 3-4 томдары ауру түрі және емдеу әдістері нақтыланса соңғы бесінші томында дәрілердің қасиеті және оны ауру түрлеріне сәйкес қолдану туралы түсініктемелер мен медициналық түсіндірмелер қамтыған. Өсімдік-хайуанат және минералдык дәрілер түрін қосқанда барлығы 700-тан астам шипа жолын жасаған. Бүгінде өзіміз қолданып жүрген медицина сөзі ибн Синаның шипагердігі яғни ибн Синаның медицинасы деген мағынадан шыққан.  

«Латын тіліне аударылған оның «Шипагер ереже кітабы» атты әйгілі еңбегі V-VІ ғасыр бойына Еуропаны оқыту мінбесінен түспеген. «Мед» сөзінің, яғни «ем», «Шипа» сөздерінің аяғына «ицина» сөзінің, яғни «Ибн Сина» сөзінің жалғануынан да осы бір ортаазиялық ғұлама ғалымның әлемдік медицина ғылымына негіз салғандығын байқауға болады. Осы турғыдан, яғни оның халықтық емшілік-шипагерлік негіінде көтеріліп, биік өреге, тіпті әлемдегі сол заманның аскар шыңына көтерілген ұлы шипагерді бүкіл түркі халықтарынын атномедицинасына негіз қалаған адам деуге болады», - деп жазады белгілі этнограф ғалым Зейнолла Сәнік.

Ибн Синадан кейінгі халқымыздың ұлттық медицинасын биік мінберге көтеруші ғұлама ғалым - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Өтебойдақ бабамыз 1390-1470 жылдары  аралығында өмір сүрген. «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Қазақ хандығынын негізін салушылар Керей және Әз Жәнібек ханның дәуірінде жасаған адам. Ол кісінің қолынан шыққан «Шипагерлік баян» атты ғылымнама да дәл осылар сияқты әз Жәнібек ханның жарлығымен дүниеге келген тарихи мұрағат деуге болады. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы - сол дәуірде өзі де бүкіл хандыққа аты мәлім болып, ерекше еңбегімен ел көзіне түсіп, хан жағынан қадірленіп, «қара үзген шипагер» атанған адам. «Шипагерлік баянның» дүниеге келуі бабамыздың сол 1470 жылдардан бұрын талай-талай келелі жұмыстар тындырғандығын, мол тәжірибе топтап, сол өмірлік тәжірибесі негізінде ғаламат рухани еңбек жазып үлгіргендігін аңғартады. Ол емшілік пен дәрігерлікті ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған шипагерлік ортада дүниеге келген. Әкесінің тамыршылықемшілік өнері болған. Өзіндік «жұлдыздық түптемесі» (диагностикасы) емдеу әдістері, шөп дәрі жасау қолданбасы, «күйдірме», «жаншыма», «үгітілме», т.б. деп аталатын дәрідәрмек тәпсірлері болған. Ол бала жастан, яғни ат жалын тарта бастағаннан шипагерлікпен шұғылданған. Бүкіл ғұмырын Қазақ хандығының шипагерлік ісіне арнаған. «Шипагерлік баян» осы тәжірибелерінің негізінде дүниеге келген теңдессіз шығарма», - деп жазады Зейнолла ағамыз.

«Шипагерлік баяны» еңбегінде өсімдіктерден алынған 728, жан-жануарлардан алынған 318 түрлі және металл-металлоидтардан алынған алпыс шақты жалпы жиыны 1108 түрлі (бізге жеткендері ғана) шипалық қасиеті бар емдік дәрі түрін пайдаланған. 430-ға жуық шипа түрін білген. Зейнолла ағамыздың жазуынша, бұдан өзге онда 1050 түрлі дәрі аты, 4577 шипашак (рецепт) та болған. «Әр кандай заттың артық-кемі салыстыру арқылы байқалады. Осында айтылған дәрілер шұбыртқысын ибн Синаның жоғарыда көрсетілген 760 түрлі шұбыртқысымен және еліміздің әйгілі Жунии шипагері Ли Шыжынның ең алғаш рет жарық көрген «Тылсым диқанның шөп дәрілер тәпсірі» атты кітабында аталған 365 түрлі дәрі тізімдігі екінші рет толықтанып, 659 жылы жарық көрген «Шөп дәрілердің өңделген тәпсірі» атты кітаптағы 800 түрлі дәрi тiзiмдiгi, үшінші рет өнделіп, 1578 жылы жазылып болған «Шөп дәрілерінің каталогі» атты кітапқа түскен. 1892 түрлі дәрі тізімдігі сияқты әлемнің ең ірі этномедицина кітаптарымен салыстырып көрсек, біз «Шипагерлік баянның» қаншалық биікке жеткен асыл қазына екендігін анық аңғарған болар едік. Егер біздің бұл қазынамыз ибн Сина еңбектері сияқты әлемдік оқулық сахнасына көтерілсе, Ли Шыжынның кітабы сияқты терең зерттеліп, үш рет өңделсе қандай өре, қандай мәртебеге жетерін оқырман өзі-ақ ойлай жатар», - дейді автор өз зерттеулерінде.

Автордың айтуынша Өтебойдақ шипагер әрбір науқасқа қазақтың 12 мүше өлшемі бойынша талдау жасап, оны «көрнеу 12 мүше» және «көмескі 12 мүше» деп екіге бөлген. Енді осы Зейнолла Сәнікұлы келтірген деректерге тоқталып өтелік:

Көрнеу екі мүшеге: түк (түккене), тері (қаптек), көз (тантал), мұрын (мүңк), құлақ (қосқұл), аяқ (жүрім), кол (ұстамар), буын (иілгім), тіл (тілсөз), мойын (бауыздаулык), құрсақ (кусак). жыныс мүшелері (арайжап) қатарлы адам денесінің 12 мүшесін енгізген.

Ал көмескі он екі мүшеге: ми (мияк), ауыз (ауғаз), ет (жеміт), сүйек (сүйемек), бауыр (барғақ), жүрек (қаһаркан), өкпе (демік), бүйрек (бүргек), асқазан (оңқар), ішек (іштек), без (безелік), ішкі жыныс (тухалма) қатарлы 12 мүшені жатқызған. Науқасқа диагноз қойғанда осы аталымдарға сай талдау жасап, аурудың атын белгілеп, емдеу шараларын қолданған.

Сонымен қатар, «Шипагерлік баянда» аурудың туылу себептерін мынадай бірнеше түрге бөліп, оның әрбіріне терең талдаулар жасап түсіндірген:

Бірінші – райлық себептер, яғни ауа райына қатысты себептерден туған күю, күн өту, суық өту, үсіну, сыз өту, тер қату сияқты себептерден туған науқастар осы топқа жатқызылып, оны «өзек рай», «кезек рай» деп жікке айырған.

Екінші - алмасымдық себептер, яғни көктем, жаз, күз, Қыс маусымдарының алмасуынан пайда болған «тарықтау», «жарықтау» жіктеріне жататын науқастарды алмасымдық себептерге жатқызған.

Үшінші - жұлдыздық себептер. Автор: «Әр жұлдызда әр адамның ғұмыры жазылған... Бір адам өлсе, оның жұлдызы жаны шығысымен тең ағып түспек» деп қарағандықтан, біткен адамды жұлдыз орынына қарай - оң жұлдыздылар, оң иық жұлдыздылар, оң маңдай жұлдыздылар, қыбыла мандай жұлдыздылар, арт шүйде жұлдыздылар, сол иық жұлдыздылар, сол маңдай жұлдыздылар, солдық жұлдыздылар, т.б. деп әлденеше түрге бөліп, оның бақыт-сорына, қуаныш-қайғысына, тірлігі мен өліміне сол бойынша кесім жасаған. Бұл халқымыздың «жұлдызы биік азамат екен», «Жұлдызы оңынан туыпты», «жұлдызы өсіпті», т.б. дейтін ежелгі этностық ұғымдарына сай келеді. Сол себепті де ол нағыз этномедицинаға жатады.

Төртінші - ұшықтық себептер. Тосын себептен туылған сүйектің сынуы, буын шығу немесе айырықша қуанудан, ызаланудан кездейсоқ туылған науқастар осы топқа жатқызылған. Мұны да автор зақбалы ұшық, қақпалы ұшық, атпалы ұшық, т.б. деп бірнеше түрге бөлген.

Бесінші – ұшықтық сөлдік себептер. Бұл топқа адам денесіндегі сұйықтықтың азаю, арту, бұзылу сияқты құбылыстарына байланысты туған науқастар жатқызылған. Оларға «тындырымдык сөл», «жалғамалы сөл», «шығарылмалы – сөл» деп диагноз қойылып ем жасалған.

Алтыншы - қуаттык себептер. Кей адам туғаннан әлсіз оны кей адамның азықтануы, күтімі нашар болады, кей адам науқасшаң болады. Міне, осы сияқты әл-қуаты әлсіреуден пайда болған аурулар қуаттық себепке кіреді.

Жетінші - ыстықтық себептер. Адам денесіндегі белгілі бір мүшенің қабынуынан сол адамның ыстығы өрлеп, оның зардабы басқа да біркыдыру науқастарды қоздырады. Осынлай себептен пайда болған аурулар осы топқа жатқызылған.

Сегізінші - суықтық себептер. Адамға суық тию, суык өту себебінен болған науқастар осы топқа жаткызылған.

Тоғызыншысы - жазымдық себептер, яғни соғыс кезінде жараланудан, тағы жануарлармен айқасудан, табиғи апаттардың туылуынан пайда болған науқастар осы топқа жатқызылып, оны автор «болжамды жазым», «болжаусыз жазым». «Көзеулік жазым», «пәлелік жазым» деп бөлген.

Онынышы - заһарлы себептер. Әртүрлі қару-жарақтан, улы заттардан, жылан-шаян сияқты заһарлы жәндіктердің жаралауынан, зақымдауынан, ұшырауынан пайда болған сырқаттар мен жарақаттар осы топқа жатады.

Он бірінші - қаһарлы себептер. Әртүрлі таралмалы, жұКпалы аурулардың, яғни бейнеттегіш, қырғындағыш аурулардың апатынан туындайтын аурулар осы топқа жатқызылған. Өз кезінде автор мұндай аурулардың себебін анықтай алмағандықтан, оны «алланың қаһарынан» деп түсінгендігі үшін қаһарлы себепке жатқызған.

Он екінші - қаһарсыз себептер. Автордың ойынша, көз, Тіл сұғынан пайда болған әртүрлі науқастар осы топқа жатКызылып, сол бойынша ем-дом жасаған. Демек, адамның психологиялық ерекшелігіне, көңіл күйіне байланысты туатын ауруларды бұрынғы қазақ нанымында көз сұғы мен тіл тиюден болады дейтін байырғы этностық ұғым Өтейбойнадың шипагерлік тағылымынан да өзіндік орын алған.

Он үшінішісі - туылма себептер. Жаратылысынан кемкетік болып, іштен кем туған, яғни қолы немесе аяғы немесе денесінің басқа бір мүшесінің кем туылуынан пайда болған науқастар осы топқа жатқызылып емделген.

Он төртінші - қуылма себептер, яғни қандас туыстардың некелесуінен, тұқым қуалаудан пайда болатын ауруларды осы топқа жатқызған. Өтейбойдақтың дәріптеуінше, нәпсіден тыйылу, жат төселімнен тыйылу, жеті ата көлемінде некеленбеу сияқты тәсілдер адамды осы аурудан сақтандырады екен.

Сонымен қатар, Өтебойдақ шипагердің ауруды анықтау шаралары да ереше тәртіппен негізделіпті. З.Сәніктің айтуынша, ол үш негізде болған:

Бірінші - барлау жолымен анықтау, яғни адамның түр-тұлғасына, дем алысына, жүріс-тұрысына, бет-әлпетіне, көз жанарына, тіл райына және дене мүшесінің басқа өзгерістеріне қарап, барлап анықтау.

Екінші - сұрау, ұғу, сөйлесу арқылы анықтау, яғни науқас адамның ауырған жерлерін тексеру, себептерін сұрау, уақыт-мезгілін, қалай ауыратынын ұғып-білу арқылы анықтау.

Үшіншісі - тамыр ұстау арқылы анықтау, яғни науқас адамның тамырының соғуына қарай ауруын анықтап отырған. «Шипагер бабамыз тамырдың ұсталатын орнын «ұстамдық құт» деп атап, тамыр ұстауды «шоқыма», «нұкыма», «Қортан» деп үшке бөлген. Тамырдың соғуын адамның жұлдыздығына қарай «жарма», «бұғынбауық», «шашылма» деп жікке айырып, теппе тамыр - ми ауруының, секірме тамыр - жүрек ауруының, тыкылдама тамыр - тері ауруының, сiлкiме тамыр құлақ ауруының белгісін білдіреді деп қараған. Жалпы, ауруды адамның 24 мүшесінде пайда болған өзгерістер арқылы анықтап отырған. Әйгілі ханзу шипагерлері тамырдың соғуын 24 түрге болсе, ибн Сина оны өз кезінде 48 түрге бөлген. Біз Өтейбойдақтың тамырды қанша түрге бөлгенін есептей алмадық. Дегенмен қазақ емшілігінің кейінгі мұрагері Жүніс! Сымағұлұлының адам тамырын - қалқыма тамыр, шөкпе тамыр, баяу тамыр, қарқынды тамыр, керме тамыр, сырғақ тамыр, тебінді тамыр, әлсіз тамыр, өрекпіме тамыр деп 9-10 түрге бөлетінін білеміз. Осыған қарағанда қазақ шипагерлерінің орны сол қатардан табылады. Жалпы шипагер бабамыздың әртүрлі хайуанаттардың мүшесін дәрі ретінде пайдаланғаны – 300 түрден, әртүрлі өсімдік, металл-металлоидтерден ретінде пайдаланғаны 750 түрден асқан. Мұның жалпы саны жағынан ежелгі ханзу шипагерлерімен иық тіресе алатындығы жұртка мәлім. Сол дәрілерді қалай іріктеп алу, қалай пайдалану, калай ау, қалай тұтыну әрі қандай науқасқа кандай мөлшерде беру әлі де зерттеуді қажет етеді», - деп жазады өзінің «Қазақтың этномедицинасы» атты зерттеуінде.

Өтейбойдақтың дәрігерлік өнері (бұл да сонда)

«Шипагерлік баяны» кітабында сөз етілген дәрі және емдеу түрлері:  

1. Нілнәрлік дәрілер, яғни дәрі үшін пайдаланылатын заттарды қайнатып, соның нілінен сұйық немесе қоймалжың дәрі жасап, оны шикізатына қарай сүзінді нілнәрлі дәрілер, жүзінді нілнәрлі дәрілер, қызынды нілнәрлі дәрілер және суынды Нілнәрлі дәрілер деп бірнеше түрге бөлген.

2. Үгілімдер. Үгіту жолымен жасалған талқан дәрілер осылай аталған. Оларды үгілім укалама, үгiлiм түйілім (түйіп үгіту), үгiлiм қырылма (Қырып үгіту), үгілім сүйкеме (сүйкеп үгіту) деп бөлген.

3. Жаншымалар яғни жаншу жолымен жасалатын дәрілер ! осылай аталған. Оларды да жаншу әдісіне қарай түймелі жаншыма, қауыздама жаншыма, бұрамалы жаншыма, сықпаламалы жаншыма, уқаламалы жаншыма деп жіктеген. Сондай-ақ, бұл дәрілерді емдік роліне қарай тыйғылар, уыт қайтарғылар, құрт жойғылар, жібіткілер, терлеткiлер деп 25 түрге, ал пайдалану тәсіліне қарай ішкізбе, сеппе, жақпа, жапсырма, жуынба, қандама деп 30 түрге бөлген.

Автордың айтуынша, Өтейбойдақ бабаның емдеу тәсілдері де ешкімге ұқсамайты әрі сан алуан болған:

Дәрімен емдеу, яғни қазіргі тілмен айткан олмен емдеу. Шипагер бабамыз науқастың түрін анык оның пайда болу себептерін тапқаннан кейін, наука лайык дәрімен емдеп отырған. Дәрімен емдеу тәсілдері ішкізу, дәрі жағу, себу, тану сияқты жіктерге бөлінген. Мыса лы, тамаққа тәбеті тартпағандарды ак жыланның сорпасы ішкізу жолымен, құрбұлақ ауруын қымыздық сабағын сорғызу жолымен, жөтелді усойқыны етке қосып қайнатып, со сорпамен емдеу, т.б. тәсілдер қолданылған.

Ыстық өткізу, терлету, бұлауға салу жолымен, яғни қазіргі тілмен айтқанда, физикалық жолмен емдеу. Шипагердің күнге қақтау, лонка төңкеру, қан алу, уқалау, суға кеткен адамды басын төмен қаратып іліп қою тәсілімен құтқару, т.б. бәрі де осы физикалық тәсілге жатады.

Бұдан өзге ол кезде бұлаумен емдеудің сан алуан түрі қолданылған. Олар - қапталғы бұлау (борсыма бұлау), бапталғы бұлау (бу бұлау), сақталғы бұлау (су бұлау), қақталғы бұлау (құрғақ бұлау), тақталғы бұлау (дененің науқас бөлігіне жасалатын бұлау), шапталғы бұлау (құм бұлау), т.б. Науқастың сипатына, дәрежесіне, көлеміне карай отырып бұлаулап емдеу тәсілі қолданылған.

Оташылық және жарғышылық тәсілдері.  «Мал мен адамда сүйек сыну, сүйек зақымдалу, буын шығу, т.б. сүйек аурулары көп кездеседі. Соған сай ата-бабаларымыздың оташылық өнері мығым болған. «Шипагерлік баянда» адам қаңқасын алақанынан өрбіткен мәліметтер өте көп. Сол секілді ежелгі жыр-аңыздарда жарғышылар туралы көп айтылады. Соғыс кезінде қазақ жасақтарын арасында жарғышылар бірге жүрген. Өтейбойдақ бабамыз адамның дертке шалдыққан, мертіккен жерлерін жарып көріп, сосын науқасын анықтап, соған сай шаралар колданған. Мұндай жарғышыларды, казіргі сөзбен айтканда, сыртқы аурулардың операция жасайтын хирургтері деп атауға тура келеді», - дейді автор өз жазбаларында.  

Соңғысы - азық-түлікпен емдеу. Яғни шипагер бабамыз науқасқа күш беруге септігін тигізетін тағамдарды таңдап қолдану жағына көбірек көңіл бөлген. Және ол тағамар түріне мыналарды жатқызған:

1. Ешкіден басқа төрт түлік малдың майы, майлы еті және сорпасы ыстыққа тән болады. Осылар қосылған тағамдардың райы да сондай болады. Бұл тағамдар қарсылық қуаты төмендеген немесе суығы асқан адамдарға шипалы тағам ретінде беріледі;

2. Ешкі еті және басқа арық малдың еті, сорпасы суықтық немесе төмен қуатты тағамдарға жататындықтан оларды көбінде қан қысымы жоғары, қаны майласқан науқастарға берген жөн. Бұл тағамдар дененің ыстық-суығын ретке келтіруге де пайдалы;

3. Айран, сүт, қымыз, шұбат және басқа ірімшік, құрт, қатық сияқты тағамдардың райы тұрғысыз (бейтарап) болғандықтан оларды әр қандай аурудан шектеудің қажеті жоқ. Дегенмен ас қорыту жүйесі науқасына шалдыққандар, әсіресе бауыр ауруына шалдыққандардың сарымай жеуіне болмайды деп есептеген. Шипагер бабамыз дәрілік тағамдардың тазалығына, оның пісірілуіне, дайындау бабына ерекше мән беруді айырықша дәріптеген.

Бұдан өзге науқас адамды науқасының сипатына қарай құстырып немесе ішті айдатып емдеудің, қан алып емдеудің, кұяң-жел ауруларын емдеудің, аттан немесе басқа көліктен жығылып, есінен танған адамды емдеудің, екіқабат әйелдің ішіндегі баланы теріс келгенде құтқарудың, т.б. сан алуан емдеудің ежелгі қазақи тәсілдерін қолданған.

Қосымша деректер:

Этнограф ғалым Зейнолла Сәніктің еңбектерінде кездесетін қазақтың ұлттық емдеу түрлері:

Сеппе дәрi. Созылмалы жалақ жара, күйік жара, ірі тұрпатты ашық жара және басқа іріңді жараларды емдейтін және оны құрғататын дәрілерді есеппе дәрі» деп атайды.

Атпа дәрі. Қан жел, мұрын өспесі, кеңірдек шершеу кабынуы сияқты мұрын жолы ауруларына насыбай ретінде атқызып емдейтін дәрілерді «атпа дәрі» дейді.

Тартпа дәрі. Ешкі қотыр, сарбас қотыр, қара теміреткі, сулы теміреткі, эгзема, кара сүйел, т.б. сыртқы терідегі қотыржараларға тартып емдейтін дәрілерді «тартпа дәрі» дейді.

Шар дәрі. 40 күн немесе 21 күн шарт етіп дауалануға тиісті рух ауруы, асқазан, рак сияқты күрделі ауруларға берілетін шөп дәрілерді өз тәртібі бойынша қайнатып болып, суын сүзіп алған соң бұғы мүйізі, бұғы жүрек қаны, аю өті, жұпар кіндігі, бөкен мүйізі, меруерт тасы, сиыр өт тасы, т.б. жоғары өнімді дәрілерді қосып дайындаған дәріні «шар дәрі» дейді.

Сорпа дәрі. Шұғыл науқастар мен жай науқастарға, сондайақ диагнозын анықтау қажет болған науқастарға қысқа мерзімге арнап беріліп, қайнатып ішкізілетін дәрілер «сорпа дәрі» делінеді.

Тосап дәрі. Тауык немесе ұлардың ішек-қарнын алып тастап, орнына күрделі ауруларға арналған әртүрлі дәрілерді салып, одан соң сырлы ыдыстың ішіне салып қазандағы судың буына ұзақ қайнатып барып дайындалған дәріні «тосап дәрі» деп атайды. Олар «тауык тосап», «ұлар тосап», «жүрек тосап», «шар тосап» болып бірнеше түрге бөлінеді.

Ок дәрі. Ұзақ уақыт емделуге тиісті күрделі аурулар үшін берілетін дәрілерді қосып талқандап, оған өңделген ара балын косып, балшык дәрі жасайды да, одан соң жеуге қолайлы болсын үшін және өлшемге лайықты болсын үшін бір мысқалдан немесе бір жарым мысқалдан домалактап, октың үлкендігіндей етіп дайындалған дәрі «оқ дәрі» деп аталады.

Талқан дәрі. Диагнозы әбден анықталып ұзақ уақыт емделуге тиісті ауруларға берілетін күрделі дәрілерді зарарсыздандырғаннан кейін қосып талқандап, талкан дәрі жасайды да оны шай қасықпен ішу өлшем етіледі.

Сонымен қатар әрбір ауру түрін емдейтін шипагерлердің өз атаулары болған.

Адамның немесе хайуанның сүйегі сынған, буыны шыққан, мертіккен жағдайына шипалық істейтіндерді - оташылар, қаны тасыған, қаны бұзылған адамдарды қан алу жолымен емдейтінді  - қандауыршылар, «Кұрт ауру» деп аталатын науқастарды топинға жығу, сынапқа жығу, алмасқа жығу, т.б. «уды умен қайтаратын» әдісті қолданатынатындарды - дәріге жығушылар деп атапты. Сол секілді  жел қармап, суық ұстағандарды жер бұлау, сабан бұлау, ырғай бұлау, қазан бұлау, т.б. бұлауға салу жолымен емдейтіндерді бұлаушылар деп атаған екен.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English