«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бұл күн тарих бетінде

Чернобыль – қазақ жастарының жан-жарасы

3189 0
Чернобыль – қазақ жастарының жан-жарасы
Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шеккен

Қазіргі таңда бүкіл әлемде қарусыз әлем идеясы жиі көтеріледі. Жер планетасын мекендеген елдердің басшылары бұл тарапта бірлікке келіп, бейбіт өмір үшін соғыс пен қирауды жойып, ынтымақтастықты үндейді. Елбасы Н. Назарбаевтың күллі жаһан жұртына Семейдегі ажал оты – полигонды біржолата тұншықтырып, жапқаны тарихи маңызды оқиға. Қазіргі кеде біздің көшбасымыздың "ХХІ ғасыр. Қарусыз әлем" атты манифесі қызу талқыланып жатыр. 

Осыдан тура 30 жыл бұрын, яғни 1986 жылдың сәуір айының 26-ы күні Украинадағы Чернобыль атом электр станциясы жарылған болатын. 

Чернобыль апатының салдарынан Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластану кеңірек жайылып, халық өміріне зор қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 шақырым жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған аумақ залалсыздандырылды. Төтеннен келген апаттың зардабын жоюға Қазақстан азаматтары да тартылды. Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шеккен. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр. 

 

8c7b14db7238050776800e032d496f5d.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды.

Бұл жайлы Совет халқы екі күннен кейін ғана хабардар етілді. Еуропа аспанында радиоактивті шаң-тозаң қалқып жүрді. Апат кіндігіндегі Припять қаласында жұрт ештеңені сезбей күнделікті тіршіліктерін жасап жатты. Совет басшылары алғашында ескі сарынға салып, апат жайында ешкімнің аузын ашқызбады, мәселені үнсіз жауап тастамақ болды. Алайда бұдан бір жыл бұрын Совет Одағының жаңа басшысы М.С. Горбачев жариялылық саясатын бастаған болатын. Сөйтіп, теледидар арқылы Чернобыль апаты туралы құрғақ мәлімет беріле бастады. 

 

378b67cad2877cdc9bf655ae0d3da7fe.jpg

Чернобыль зардабын жою ісіне атсалысқан Қазақстан азаматы, ШҚО тұрғыны Қайрат Байбосынов сол кезеңнің оқиғасы жайлы әңгімелеп берген болатын. Алғашында Беларусь Республикасының Хойник ауданында, кейін Чернобыль АЭС-тан төтенше хабарлама түсіп, сонда жөнелтілгенін баяндады. 

«Радиация аймағындағы алғашқы күндер ауыр болды. ЧАЭС маңындағы саз балшықтар жұмысымызға кедергі келтірді, ақыры сол шұңқырларға құм тасып төктік. Түскі асқа 1 сағат уақыт бөлінген, далада әскери ыдыспен тамақтандық. Дәл сол күні радиация деңгейі 2,5 рентгенді (Р) көрсетті. «Накопительдің» ең жоғарғы мөлшері де 2,5 Р. Негізінде бізге жүктелген міндет: күнделікті 0,5 мР (миллирентген) алып отыру. Тексергенде маған берілген көлік жүргізуге жарамайтын болып шықты. Бұл көлікпен 15 күн жүріппін. Мұның денсаулыққа өте зиян, зардабы күшті екенін кеш ұқтым. Кейін полктан бөлінген ЗИЛ 130 самосвал машинасына міндік, бұл алдыңғыға қарағанда тәуір болып шықты», – деді. 

 

af5fd6ecd299787b5294710c9c1b8113.jpg

Сонымен қатар радиация жайылған аймақта су ішуде тыйым салынғанын, оның арнайы ыдыспен жеткізіліп тұрғанын айтты. «Залалсыздандыру жұмысы барысында суды кез келген уақытта іше алмау – біраз қиындық тудырды», – деді Чернобыль ардагері. 

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English