Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Құлай сүйген партия Сейфуллинді атып тастады

1071
Құлай сүйген партия Сейфуллинді атып тастады - e-history.kz
Сейфуллин коммунизмнің жақтаушысы болды, ол Ресейде монархия құлағаннан кейін жалпыға бірдей теңдіктің орнайтынына, экономикалық және әлеуметтік тапқа жіктеушіліктің жойылатынына сенді

Сәкен туған халқына білімнің маңызын жеткізу, медреседе, сонымен қоса орыс мектептерінде білім алудың маңыздылығын, білімге деген құмарлықтарын оятуға тырысты. Бұл ретте, ол әрқашан да қазақ тілін дамытуға күш-жігерін жұмсады. Сәкен Сейфуллин большевиктердің идеологиясынан халықтық тұрмыс жағдайының жақсаруын көрді, кедей отбасылар қайыршылық пен кіріптарлықтан құтылуы үшін байлар халықты қанап тапқан байлықтарыменқұн төлеулері керек деп санады. Сейфуллин қазақ ұлтшылдары туралы сатиралық жырлар жазды, бірақ, ұлттық бірегейлікті сақтауға тырысқаны үшін кейін осы ат оның өзіне де жабыстырылды.

Ол қазақтың «қырғыз» деп емес «қазақ» деп аталуы үшін, ал советтер съездері мен іс жүргізу қазақ тілінде жүргізілуі үшін күресті. Бірақ ұлттық кадрларға қатысты совет билігінің көзқарасы екіжақты еді. Бір жағынан совет билігі олардың қызметтерін қолпаштап, жазушы шығармашылығының 20 жылдығына орай оны орденмен марапаттайды.

Ал, екінші жағынан Сейфуллинге қатысты күдік күшейе түсіп, бір жарым жылдан кейін большевиктік билік өкілдерінің марапаты үкім мен жазаға алмасады, жазушыны коммунистік идеалдарға деген сенімі де құтқарып қала алмады.  Ал Сәкен партияға қалтқысыз сенді. Тап осы сенім оның Анненковтың ажал вагонынан аман қалуына, түрмелер мен аштықты, ауруларды жеңіп шығуына қанат берді. Өз көзқарасын нық ұстаған Сәкен ақырында Ақмолаға қайтып оралады. Большевизмнің жеңісі ол үшін ымырасыз еді.  

Бірақ Сәкен Сейфуллиннің большевизмі халық игілігі үшін болуы керек еді. Тіпті автономия құру мәселесінде де ол алашорда жобасынан бас тартуға дайын болды. Алаш партиясының мүшелері қазақтарға большевиктердің құрған автономиясы керек емес дегенде, Сәкен Сейфуллин алашордашыларды буржуазиялық ұлтшылдар деп айыптады.   

Сейфуллин де, Алаштың болашақ мүшелері де өз қарсыласының идеологиялық жұмыстағы да, шығармашылық жұмыстағы да күшін мойындады.   1923 жылы Сәкен Сейфуллин Ахмет айтұрсыновтың 50 жылдығы құрметіне өткізілген салтанатты жиынды ұйымдастырушылардың басында болды. Ол Ахмет Байтұрсынов – ұлтшыл деген өз сөзінен бас тартпаса да, бірақ бұл адам өз халқын шын сүйді деген сөзінен де айнымаған. Оның Алаш партиясындағы жұмысы да, кейіннен коммунистер қатарындағы қызметі де туған халқына, соның болашағына арналды. Ахмет Байтұрсынов та Сәкен Сейфуллиннің жұмыстарын жоғары бағалады.

Өзінің  «Әдебиет танытқыш» (1927) атты еңбегінде ол Сейфуллиннің «Асау тулпар» жыр жинағындағы «Жолдастар» атты өлеңін мысалға келтіреді. Бұндай жырлар халықты отпаршылыққа қарсы күреске жігерлендіреді. Ахмет Байтұрсынов осы мақсатқа ұмтылды. Олардың ортақ  уайымы – туған халқының тағдыры болды.

Алайда, оған апарар жолдары бөлек болды. Тіпті Сәкен Сейфуллинді тұтқындағанның өзінде ол большевиктердің ісіне деген сенімінен тайған емес. Камерада отырғандардың бірі одан «әлемдегі ең әділ партия қайсы?» деп сұрағанда, Сейфуллин ойланбастан: «коммунистік, өйткені ол әлемдегі ең керемет қоғамды тұрғызады» деп жауап берген. Ал келесі күні дәл осы партия оны атып тастады.  

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?