Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сенат жұмысын бастады

1539
Сенат жұмысын бастады - e-history.kz
Осыдан 20 жыл бұрынғы оқиғаларға көз жүгіртуімізді жалғастырамыз. 1998 жылдың 30 қаңтары Ақмолада Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының алғашқы пленарлық отырысы өтті

1998 жылдың 30 қаңтары Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты жұмысының жаңа кезеңі басталғанын көрсететін ұмытылмас күн болды. Ақмоладағы алғашқы отырысты өткізу үшін осы күннің таңдалып алуы кездейсоқ емес.  Отырысты ашқан Парламент Сенатының Төрағасы Ө. Байгелді осыдан тура екі жыл бұрын, 1996 жылдың 30 қаңтарында сенаторлар алғаш рет бәрі жиналып, жұмысты бастағандығын еске салып өтті.

Төртжылдық мерзімнің тура жартысы өтті. Осы уақыт ішінде сенат 210 заң қабылдады, сондықтан да, қазір елімізде болып жатқан өзгерістерде сенаттың да, парламенттің де үлесі аз емес. Біз «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың құқықтық негіздерін қалау сияқты тарихи миссияға ие болдық. Біз, Қазақстанның ТМД елдерімен және әлемдік қауымдастықпен интеграциялану процесін есепке ала отырып, экономика саласы мен әлеуметтік өмірдің қазіргі жай-күйін терең сипаттайтын заңдарды әзірлеуіміз керек. Оның үстіне, қоспалаталы жүйе заң шығару процесін жетілдіруге мүмкіндіктер береді, – деді Ө. Байгелді.

Күн тәртібін құптаған сенаторлар, Қапшағай қаласының әкімі болып тағайындалған С. Зеленскийдің депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату және С. Барахова, Ю. Окшин және О. Салиев сияқты жаңа депутаттарды тұрақты комиссиялардың мүшелері қылып сайлау туралы қаулы қабылдады.  

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы Заң жобасын Ішкі істер министрі Қ.Сүлейменов ұсынды, заң шығару және сот реформасы жөніндегі комитет мүшесі К. Ескендіров қосымша баяндама жасады. Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар белсенді талқыланғаннан кейін парламент мәжілісіне бағытталды.

Мәжіліс құптаған басқа заң жобасы – «Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы» ол туралы ауыл шаруашылығының жаңа министрі С. Кулагин баяндама жасады, сенаторлар жағдаймен жақсы таныс болғандықтан, бұл заң жобасы да қызу талқыланды. Осы құжатқа қатысты өзгерістер мен толықтырулар да мәжіліске жіберілді. Заң шығару жұмысынан басқа, осы пленарлық отырыста салтанатты ант қабылдау рәсімі де өтті: Жоғарғы Сот судьясы Ғалия Ақтайқызы Мақажанова осындай құрметке ие болды.   

Мақаланы дайындаған кезде ҚР Ұлттық кітапханасының мерзімді баспасөз қорының материалдары пайдаланылды

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?