Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандағы тіл саясаты

3013
Қазақстандағы тіл саясаты - e-history.kz
ХХ ғасырдағы тіл саясатына қатысты бірегей архивтік құжат

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің кітапхана қорында 1997 жылы орыс тілінде жарық көрген «Языковая политика в Казахстане (1921-1990 гг.)» атты құжаттар жинағы сақталуда. Жинаққа Қазақстандағы тіл саясатының әртүрлі кезеңін көрсететін 1921-1990 жылдарды қамтитын архивтік құжаттар кірді.

Құжаттар жинағының алғысөзінде белгілі тарихшы-архивист М.Ж. Хасанаев тіл саясатына қатысты нақты сипаттама береді: «тілдің әмбебаптылығы – жалпы адамзат тарихында оның қарым-қатынас құралы болуымен қатар, ұлттық-өзіндік бейне жасайтын ерекше құбылыс. Сондай-ақ, әр тілдің тарихы оны иемденуші халықтың тарихынан ешқашан ажырамайды. Бірыңғай ұлттық тілдің пайда болуы – мемлекеттің білімі мен өркендеуіне тығыз байланысты, және де мемлекеттің дамуы мен құлдырауындағы барлық өзгерістер тілдің жай-күйіне әсер етпей қоймайды».

1921-1926 жылдардың құжаттары мемлекеттік органдарда қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған нақты қадамдарын айқын көрсетті. Атап айтқанда, А. Байтұрсыновтың белсенді түрде қатысуымен шығарылған алғашқы оқулықтар, іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді енгізу, ұлттық кадрлар дайындау және оларды мемлекеттік аппараттың жұмыстарына кеңінен тарту.

Жиырмасыншы жылдың аяғында қазақ тілін латын әрпіне көшіру үдерісі басталды. Жинақтың алғысөзінде Қазақстандағы тіл саясатының келесі кезеңін латын әліпбиінің қысқа он жылдық өмір сүру мерзімін санауға болады деп айтылған. 1930-шы жылдардың басында аппаратты байырғылындыру (коренизация), қазақ тілін білетін мамандарға жеңілдіктер енгізу, мекеме, кәсіпорындар аттарының қазақ тіліне аударылуы, тіпті түркітілдес емес халықтардың, оның ішінде орыс, украиндермен өзге де ұлттардың қазақ тіліне деген қызығушылығын туғызды, осындай қысқаша мерзімдегі қазақ тіліне деген либералды қарым-қатынастың тағы бір себебі 1931-1933 жылдардағы ойран қылған аштықтың зардабы, қазақ халқының жартысын, ең бастысы қарттармен жас балаларды алып кетуі кай тілдің болмасын тірі маңызын жояды - деп айтылған.

1938 жылы сәуірде КазКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Ұлттық мектептерді қайта құру» туралы қаулысы, 1940 жылы желтоқсан айында «Қазақ жазбаларын латыннан жаңа орыс графикасы негізіндегі алфавитке аудару» туралы заңы шығады. Осы шешімдердің салдары туралы М.Ж. Хасанаев былай деп жазды: «Осы кезден бастап тіл саясаты нақ өзгерді, әсіресе Қазақстанда тілдік лингвистикалық мәселелерінде орыс тіліне басымдылық танытылып, күштеп кириллица алфавиті енгізілді. Бұл іс шараларға партия мүшелері үлкен мән берді. Бұдан басқа, 1937-1938 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргіннен кейін барлық қазақ элитасы жойылып, салдарынан орыстандыру саясатына оппозиция қалмады».

ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1941 жылы 14 мамыр айындағы қаулысымен ОАК және КХК-нің 1933 жылы 1 қырқүйек айында қабылданған «Қазақ тілін білетін мамандарға жеңілдік» туралы қаулысын жойды. 1941 жылы желтоқсан айында ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комитет жойылды.

Жинаққа ҚР Орталық мемлекеттік архивінде сақталған жоғарғы мемлекеттік мекемелерінің: ОАК, КХК, Министрлер Кеңесі, Жоғарғы Кеңес, сонымен қатар халықкомиссарлары, ҚАКСР Министірлігінің қорынан 117 құжат ұсынылған.

Әйгерім Бақтыбаева

ҚР Президенті Архивінің бас сарапшысы 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?