Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мұстафа Шоқай – тұтас түркінің назарында

2129
Мұстафа Шоқай – тұтас түркінің назарында - e-history.kz

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық Түркі академиясымен бірлескен, «Мұстафа Шоқай мұрасы отандық және шетел ғалымдарының зерттеулерінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми конференцияда түрік халықтарының әр елінен қатысқан ғалымдар Мұстафа Шоқай еңбегіне, оның артына қалдырған мол мұрасына қатысты зерттеу мәселелерін талқылады.

Мұстафа Шоқай Совет одағының отаршыл саясатына қарсы күрескен аса күрделі саяси тұлға. Оның күрделі өмір жолы мен бұзылмас принципінің ара қатынасын түсіну – үлкен ізденісті қажет етеді. 70 жылдық Совет насихатында ол жау, сатқын кейпінде дәріптеліп келгендіктен, Совет одағы ыдырағаннан кейінгі Мұстафа Шоқайды жаңалай тану кезеңінде де бұл жалалы көзқарастардың салқыны тиген тұстары болды. Ғылыми конференцияда ғалымдар оның саяси ұстанымын айқындап, жалған жаладан аршып алуды, оның әлемнің әрбір жерінде архивтерде жатқан ұлан-ғайыр мұрасын қайталай зерттеп, өзге тілдерде жазылған шығармаларын, хаттарын, мақалаларын қазақ тіліне аудару мәселелері және оны зерттеу ісі секілді жақтарды кеңінен талқылады.

Офлайн және онлайн форматта өтетін іс-шараға Халықаралық Түркі академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті мәжілісінің депутатты Айдос Сарым,  – филолог, әдебиет тарихшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы, ҚР ҰҒА академигіДихан Қамзабекұлы.зерттеуші-ғалым, жазушы Андижан Ахат (Түркия), тарих ғылымдарының докторы Ахат Салихов (Башқұртстан, Ресей), тарих ғылымдарының докторы, профессор Раджабов Кахрамон (Өзбекстан), филология ғылымдарының докторы Абид Тахирли (Әзербайжан), Қырғызстан Кітап палатасының жауапты қызметкері. Кушубек Качибеков (Қырғызстан) тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлжауһар Көкебаева және басқа да алаштанушы, шоқайтанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

AI9I9665.JPG

AI9I9662.JPG

AI9I9670.JPG

AI9I9677.JPG

AI9I9679.JPG

AI9I9700.JPG

AI9I9707.JPG

AI9I9739.JPG

AI9I9749.JPG

AI9I9768.JPG

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?