Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алматы – Шыңғысхан әулетінің қара шаңырағы болған

2069
Алматы – Шыңғысхан әулетінің қара шаңырағы болған - e-history.kz

ХІV ғасырда өмір сүрген араб саяхатшысы Ибн Батутаның «Тухфат ан-нуззар фи гараиб ал-амсар ва аджаиб ал-асфар» (Қала ғажайыптары мен саяхаттарын бақылаушыларға сыйлық) деген жазбасы бар. Алтын Орда мен Орта Азия аймағын аралап, Шыңғысхан әулетінен шыққан хандарды өз көзімен көрген саяхатшының еңбегінде қазіргі Алматы (Алмалық) қаласы жайлы нақты деректер бар. Ибн Батута Алтын Орда астанасы Сарай қаласынан Ходжелі (Хорезм) қаласына дейін Әли Ибн Мансур деген арап көпестің өзімен бірге сапарлас болғанын, сол көпестің Ходжелі қаласынан Қытайға беттегенін, өзі Үндістанға жеткенде ол көпестің Алмалық қаласында екенін естігенін, Алмалық қаласы Мәуренахр мен Син-Шың (қытай) аймақтары шекарасында орналасқанын баяндайды. Осы деректен Алмалықтың қазіргі Алматы қаласы екенін көреміз.

«Из города Сара до Хорезма меня сопровождал шариф из жителей города Кербелы по имени Али ибн Мансур. А был он из купцов. Он решил отправиться со мной в Индию. В это время группа его земляков прибыла в Хорезм, намереваясь совершить путешествие в Китай, и он собрался ехать с ними. Прибыв в Индию, я узнал, что он достиг города Алмалыка, а это конец земель правителя Мавераннахра и начало Китая».

«Ибн Баттута и его путешествия по Средней Азии»

 

Ибн Батута сұлтан Тармашариннің Шыңғысхан орнатқан дәстүрді ұстанбағаны үшін тақтан айрылғанын, оның орнына Шыңғысхан басқа ұрпағы – Бузун деген мұсылман отырғанын баяндайды. Шыңғысхан орнатқан дәстүрде оның билеуші ұрпақтары жылына бір рет жиналып той жасауы тиіс екенін және ол той жылда Алмалық қаласында өтетінін айтады. Оның себебі, Алмалық қаласы Шыңғысхан әулетінің Астанасы (Қара Шаңырағы) саналатынын баяндайды. Алмалық – Алматы, ал «той» сөзі Шыңғысхан әулетінің қазақтар екенін тағы байқатады.

 

«Через два года после моего прибытия в индийскую землю до нас дошла весть, что его родня и эмиры собрались в дальней провинции, граничащей с Китаем, где находилось большинство его войск, и присягнули сыну его дяди по имени Бузун-угли. Всех царских детей они называют угли. Бузун-угли был мусульманином, однако маловерующим и дурного поведения. Чингиз составил книгу своих постановлений, называемую у них йасак, а у них положено, что тот, кто не выполняет постановлений этой книги, должен быть свергнут. По его постановлению они должны собираться раз в год на пиршество, которое называется туй, или «день празднества». К тому дню съезжаются со всех концов страны потомки Чингиза – эмиры, хатун и крупные военачальники. Если их султан изменит что-либо в этих постановлениях, то их предводители встают и говорят: «Ты изменил то-то и то-то, сделал так-то и так-то, а поэтому тебя нужно свергнуть». Его берут за руки и заставляют сойти с царского трона и на его место сажают другого потомка Чингиза. А если кто из знатных эмиров в своей стране провинится, то его приговаривают к наказанию, которое он заслуживает. Султан Тармаширин отменил устройство празднества и уничтожил этот обычай. Они разгневались на него за это, а также за то, что в течение четырех лет он жил в округе, примыкающем к Хорасану, и не приезжал в ту часть страны, которая ближе к Китаю. А по существующему обычаю царь каждый год должен был приезжать в те земли, узнавать об их состоянии и состоянии войск, расположенных в них, потому что начало их царства оттуда, а местопребывание их царей в городе Алмалыке.

 

Жазбадан діні әлсіз Бузун әділетсіздігінен биліктен айрылғанын, оны тақтан тайдырған Халил сұлтан әуелде қазіргі Иран аумағын билегенін көреміз (ресейліктер қалыптастырған тарихта бұл адам мүлде жоқ). Бузун жақтастары мен Халил әскері Алмалық қаласынан үш күндік жердегі Тараз қаласы маңында соғысқан. Осы дерек Алмалықтың қазіргі Алматы қаласы екенін анық дәлелдейді (орыс ғалымдары Алмалық қаласы қазіргі Шыңжан аумағында болған деп бұрмалаған).

 

«Бузун приехал в Самарканд, потом в Бухару, где люди присягнули ему. Когда Бузун овладел царством, он стал притеснять мусульман. Когда известия о Бузуне достигли в Хорасане Халила – сына султана Йасура Махзума, то он направился к царю Герата, а это был султан Хусайн, сын султана Гийас ад-Дина ал-Гури, и сообщил ему то, что знал, и попросил у него помощи войсками и деньгами, с условием разделить с ним царство, если оно окажется наконец в его руках. Малик-Хусайн послал с ним большое войско. Эмиры со всех областей съехались и собрались вокруг Халила. Халил встретился с Бузуном, войска его перешли на сторону Халила, разбили Бузуна, взяли его в плен и привели к Халилу. Халил его казнил, задушив тетивой лука, так как у них в обычае убивать царевичей лишь удушением. Царство перешло к Халилу. Он устроил смотр войскам в Самарканде. Их было до восьмидесяти тысяч. Он отпустил войско, с которым пришел из Герата, и направился в земли Алмалыка. Татары же выбрали себе предводителем одного из своих и встретили Халила на расстоянии трех дней пути, вблизи Тараза».

«Ибн Баттута и его путешествия по Средней Азии»

 

Ибн Батута Тараз қаласы мен Алмалық қаласы арасы үш күндік жер деп анық көрсетеді. Анығында салтатты адамға Алматы мен Тараз арасы үш күндік жер екені түсінікті. Ал Ресей тарихшылары Алмалық қаласының орны дейтін жер Шыңжан аумағында, ол жерден Тараз қаласына үш күнде жету ақылға симасы анық.

Мұртаза Бұлұтай бауырымыздың Алматы қаласы 1721 жылы Амстердамнан шыққан картада Алмалық деген атаумен көрсетілгенін, оның қазіргі Алматы қаласы екенін сол картада көрсетілген Ыстық көлде айғақтайтынын айтады.


1.jpg


«Тарихта мұңғұл деген халық, Мұңғұлия деген мемлекеттің болғанын дәлелдеймін деп, әлем университеттері мен кітапханаларының көпшілікке қолжетімді дереккөздерін шолып жүріп, өзімізге қатысты қызық екі мәліметті тауып алдым. Мына карта 1721 жылы Амстердамда шыққан екен. Carte de Tartarie, Татарлардың картасы деп аталады, еуропалықтар сонау Плано Карпини, В. Рубрук, М. Поло дәуірінен бастап мұңғұлдарды "татар", " тартар" деп атаған. Картаның төменгі сол жақ бұрышында Lac Issi - Ыстық Көл тұр. Ыстық Көлдің жоғары жағына қарасаңыздар ALMALEC деген қаланы көресіздер, бұл АЛМАЛЫҚ деген сөз! Демек, қазіргі Алматы қаласы 1721 жылы Алмалық деп аталған!... Мұртаза Бұлұтайдың facebook парақшасынан алынды "Қамшы" сілтейді».

2.png


Осындай бұлтартпас деректерді көре тұра үндемей отырғанымыз қалай. Алматы қаласының жай қала емес, ол қаланың Шыңғысхан империясының әуелгі Астанасы болғанын, Евразияны билеген Шыңғысхан ұрпақтарының жылда бір рет бас қосып өзара даулы мәселелерін шешетін орны осы Алматы қаласы болғанын көреміз. Осы тарихты жоқ ету үшін Алмалық қаласы деп қазіргі Қытай аймағындағы бір беймәлім жерді көрсеткен, «Алматы тарихы орыстар салған Верный қорғанынан басталады» деп бұрмалаған Ресей тарихшыларының біздің тарихымыз жайлы жасаған кез келген тұжырымдарының құны көк тиын екенін түсінетін уақытымыз болды ғой.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?