Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1992 жылы Мемлекет басшысы "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізді

6 жыл бұрын Иордан Хашимит Корольдігінің астанасы Аммандағы даңғылға Н.Ә.Назарбаев есімі берілді

Қазақстан полициясы күні

- = -

КСРО ХКК шешімімен Карлаг құрылды

26416
КСРО ХКК шешімімен Карлаг құрылды - e-history.kz
1930 жылы 13 мамыр күні КСРО ХКК шешімімен Қарқаралы ауданының аумағында Карлаг құрылды. Көлемі 110 мың гектар, ал басқару орталығы Қарағандыдан 45 шақырым қашықтықтағы Долинка селосы болды.
Қарлагтың ашылу кезеңінде 47 ұлт өкілінен 2567 адам қамауда ұсталынды. 1933 жылы олардың саны 20262 адамға жетіп, қазақтар саны 2943 құрады.1937-1938 жылдары тұтқындар саны 43 мыңға жетіп жығылды. Қарлаг жүйесінде 292 лагерлік өндірістік нүктелер мен 26 жеке бөлімшелер жұмыс жасап тұрды. 1931-1960 жылдар аралығынла мұнда 1 млнға жуық адам тұтқындық тауқыметін тартты. Қарлагтан бөлек Қазақстанда Степной, Песчаний, Луговой, Дальний лагерлері болды.