Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Абайдың түсі

3299
Абайдың түсі - e-history.kz

Абай хакімге байланысты ақ қағазға түспеген беймәлім естеліктердің бір парасын былтыр да порталымызға жариялаған болатынбыз. Мына екі естеліктің алғашқысы белгілі қаламгер, жарықтық Кәмен Оразалиннің «Абай ауылына саяхат» кітабыннан алынса, екіншісі, әйгілі абайтанушы, қазыналы қарт, марқұм Бекен Исабаевтың «Ұлылар мекені» кітабының негізінде даярланып отыр.

Абайдың түсі

...Камалия шешеймен менің де кездесуіме тура келді. Сонда Абай жайында айтқан естелігі бар еді.

- Бір күні атам таңертеңгі шайға күндегіден көңілсіздеу келіп отырды, - дейді Камалия. Әйтеуір жүзінен бір реніштің жайын аңғардым. Шай ішіліп болған соң, мына бір жайды айтты:

- Бүгін түсімде өзім бұрын көріп білмеген төрт адам мені бір жаққа алып кеткісі келген ыңғаймен әурелей бастады. Егер бұл адамдар алып кеткендей болса, қайтып келе алмайтын сияқтанып қысыламын да, көмекке біреулердің келуін өтініп дабыстадым. Менің бұл үрейлі даусымды ешкім де естімеді білем, көмекке тірі жан да келмеді. Қараңғыда әлгі төрт адамды тануға тырыстым. Бірақ, мен білетін адамдардың бірде-біріне ұқсамайтын сияқты. Олардың менің қысылғаныма көңілдерін бөліп жүргендері бір байқалмады, керісінше қалай да мені әкетудің қамын ойластыып жүр. Бірақ мені әкетудің бір жайы жетіспегендей болды ма, ақыры өзара сөйлесіп, үш күнге дейін

қажеттілерін жасап алып қайта оралмаққа уәделесіп қараңғылыққа еніп қарасын өшірді. Түсін осылайша ауыр тыныс алып айтып шыққан атам әлден соң, тағы да былай деді:

- Төрт адам мені қыспаққа алып жүрген төрт құбылам емес пе екен? Үш күнде қайта оралмағы үш ай болмасын. Сол үш айдан кейін дүниеден кететін болам ба? -деді. Мен атам сөзінің бәрін жақсылыққа жорыдым...

Бірақ атам жоруымды еш естігенмендей сыңай танытып, жауап бермей үн-түнсіз отыра берді. Ұмытпасам, сол үш айдың мезетінде атам қайтыс болды.

Камалиядан тараған осы бір сөз әлі күнге ел арасында Абайдың алдын болжағыш даналығын аңыз етеді... 

К.Оразалин «Абай ауылына саяхат» (113-114беттер).

 

Дария басы бұлақтан

...Абай Қасқабұлағы хақында әлі де біраз жайды сөйлемеске болмайды. Әуелі, сіз бен біз Абай жарық дүниеге тұңғыш келген орын Ұлжан дайана, Зередей әже, үйінің орнына бөлгілесек болар еді.

Бұлақтың оң жағында ертеде қалың өскен, қазірде селдірлеу болса

да шилеуітті кең көгал бар. Ауыл орны екені айқын білінеді. Тобықтыны әмір тапқызбай билеген Құнекең ордасы қай орынға тігілмек. Әсте Әмірші үйі мал басып жататы су басына таяу тігілмеске керек. Ерінбей көгалдың батыс шетіне Ызғұтты, Қасқабұлағы жаққа шықсаңыз, өз көңіліңіз қалаған орынды Ұлжан ана киіз үйі тігілген орын осы, Абай жарықтық осы орында жарық

дүниеге келген деуіңізге болады. Қазір тап басып, «Ұлжан ана үйінің

орны осы» деп кім айтар. Сіз шамалыға ғана қателесерсіз. Басқа жерді нұсқаудың да еш орайы жоқ. Жер бітісі солай!

Әдетте, тарихта ізін қалдырған ұлы жандардың дүниеге келуі,

өмір белестері туралы аңыз-әфсаналар көп айтылады. Абай хақында да аңызды әңгімелер ел арасына кең тараған. Біз ұлы ақынның балалық, жастық шағы туралы бірер ғана айтумен шектелеміз. Біріншісі, Абайдың ана құрсағынан босап, дүниеге келгенін білгені туралы. Бұл жайлы анда-санда әркімдер баспа бетінде жазып та отырады. Біздің естігеніміз Абай жарықтық тілі шығып, естияр болғанда анасынан:

- Апа, мен туған күні үйдің іші қызылды-жасылды болып тұрып

еді. Ол не деп?- сұрапты. Сонда Ұлжан ана «Есіме түсірсем сол күні жүн бояп кептіріп қойған едік» депті.

Екіншісі, бала шағында Абайдың қатты сырқаттанғаны жайында.

Мұқаң бұл жайды аттап өтпей, романың бірінші кітабының 1тарауы

«Қайтқанда» да келтіріп, жаз Абай Қодар өлімін керіп, қиянатқа төзбей, сырқаттанды дегенді ұқтырады. Біздің естігеніміз, Абай тоғыз жасында есінен танып, қатты ауырып анасы жолаушы жүрген әкесін шақыртып арты, Қүнекең іңірде, Ұлжанды ғана ертіп, өсін білмей жатқан Абайдың денесін көреді. Жарықтықтың ыстығы бет шарпыпты. Денесі білеу-білеу боп іскен,

қып-қызыл екен. Құнекең: « Ә, бұрын қуаты ішінде жүр еді. Сыртына

шыққан екен. Денесін ешкімге көрсетпе, бәйбіше» - депті.

Абайды оған дейін ауылда ұстап, тоғыз жасында Семейге оқуға беруі осы әңгімемен байланысты емес пе екен?! Абай жасында аса момын, селт етпейтін маңғаз, бала болып, көп ойнай бермейді екен. Бұндай қалып атасы Өскембайда да болған екен. Ахат Құдайбердіұлы мен Ниязбек Алдажарұлы екеуінің естелігінде де Өскенекеңнің бала кезінде бір орында тапжылмай, «былшиып» отыра беретінін, тіпті Ермек ана ауырып, нашарлап жатқан

Мырзатайдың басынан Өскенбайды айналдырмақ болғанда, батыр нағашысы Жәнібек «Өй, сендер кісі танымайды екенсіңдер. Мынау Өскенбай бір орында отырып-ап төрт тарапты түгел жинаймын деп отыр ғой. Мырзатайларыңды өздерің-ақ жақсы ғып алыңдар. Өскембайға тиюші болмаңдар» - деп сын беріпті дейді.

Үшіншісі, Семей қаласында Абайды бір өзбек сыншысының

сынағаны туралы. Абайдың қалада оқыған мерзімі үш жыл үш ай делінеді. Демек, оқиға болашақ ақынның 12-13 жас шамасында болған.

Шәкірт Абай қала көшесінде келе жатса (әрине жалғыз емес)

айдауыл бір адамды айдап әкеле жатыпты. Жаз. Күн өте ыстық екен.

Әлгі адам Абайлар қасына кеп тұра қап, бала Абайды керіп:

Басы көнектей,

Бөксесі сенектей,

Құлағы шұнақ,

Кеудесі аққан бұлақ,

Құлжа мойын төгерек,

Бұдан артық не керек.

деген. Абай полиция басқармасына барып босаттырып алса, ол ұлты өзбек,

сыншы адам екен. Абайдың бас бітіміне байланысты және бір әңгіме айтылып келген. Абай, өткен ғасырдың соңғы жылдарының бірінде Оразбайдыкіне келіпті. Мәжіліс үстінде Оразбай: « Әй, Ыбырай, (Оразбай Абайдан 13 жасқа үлкен. Абайды шын есімімен атауға құқылы) бізден де бір

Абай туды деп отырмыз. Азғантай Шүнайдың іші-тысына сыйып кетер

аз Есболаттан да сенің басыңдай басы бар көнек бас бір ұл туды.

Қазір 5 жасқа келді өз басын өзі көтере алмайды - депті. Абай « Баланы алғызыңызшы, бай көрейін» дейді. Бала жүрген түгілі отырғанда да басын көтере алмай, басы ауытқыған жаққа құлай береді екен. Абай баланы әрі төңкеріп, бері төңкеріп, басын 2-3 мәрте шертіп керіпті де «Мынауыңның басы ми емес, толған ірің екен» депті. Осы адам 1960 жылдардың соңында Саржал ауылында дүние салды. Жалқау атты «мың салсаң бір баспайды» дейтіндей сөйлеуінің өзі шабан, сұраққа жауап бере-бермейтін самарқау жан боп өтіпті дүниеден. Тек, басы бар денесінен айырықша зор, үлкен қалпында жер қойнына кірген. Аты Бозаев Мұқаш. Өзім көрмедім. Ұрпақтары да бар дейді. Төртіншісі, баласын Құнекеңнің өзінің сынау оқиғасы.

Мұны Мұқаң жарықтық тым әдемі келтіреді-ау. Бұл алдағы бөлімде Абай 7-8 жасқа келгеннен-ақ, Құнекең әр нәрседе Абайға сұрақ қойып, жүйрік ат, қыран құс, палуандар жайында пікірін естіп отырады екен дегенбіз. Мұнда Құнекеңдей сұңғыла әкенің өзі дәметкен ұлының шама-шарқын байқауы жатыр емес пе? Тіпті, өзімен үзеңгілес, тізелесуге жарайтын өз кезінің от ауызды, орақ тілді шешендерінің байқауына да салып отырған да секілді. Мәселен, сол шақта Орта жүзге даңқы кеткен Бағаналы Найман шешені Ботантайұлы Жанғұтты бидің жас Абай ақындығынан сынақ алғандай

болатыны да бар. Жанғұтты шешен «Дүниенің тиянағы не? Көз көруі

неге жетпейді? Шам жарығы неге түспейді? Болат пышақ нені кеспейді? Жанды мақлұқат неге тартпай қоймайды?- деп сұрапты Абайдан.

Абай «Дүниенің тиянағы – үміт. Көз көруі қабағына жетпейді. Шам жарығы табағына түспейді. Болат пышақ өз сабын кеспейді. Тірі жан иесі тамағына тартпай қоймайды» депті.

Шешен «Абайжан осы жауабыңды өлеңмен айтып берші?- дегенде.

Абай: Сіз сұңқар самғап ұшқан қиядағы,

           Талпынған мен балапан ұядағы.

          Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем,

          Дүниенің жалғыз үміт тиянағы.

          Көз көруі жетпейді қабағына,

          Шам жарығы түспейді табағына.

          Өз сабын болат пышақ өзі кеспес,

          Мақлұқат тартпас қоймас тамағына – депті. Абай биден «Би аға, арзан не, қымбат не, дауасыз не?- деп сұрапты. Сонда шешен «Шырағым Абай, арзан - өтірік, қымбат - шындық, дауасыз-кәрілік қой. Жай қолыңды: «Жанарыңның оты бар екен, ақындығың шығар, халқыңның қалаулы азаматы бол»- деп бата беріпті деседі.

«Абай келіп отырысымен анау үлкендер бұдан қала жайын, оқу жайын, саушылығын сұрастырды. Өзге үлкендер ішінде Абайға әсіресе, көңіл бөлген сөзуар, жарқын жүзді Қаратай. Ол Абайды көре отырып, Құнанбайдың өзге жас балаларын да еске алды. - Осы, ана Ысқақ бір жошын! Бір түрлі пысық та сергек неме!-деді.

- Ол әлгі Құңкенің қолындағы ма?- деп сұрап алып, Бөжей: - Рас, құлдырап тұр!- деді. - Иә, рас-ау, соның оты бар!- деп Байсал да қостады. Мұның бәрі қиялап айтқан Құнанбайдың қошеметі. Үндемей түңіліп, сүп-сұр боп отырған Құнанбай ол сөздерге көп шіміркенген жоқ. Қайта, теріс көргендей мойнын бұрып, Абайға қарап: -Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсендерші- деді. (Абай жолы. Бірінші кітап. Алматы. Жеті жарғы.

1997 жыл.) Дана Мұқаң, суреткер Мұқан, біріншіден, Құнанбайдың Абайдай

ұлына лайықты әке, Абай қабілетін алғаш танушы болғанын, екіншіден Абайда бала шақтан-ақ ұтқыр, сөзге тоқтағыштық пен ұстамды мінез болғанын осы бір шағын болса да шалқардай кеңдігі бар үзік суретпен бере салғаны-ақ! Оқушы есінде болар, Ызғұтты Абай, Шәкәрім (бұл бұлақ туралы

алда да әңгімелейміз) Қасқабұлақтары ағып шығатын Шолпан адыры ертеде Әнет баба ұрпақтары мекені болған дегенбіз. Абай Қасқабұлағы да Әнеттікі, Әнеттің үшінші әйелінен туған Шақасынан Айтуар, одан Бабалы. Қасқабұлақ осы Бабалы деген кісінің күзегі болыпты. Бабалыдан - Отарбай. Отарбайдан - Күлембай 1976 жылы 96 жасында дүниеден етті. Біз бұл әңгімені Күлембай Отарбайұлынан естіп едік.

Бұл Бабалықтың әңгімесі. «Құндыздай қап-қара үш жүз жылқы бітті.

Жайлауға көшерде сырт Қасқабұлақтан жылқымды суарып тұр ем, Құнекеңнің үлкен ұлы, Құдайберді марқұм келіп;

- Бабалық, мына бұлағың қай жерге дейін ағады? - деді.

Мен: - Анау Ойқұдық жақтағы шеткі тұмсық төбеге дейін дедім.

- Ой, бәрекелді-ай, Ойқұдыққа дейін құламайды екен, өрісің қысқа болады-ау сенің - деп жүріп кетті. Жайлауға шығысымен жылқыма қотыр дерті килікті. Шақпақтағы сынапты бұлақ суына да, Қырық-ошақтың көліне де шомылдырдым, жазылмады. Қыс түскенше сол дерттен жылқым өліп болды.

Келер жылы кеп: «Бабалық, қонсам деп ем»- деп сұрап келді. Бердім.

Ахат естелігінде Құдайберді мен Абай екеуінің жас кездерінде араз да болғаны жазылады. Құнанбайдың бәйбішесі Күнке ерінен сегіз жасқа үлкен екен. Күңке ерден ерте қалып, қажы Ұлжанға ауып кетіпті. Кұнекең секілді әмірші отырған үйге сый-сыбаға, кіріс дегендер молынан келетіні де мәлім, әлде содан ба, әлде ағайынның іштарлығы килікті ме, қалайда Абай мен ағасының арасында қара мысық жүргені анық секілді.

Бірақ, Құдайберді інісіне көзі тірісінде ол тұрған осы бұлақты

беріп кеткен. Құдайберді Абайға үйірілген өз балаларын көріп, қобалжып кетіп, бетін бері жаққа бұрды.

«...Абай осы қозғалысты байқап, балаларды аз алдандырды да, үйден қайта ұзатып салды. Науқастың қасына тағы кеп отырды.

… Бұл кеште, ел жатқанша, Абай ағасының қасынан кеткен жоқ.

Науқастың тілегі бойынша, домбыра алғызып, көп-көп күйлер тартып

отырды». (М. Әуезов «Абай жолы». Бірінші кітап. 284-285 беттер).

Біз Мұқаңның бүл үзіндімен де нені шолып, нені атап көрсеткенін тағы да таратып айтпақпыз. Абай дәулескер домбырашы болған. Шәкәрімнің айтуынша, Абайға домбыра үйретуші Байжігіт күйшінің шәкірті, Керей елінің Бітімбай күйшісі екен. Қазір «Май түні» деген күйді Абай күйі деп жүрген тегін болмаса керек. Көкше руының берідегі белгілі домбырашысы Әзімханұлы Балтақайға да күй үйретуші Бітімбай күйші дегенді естіген едім.

Жоғарыдағы үзінді де Мұқан Абай күйшілігін атап өтсе, одан соң Араб жұртының әлемге кең жайылған ертегісі «Мың бір түнді де» бұл елге таратушысы да ақын Абай болғанын еске салғандай. Және осы орайда маңызды бір жайға да соға кетеді жазушы. Ол - Шәкәрімнің ер жетіп, ғылым - білімге ұмтылысын оятып, кісілік қалпының тәрбиешісі, қамқоршысы Абай болғанын ашық танытуы. Ахат Семейдегі Абай қорық-мұражайына тапсырған естелігінде әкесі Шәкәрім қажының баласына өзінің өмір жолын шолған әңгімесі. Шәкәрім қажы ұстаз алдына бармай-ақ өз бетімен хат

танып, алғашқы өлеңін жеті жасында шығарған екен. Осы жаста әкесі

өлгеннен соң, атасы Құнекең қолына алыпты да, рухани тәрбиесі

бүтіндей Абай қолына көшкен. Оқитын кітап дүниесін Абай іріктеп

беріп отырса керек. Жасөспірім Шәкәрімнің білімге құштарлығы, үйренуге ұмтылысы зор болғаны сонша, алыстан хабар алып, хабар беретін телеграф туралы оқып, қатар қонған киіз үйлердің шаңырағынан ешкі шегін тартып хабар алмақ та болған екен. Ал, домбыра, мандолин, скрипка секілді саз аспаптарын ерте меңгеріпті. «Бәкем орнына (Құдайбердіні Абай Баке деп атаған) ел үйірлісін» деп болыс сайлатып, Шәкәрімді ел ісіне де жастай араластырған. Шәкәрімнің әлемдік әдебиет классикасына, оның ішінде Шығыс поэзиясына қызығушылығын, көне түркі өнері мен тарихын танып

білуге бағыттаған да ағасы Абай болғанын айтқан.

Соның маңызы елеулі бір үзігіне ғана тоқтайық.

- Мағаш өліп, Абай түсініксіз бір дертке шалдыққан, ұйықтамай көбіне түрегеп отырған. Дәрігер шақыртпаған. Көп күндер қасында

боп, үйге барып қайтуға рұхсат сұраған Шәкәрімге үш күн өтеді.

- Үйге келсем де мазам болмай, ертеңінде сәскеде Абай ағанікіне

келдім. Үй ішінде қызу әңгіме болып жатыр. Сәлем беріп кіріп келдім.

Үй толы кісі. Бәрі жым-жырт бола қалды. Әңгіме мен туралы болған

ба деп ойлап, қысылып қалдым. Абай ағам:

- Нағыз сорлы мына Шәкәрім екен - деп салды.

Мен: - Here Абай аға, - дедім. Абай:

- Сен сорлы емей, кім сорлы. Мен өлемін. Сен білімсіз қалдың-ау - деді. Абай осыдан бір-ер жыл бұрынғы уәдесін еске алған еді. Бір мәжіліс үстінде, Абай:

- Шәкәрім, сенің ақындығыңнан тарихшылдығың басым, шығыс жұртына барып, солардың кітапханаларына отырсаң деп едім. Түркияда - Стамбул, Арабта - Мысыр, Мекке, Мәдина, Египетте - Александрия, Французда - Париж кітапханаларында зерттеу жүргізсең деймін. Біздің халқымыз тарихы сол жақтан арна тартса керек - деп еді.

Мен: - Оныңыз жөн ғой, аға. Ол өзімнің де арманым, бірақ, менде

қаражат жоқ қой. Абай - Мен тірі болсам, қаражат табылады, Қаражатыңа мен жауаптымын. Ал, сен сол жұрттардың тілін меңгере бер. Қажылық басты мақсатым демессің, ғылым үшін барасың - деді.

Мен: - Абай аға, сіз олай десеңіз, мен қиыншылық кезіксем де, сізге берген уәдемді орындаймын! Сол шығыс елдерінің кітапханаларында болатыныма сеніңіз!- дедім. Абай; - жөн екен, онда! Әй, Шәкәрім-ай, мен сырқатқа

айналдым ғой. Айтқан күні тоспай-ақ, ерте келгенің жақсы болды

ғой - деп тоқтап еді. Осы жерде ақынның сүйікті шәкірті Көкбай Жанатайұлы туралы естігеніміздің бір үзігіне тоқтала кету керек сияқты. Біз жас кезімізден Көкбайдың көбінекей моллалығын, ол кісінің мешіт-медресе салғанын еститін едік. Қазіргі Қасқабұлақ ауылында 1964 жылы дүниеден қайтқанынша, Көкбаймен немере, өзі де ақын, шығыс әдебиетінің де, мұсылман діни аңыздарының да білгірі Ыбырайша Мұсатайұлы деген ақсақал тұрды. Бір әңгіме үстінде: - Ата, Абай өлгенше Көкбайдың молла аты

болды ма?- деп сұрадым.

- Жоқ, Абай өлгенше Көкөң молла аталған жоқ болатын, ақын Көкбай аталатын - деді. Бұл дәл сөз емес екен. Мен ақсақалға жоғарыдағы сұрақты 1953 жылы қойып отырмын. Ал елуінші жылдардың бас шені тағы да күйіп

тұрған шақ еді. Қазақ зиялыларының бір тобы «Халық жауы» атанып,

айдауда жұрген. Мұхтар мен Қаныштар да қуғында еді. Ақсақал

қорқып, жалтара жауап берген екен. Мұны білмей тұрған жоқ қой ол кісі.

Біз бұл жерде Көкбайдың мешіт-медресесі хақында аз-кем тоқтала кетейін.

Көкбай медресесі 1901 жылы салынып, жобалай Керейі, Семіз Найман, Сыбан, Қойбағыс, Уақ, Ақымбет және бар тобықты руларынан қаражат жиналғаны, бала саны 360-қа жеткені, Көкбайдын 1921 жылға дейін сабақ бергені, медреседе, мұсылманның діни пәндерінен өзге орыс тілі, география,

математикадан сабақ жүргені жазылған, Мешіт 1903 жылы ашылды

дейді. Бұдан шығатын қортынды, біріншісі, Көкбай мешіті мен

медресесі Абайдың көзі тірісінде, Абайдың мақұлдауымен салынған.

Екіншісі, Көкбай медресесінде таза діни сабақ емес, орыс тілі,

география, математика секілді іргелі ғылым негіздерінде дәріс

оқылған. Мұнда да Абай өсиеті бар екендігі сөзсіз.

...Шәкәрім мен Көкбайдың айырдын қос өркеші іспетті, аса ірі қос шәкіртіне шығыс тарихын, ислам дінін зерттеу мен жас ұрпаққа

сол бағыттағы ғылым негіздерін үйретуді тапсыруы да ұлы ойшыл

ақынның шығысқа сырт қарамағандығы ғой... 

Б.Исабаев «Ұлылар мекені» (124-131 беттер).

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?