Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің тарихы

6254
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің тарихы - e-history.kz
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі жақындап келеді. Бұл еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі.

Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Сондықтан  бұл мейрамның маңызы зор. 

Көктемнің соңғы айының бірінші күнін тойлау дәстүріне қандай тарихи оқиғалар себеп болды? Мерекенің кешегі өткен тарихына көз жүгіртсек, 1 мамыр мейрамын алғаш ойлап тапқан большевиктер, Чикагода ереуілге шыққан жұмысшылар емес екен. Мереке тарихының тамыры тереңде жатыр.

06406785dd890d7883aceffb81d52ded.jpg

Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары жердің қамқоршысы әйел құдай Майяға табынған. Соның құрметіне көктемнің соңғы айын «май» деп атап, осы айдың бірінші күнінде серуендер өткізіп, тойлар жасады. 

1 мамыр мерекесінің тарихы Еңбекшілердің ынтымақтастығы күні ретінде 1889 жылдың шілдесінен атап өтіле басталды. 1886 жылдың 1 мамырында АҚШ-тың жұмысшылары 15-сағаттық жұмыс күніне қарсы ереуіл ұйымдастырып, зауыт басшыларынанжұмыс күнін 8 сағат деп белгілеуді  талап еткен. 

Наразылық білдіру әрекеттері 4 күнге созылды. Нәтижесінде, ереуілге қатысқан жүздеген адамдар тұтқындалып, алты жұмысшы мерт болды, 50 — жарақат алды. Жұмысшылар үшін тіпті мұның өзі кедергі болмады. 1889 жылдың маусымында Париждегі 2 Интернационалдың 1 Конгрессі 1 мамырды - 8 сағаттық жұмыс күні үшін Халықаралық күрес күні немесе Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні деп атау туралы шешім шығарды. 

Ресей империясында бұл мейрам 1890 жылы жұмысшылардың ереуілге шығуы ретінде аталып өткен. Бір жылдан кейін Петербург қаласында бірінші «маевка» (еск.: төңкеріске дейінгі Ресейде — еңбекшілердің революциялық құпия жиналысы) ұйымдастырылды. 1897 жылдан бастап «маевкалар» саяси сипатқа ие болып, жаппай демонстрациялармен қатар өтті. 1917 жылдың 1 мамырында бұл мереке алғаш рет ашық тойланды. Елдің барлық қалаларындағы миллиондаған жұмысшылар Коммунистік партияның «Барлық билік кеңестерге берілсін!», «Министр-капиталисттердің көзі жойылсын!» деген плакаттарымен алаңға шықты. 

9268c062615f7115671e159dd30a8bd1.jpg

Кеңес Одағында Еңбекшілердің ынтымақтастық күні мемлекеттік мереке болып табылып, сән-салтанатпен атап өтілді. 1 және 2 мамыр күндері демалыс күндері болды. Қазіргі таңда Ресейде бұл мейрам өзінің бастапқы саяси мағынасынан айырылып, Көктем және еңбек күні болып саналады. 1 мамыр мерекесі 1990 жылы Еңбекшілердің ынтымақтастық күні ретінде тойланды. 

d8b2bccacb64dd8585f776744f3612c5.jpg

Тәуелсіз Қазақстанда мейрам 1996 жылдан бастап тойланады. 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы бұйрыққа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылдың 18 қазанында қол қойып, Еңбекшілер күнін тойлаудан бас тартты. 

Бұл күні Қазақстан Республикасында тұратын халықтарды бірлікке, ынтымаққа ұйытатын мерекелік шаралар өткізіледі. Қазақстан — көп ұлтты мемлекет. Елде 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Қазақстан халқының бірлігі күні қалай атап өтіледі? Ән айтылып, би биленеді. 

cd5526b58ad401a5d8fcc349b099675e.jpg

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне қатысқан адам бұл мейрамның ауқымын біледі. Мерекеге әртүрлі мәдени орталықтар атсалысады. Олардың мақсаты — Қазақстан халқын өзге халықтардың дәстүрлерімен таныстыру. Мейрамға еңбек ұжымжары, ЖОО студенттері, әртүрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері белсенді қатысады.

Мерекенің ең бір жарқын көрінісі — этномәдени көрме. Орталық мәдениет және демалыс саябағының алдында (Астана қ.) Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұлттық баспаналары тұрғызылады. Шағын музейлерден белгілі бір ұлтқа тән киім үлгілерін, үй заттарын, әшекейлерді көріп, ұлттық тағамдарының дәмін тата аласыздар. 

Сонымен бірге, бұл күні Қазақстан музейлері мен кітапханалары Қазақстанда тұратын халықтарға арналған көрмелер ұйымдастырады. Мейрам Қазақстан халқын ел аумағында тұратын өзге ұлттардың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып, ұлт тұтастығын нығайта түседі.

8a36dda50e7d315c9944e16d6e89f2da.jpg

26219c9bae86aed62bf76f3a462b63fc.jpg

e95a72428317e9ec9f55484e4dd0ad77.jpg


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?