Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Маркалардағы тарих

2828
Маркалардағы тарих - e-history.kz
Қазақстан маркаларының тарихы туралы кім толығырақ біледі? Әрине, филателисттер – коллекция жинаушылар, пошта белгілерін жақсы көретін және олар туралы бәрін білетін адамдар.

 

 

Астанада өткен филателисттердің кездесуінде Қадыр Аманжол және Константин Яковлевпен таныстық. Олар маркалар туралы бәрін біледі. 50 жылдан астам уақыт бойы марка жинаумен айналысуда. 

 

5713a8653c26048f8d241115121493b5.jpg

Белгілі болғандай, Қазақстанның алғашқы маркасы 1992 жылы шығарылған. Ол «Алтын адам» деп аталған. Бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттің маркасы болды. Оны суретші Д.Мұхамеджанов салды. 

 

b84aa55774dc39601ea7ef869f719db1.jpg

Айта кету керек, аталған суретші көптеген Қазақстан маркаларының авторы болып табылады. Бірақ, филателисттердің сөздеріне қарағанда, ең алғашқы марка 1976 жылы шығарылған. Бірақ оны тәуелсіз мемлекеттің маркасы деп атауға құқығымыз жоқ. 

 

e2e67ab159dc3cc2b15ae6f88cc796f7.jpg

Константин Яковлевичтің айтуынша, 1990 жылдардағы Қазақстан полиграфиялық жабдықтармен аз қамтамасыз етілген еді, сол себептен осы кездегі көптеген маркалар Қытайда шығарылған. Біздің еліміздің маркалары Норвегия, Германия, соңғы кезде Баларусь елінде де басылуда. Көптеген көркем маркаларымыз шетелден шығады. 

«Қазақстанның пошталық дәстүрлері тым жас екен. Тіпті, тарихы КСРО-дан басталатын Ресейдің пошталық дәстүрінде де кемшін тұстар кездеседі. Ал еуропалық елдерде маркаларды шығару үрдісі бұрыннан қалыптасқан. Олар классикалық маркалар деп аталады. Атап айтсақ Швейцария мен Франция алдыңғы қатарда», — деп түсіндіреді Константин Яковлев. 

Коллекция жинаушылардың сөздеріне сүйеніп, Қазақстан бүгінде 700-дей марка шығарды деп айтуға болады. Жыл сайын Қазақстан 25-тен 40-қа дейін марка басуда, ал Ресей — 120. Сарапшылардың айтуынша, елімізге маркалардың осындай саны жеткілікті. Белгілі бір мемлекеттің тарихи маркалары хронологиялық коллекция деп аталады. Адамдардың көбі белгілі бір тақырыпқа арналған маркаларды жинайды, мысалы жануарлардың, суреттердің, тарихи тұлғалардың бейнесі бар маркалар.

Қадыр Аманжол өз топтамасын көрсету үшін бізді өз үйіне шақырды. Ол КСРО-ның кескіндемесі бар маркаларды көп уақыт бойы жинады. Кейін шетелдердің кескіндемесі бар маркаларды жинай бастады. «Музейлерді аралап жүрудің қажеті жоқ», — деп әзілдеп қояды ол.

 

a7d488f7079de3fefee757a4e3953813.jpg

Кеңес Одағы кезінде шетелден зат алдыру қиын болды, бірақ ол сол кездің өзінде көп елдердің маркаларын жинап алды. Мысалы, Франция, Польша, Манама, Куба, Конго, Қайман аралдары, Румыния, Чад Республикасы, Венгрия және басқа мемлекеттердің маркаларын мақтан тұтады. Өнердің тамаша үлгілері өз ерекшелігімен, кереметтілігімен сипатталады.

 

ccdb812144f85ac0b4e484941f777b4b.jpg

Кеңестік кескіндеме

 

b2b4a69ce5568e796fddd2b5edffe621.jpg

Шетелдік кескіндеме

Коллекция жиюшылардың сөзіне қарағанда, маркаларды басып шығару — мемлекеттің экономикалық не саяси жағдайына тәуелсіз. Ұлы Отан соғысы жылдарында марка басу үдерісі тоқтамай, соғыс тақырыбына арналған маркалар шығарылған. Оларда әскери іс-қимылдар және қару үлгілері бейнеленген. 

Коллекция жинаушының құрал-жабдықтары — лупа (үлкейткіш шыны), кішкентай қысқыш, желім, маркаларға арналған альбом. Белгілі бір марканың бағасын анықтау үшін пошта маркаларының каталогтары бар. Кеңес Одағы кезінде осындай каталогтарды Соловьев және Загорский жинақтары пайдаланылған. Қазіргі кезде каталогтарды «Қазпоштадан» сатып алуға болады. Сонымен бірге, коллекция жиюшылар «Алекс» деп аталатын жеке каталогты қолданады. Осындай каталогты Интернет желісінен табуға да болады.

 

2625e2501d48df17e3b0b13b2f3fbd3f.jpg

Филателисттер қатесі бар маркаларды қатты бағалайды. Мысалы, жаңылысы бар маркалар («Қазақстан» сөзінде қатесі бар маркалар, көптеген жағдайларда «қ» әрпі керісінше басылып кетеді) кездеседі. Басқа қателіктер де бар болуы мүмкін. Бұл басушылар тарапынан жіберілген қателер болып табылады. Мұндай маркалардың бағасы жыл сайын өсуде. Филателисттер осындай сирек маркаларды іздеп жүреді, өйткені толық коллекция үшін әлемде шығарылған барлық маркалар қажет.

Филателия — бұл нағыз ғылым, әрі әуесқойлық. Егер адам бір кезде маркаларға қызығып қараса, онда бұл іс өмірлік хоббиге айналады. Адамның өзі-де коллекция жинаушы болып қала береді. Әрине, бұл әуесқойлық қаражат қажет етеді. Филателисттер маркалармен өте сирек алмасады, көп жағдайда коллекцияға жетпейтін маркалар сатылады. 

Ал енді Қазақстан маркалары туралы тағы да айтып өтейік. Қазақстанда шығарылған барлық маркалар Қадыр Абылханұлының топтамасында бар. Ол астындағы жазулары мен иллюстрациялары бар арнайы альбом жинады. Қадыр Абылханұлы жинаған 700 марканы назарыңызға ұсына алмаймыз, бірақ олардың кейбіреулерін көрсетуге дайынбыз. Қазақстанда қалыптасқан дәстүр бойынша маркалар әртүрлі тақырыпта жасалады, сондай-ақ мерекелік және атаулы күндерге арналған маркалар шығарылады.

 

5964d8fce41bbcbb337e77d59dc38c63.jpg

80e4be830daeb7c5a1793ba5cae72a31.jpg

37a0a5ba1dde504c7375bdba4a2f597e.jpg

aced6c657a3a73093455ffb2a7f74d21.jpg

e751776d6e492f626e5b018573bf248f.jpg

9f6befbd81a1da88faff47cc396089ac.jpg

e0deeb56af9e6eab7bb02781c3131480.jpg

8a4f551b953924a8f20610199bf36287.jpg

 

5dd04e308d8a001223d145c2ed9628bd.jpg

6e71b2d09e8bc227236cc9f5d85c61d5.jpg

e422ede4f7d38ea60dbcf949936634d6.jpg

8a8ffc386214099ecbfbc512d891294b.jpg

caca60a552314b06021e4165c5261c0e.jpg

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?