«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Моңғол Империясының қаһарлы армиясы: әскери жетістіктерінің құпиясы

575
Моңғол Империясының қаһарлы армиясы: әскери жетістіктерінің құпиясы - e-history.kz
Еліміздің бай және қайталанбас мәдениеті туралы бүкіл әлемнің ғалымдары көне заманнан бері жазып келеді... Бүгінгі таңда шетелдік зерттеушілерді Қазақстанның қай кезеңі қызықтыруда?

РҒА археология институтының (Мәскеу, РФ) жанындағы «Әскери Археология» Мәселелік Кеңесінің ғылыми хатшысы Юрий Алексеевич Кулешов Алтын Орданың әскери ісі туралы айтып берді. 

— Юрий Алексеевич, Моңғол Ипериясының әскери ісін не себептен зерттей бастадыңыз? 

— Ұлы Моңғол Империясы Тынық мұхиттан Адриатикаға дейін созылатын аймақта өз ізін қалдырған. Моңғолдардың әскери іс-қимыл әдісі көршілес елдерге көп ықпал еткен. Ғылыми зерттеумен айналыса бастағанда, кейінгі ортағасырлық кезеңдегі Көне Русьтің әскери ісін ғана зерттеу бағытымен шектелдім, бірақ Алтын Орданың әскерінсіз болашақ зерттеулерімнің нәтижесіз болатынын тез түсіндім. Сондықтан да Алтын Ордаға, ал кейін бүкіл Империяға көңіл аудардым. 

— Моңғолдар мықты және қаһарлы қарсыластар деп саналғаны белгілі. Олар әскери операцияларда қандай тактика қолданған және басқа көшпелі тайпалардың тактикасынан несімен ерекшеленген? 

— Біріншіден, ол тактикасына емес, ал стратегиясына байланысты болған. Тактикалық тұрғыдан алып қарастырғанда, моңғолдар садақ ату шеберлері. Мұнымен басқа көшпенділерден аз ерекшеленген. Әрине, тактикалық жағында-да жаңалықтар болған, мысалы аумақтарға бағытталған бастырмалатқан атыс. Бірақ ең бастысы — стратегиялық әдістер. 

Бірінші және ең бастысы — кең майдандағы ұрыс. Осы жаңадан ойлап табылған нәрсенің маңыздылығын түсіну үшін Ортағасырдағы соғыс жүргізу әдістеріне қарау керек. Олар Еуразияның бүкіл аймағында стандартты болған. Соғыс бастаған ел, біріншіден, өз армиясын жинаған. Айта кету керек, ол кезде тұрақты армиялар болмаған еді, армия құрамы әскери міндетті өтеуге борышты болған феодалдардан, егін шаруашылығымен айналысқандардан құралған. Олардың екеуі-де әскери қызметте болған. Сондықтан да жауынгердің киім-кешегі оның табысына тәуелді еді. Мемлекет жорыққа шыққан армияны азық-түлікпен, жемшөппен және басқалармен қаматамасыз еткен. Жорық үшін үлкен обоздар (көп арба) жинақталған. Жорыққа шыққан армия бір бағытта жүріп, өз арбаларын қорғаған. Ал оған қарама-қарсы бағытта тура осындай армия шыққан. Олар белгілі бір жерде кездесіп, сол жерде ұрыс басталған еді. Осыдан кейін соғыс қимылдарын бастағандар жеңілген қарсыласты түгел тонаған немесе жеңілген жау өз жерлеріне қайтып кетіп, кейінгі оқиғаларды күткен. 

Моңғолдар басқа стратегия қолданған. Олар майданның кең аймағында шабуыл жасағандықтан белгілі бір мемлекеттің қарулы күштері бір жерде жиналмаған. Егер де қарсыластың армиялары бір жерге жиналып қалса, онда моңғолдар жеңілген. Камадан өту кезінде, Жебе мен Сүбедей қолбасшылардың Шығыс Еуропаға жасаған шабуылының соңында осылай болған. Хорезмді жаулап алу кезінде, Коломна және Лигница аумақтарының түбіндегі шайқастарда көп қан төгілген. Осы жерлерде көптеген Шыңғыс ханның ұрпақтары қаза тапқан.

Моңғолдар дүниеге алып келген екінші құбылыс — террор. Ортағасырда тұтқынға түсу — кәдімгідей құбылыс. Шайқастарда көп адам қаза тапқан. Мысалы, Александр Невский Нева өзеніндегі шайқаста шведтерді талқандаған. Осы ұрыста 20 орыс жауынгері мерт болды. Осы кезде Чуд көлінде болған ұрыста Тевтондық Орден өзінің 70 жауынгерінен айырылған. Тұтқынға алынған адамдардың ішінде ақсүйектер қоғамының өкілдері болған. Тұтқынға түскендер көбінесе сатып алынған, сондықтан да бекерден-бекер жан тапсырудың керегі жоқ. Ал моңғолдар қамауға алынған адамдарды қинап өлтірген, тұтқынды өлтіру сәті бәріне көрсетілген. Осылай, еуропалық хронисттер адамдардың кескен бастарынан тұратын қорғандар туралы жазған. Моңғолдар Орталық Еуропаға жорықтарын жасау кезінде өздерінен кейін осындай қорғандарды қалдырып кеткен. Осындай әдістер ортағасырлық адамдардың санасына қорқыныш сезімін уялатып, қарсы тойтарыс беру үшін адамдардың жігерін әлсіретті. Осының арқасында қалалар және бекіністер өз еркімен берілген.

 — Далалардағы моңғол әміршілері өз әскерін қалай жабдықтаған? Темірді өндіру және қару-жарақ, сауыт-сайманды жасау моңғолдар қолынан келген бе? 

— Бірінші кезекте, жаулап алынған мемлекеттердегі қару-жарақ тартып алынған еді. Мысалы, Цзинь Империясы және Хорезмде үлкен арсеналдар болған. Хорезмге жорық жасау кезінде моңғолдар ірі қару-жарақ орталығын (Тебриз қаласын) жаулап алған. Өзінің қуаттылығы бойынша неміс Рейн және итальяндық Миланнан кем емес болған, яғни көптеген аумақтарды қару-жарақпен қамтамасыз еткен әлемнің ең ірі аумағы болған. Мұнда жасалған қару-жарақтың санын көзге елестету үшін рейндік шеберханаларды қарастырайық. Олар 9 ғасырдан 14 ғасырдың соңына дейін Атлантикадан Оңтүстік Оралға дейінгі аумаққа қылыштарын жеткізіп тұрған. Моңғол Империясының ыдырауынан кейін пайда болған мемлекеттерді қарастырғанда, Алтын Ордадағы әскери құрылымдарды қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін сауда көмектескен. Оның ішінде, жазба дереккөздерде Италия және Мысырдан жеткізілетін қару-жарақтың мол саны туралы хабарланды. Археология да осыны растайды. Темірді өндіру және қару-жарақты жасау туралы айтқанда, моңғолдардың шикізаттық базасы болмаған деп айта кету керек. Көршілері олардың стратегиялық тауарлардың жеткізіліміне тыйым салған. Осындай тауарларға темір жатқан. 

Кейін, жаулап алу кезінде шикізат орталығына жол ашып, қол өнерімен айналысқандарды жаппай жаулап алған. Соңғыларды өз иеліктеріне жеткізген, мұнда қару-жарақты жасайтын, металлды өндіретін орталықтар ұйымдастырылған. Мысалы, жазба дереккөздерде осындай екі ірі орталық туралы айтылады. Біріншісі Алтайдың шығыс бөктерінде орналасқан, мұнда 10 000 адам жұмыс істеген, ал екіншісі қазіргі Талас (қырғыз қаласы) аумағында жайғасқан. Айта кету керек, Орталық Еуропаға жасаған жорық кезінде жаулап алынған 700-тей саксондық металлург жұмыс істеген.

— Моңғол жауынгерлері керемет шабандоздар және тамаша садақ атушылар болып саналған. Моңғолдардың жетістіктерін қару-жарақ түрлерін шебер қолдануымен түсіндіре аламыз ба? Мысалы, құрама садақ. 

— Қару-жарақтың озат түрлері? Жаңа Замандағы тұрақты армиялардың пайда болуына дейінгі ғасырларда төрт озат құрал — садақ, үзеңгі, қылыш, оқ-дәрі болған. Ойлап табылған жаңа заттар тиімді болса, онда олар тез қолданысқа енген. Сондықтан да моңғолдар белгілі бір озат қару-жарақты қолданған деп айтуға негіз жоқ. Моңғолдардың керемет стратегиясы және қатал тәртібінің арқасында олардың әскери ісі табысты болған.

— Шыңғыс ханның жауынгерлері тұңғыш композиттік садақты қолданған деп тарихшылар бірден айта алмайды. Моңғолдар жаңа қару-жарақ түрін енгізген бе? 

— Композиттік садақ киммериялықтардың заманынан белгілі, бұл шын. Менің ойымша, моңғолдар ойлап тапқан құралдар саласында қарапайым спекуляциялар бар. Осының бәрі — садақ, үзеңгі, қылыш моңғолдар жаулап алғанға  дейінгі кезеңде ойлап табылған. Моңғолдар осыны ұтымды пайдалана білген...

Инна Кузьменко

Сауалнамалар
Қандай бұйым үйіңіздің төрінде тұр?