Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Абай мұражайы сала көшбасшысы атанды

1827
Семейдегі Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы Ұлттық бизнес-рейтинг бағдарламасы бойынша «Сала көшбасшысы» атанды.

Жыл сайын берілетін «Сала көшбасшысы» сертификаты Қазақстан экономикасын дамытуға ерекше әлеуметтік үлес қосқан, мекемелер мен кәсіпорындарға табыс етіледі, деп хабарлайды inform.kz, Аltaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

 «Сала көшбасшысы-2013» ұлттық сертификаты Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы ұжымының атқарған еңбегіне берілген жоғары баға мен жаңа жетістіктерге ынталандыру болмақ.

Өткен жылы Абай мұражайында бірқатар маңызды шаралар өткен болатын. Зәки Ахметовтің 85 жылдығына, Шәкәрім Құдайбердиевтің 155 жылдығына арналған конференциялар осы сөзімізге дәлел. Мұражай қызметкерлерінің табанды еңбегінің арқасында Шәкәрімнің «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы жарық көрді. Сонымен қатар, өлеңдерді орыс тілінен аудару жұмыстары да нәтижелі жүргізілді. Мұражайдың ғылыми қызметкерлерінің әр түрлі тақырыпты қаузаған мақалалар жинағы да басылды. Қарлығаш Ибрагимованың «Алаш» партиясы жөніндегі жұмысы республикалық ғылыми мақалалар конкурсының екінші турына өткенін де айта кетуіміз керек. Мұражайдың ғылыми кітапханасы жаңа туындылармен толықты. «Абай мұражайының жәдігерлері» кітабының бесінші томы, сонымен қатар, Шәкәрім шығармашылығын тереңірек тану мақсатына бағытталған танымдық кітаптар дайындалды.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?