Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚР Тұңғыш Президентінің қоры «Назарбаев орталығының» тұсауын кесті

1898
Мұражайдың негізгі мақсаты – республиканың егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен оның үдерісінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи ролін ерекше толық ашу.

ҚР Тұңғыш Президенті қоры ел басына қор қызметі жаңа кезеңінің белгісі болатын  «Назарбаев Орталығы» кешенінің тұсауын кесті. Осы ғимаратта тарихта алғашқы рет, шетелдік орталықтарының ұқсастығына қарай құрылған, қазақстан президенттік  орталығы өз жұмысын бастайды, деп хабарлады inform.kz  Тұңғыш Президент қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің көптеген елдеріндегі осындай ұйымдардың негізгі міндеті – оның тарихында мемлекетті әр жылдары басқарған, тұңғыш басшыларының қызметін түсіндіру және насихаттау. Әрбір ел басы қызметінің, оның идеялары мен шешімдерінің мәнін түсіну, елдің қазіргі азаматтары үшін, сондай ақ болашақ ұрпақ үшін маңызды. Осы іспеттес орталықтар президенттік басқару үлгісіндегі елдің саяси, әлеуметтік және мәдени өмірінің маңызды бөлігі болғандығы кездейсоқ емес. Олардың арасында АҚШ көптеген президенттік кітапханалары: Рузвельт, Трумэн, Эйзенхауэр, Джонсон, Картер, Рейган, Клинтон және АҚШ көптеген басқа президенттерінің кітапханалары. Президенттік кітапхана жүйесінің америкалық тәжірибесі Оңтүстік Корея мен Австралия президент орталықтарын ұйымдастыру кезінде негізге алынды. ТМД елдеріндегі президент орталықтарының мысалы болып Горбачев-қоры, Ельцин-қоры, Гейдар Алиев қоры болып табылады.

Кешеннің құрамына Мұражай мен Кітапхана кіреді, ол біздің еліміздің Тұңғыш Президентінің қызметі туралы ең толық және жан жақты мәліметті жариялайтын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының өзіндік ақпараттық аймағы болады.

Осы ғимаратта Тұңғыш Президент Қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат Институты өз жұмысын жалғастырады. Әлемдік қауымдастық осының арқасында, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті авторы болып табылатын, қазақстан бағыттарының бірегей ерекшеліктері мен мемлекеттік даму стратегиясын біле алады. 

Мұражай мен Кітапхана осыған ұқсас мекемелердің дәстүрлі үлгісінде жұмыс істемейтіндігін атап кеткен жөн. Мұражай мен кітапхананың барлық қорлары, заманауи технологиялардың есебінен қол жетімді болып, оның көмегімен заманауи мультимедиялық мүмкіндіктерді кеңінен қолданумен, ақпараттық және көзбен шолу арқылы көрсетілетін материалды зерттеуге болады.

Мұражай Қазақстанның ең соңғы тарихы бойынша, ірі ақпарат орталығы ретінде қалыптасқан. Оның негізгі мақсаты – республиканың  егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен оның үдерісінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи ролін ерекше толық ашу.

Өз кезегінде, президенттік кітапхана зияткерлік ғылыми-зерттеу орталығы болуы тиіс. Кітапхана қорының жалпы көлемі 460,5 мың бірлікті, (кітаптар, брошюралар, басқа да құжаттар), соның ішінде 200 мың бірлікке дейін  жабық қорды сақтауға есептелген.

Ғимараттың өзіндік сәулеттік көркі, британдық сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша тұрғызылып, ол  қазіргі Қазақстанның өмірлік күшін бейнелейді. Жалпы аумағы 30 мың.шаршы метр кешен аспанға ұмтылып тұрған тәрізді.  Бұл ғимараттың техникалық ерекшелігі шатыр құрылымында, оның арқасында  бойының диаметрі 81 метрге жетеді. Кешеннің барлық іске жоспарлануы аумағы 535 шаршы метр болатын  диаметрі 26 метр атриумның төңірегінде шоғырланады.  Бұл жерде 500 дейін келіп кетушілерді сыйғыза алатын, әртүрлі көпшілікке арналған іс шараларды өткізуге болады.

Әлбетте, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Қорының, «Назарбаев Орталығымен» аталған жаңа ғимаратты ашуы, тек ғана қазақстандық емес, сондай ақ әлем жүртшылығының  көңілін аударады.   


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?