Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Әл-Фараби және тұрақты даму идеясы» атты ғылыми студенттік семинар

1367
ҚазҰУ-да шығыстың ұлы ойшылы, философ, энциклопедист Әбу Насыр әл-Фараби есімі берілген күніне байланысты дәстүрлі өткізілетін Фараби оқулары - Пәнаралық ғылыми-студенттік семинар өтті.

ҚазҰУ-да шығыстың ұлы ойшылы, философ, энциклопедист Әбу Насыр әл-Фараби есімі берілген күніне байланысты дәстүрлі өткізілетін Фараби оқулары - Пәнаралық ғылыми-студенттік семинар өтті. Университет Музейі, философия және саясаттану факультетіндегі «Әл-Фараби мұраларын зерттеу орталығы», география және табиғатты пайдалану факультеті халықаралық энергоэкология кафедрасының қатысуымен және Алматы қаласы жастарды рухани-адамгершілік және патриоттыққа тәрбиелеу Комиссиясы, қалалық Ардагерлер кеңесінің тікелей қолдауымен дәстүрге айналған III Фараби оқулары, Пәнаралық ғылыми студенттік семинар университет Музейінде өткізілді.

Семинардың мақсаты – университет студенттері және жас ғалымдарымен бірлесе отырып әл-Фарабидің көпқырлы және бай мұраларын пәнаралық тұрғыда зерттеу. Аға буын мен университет жастарының арасындағы ұрпақтар сабақтастығын дәріптейді. Бұл жиында студенттер, магистранттар, жас ғалымдар әл-Фараби мұраларын зерттеудегі өзіндік тәжірибелері жайлы баяндамалар жасап, презентациялар көрсетті, ғылыми саяхаттары мен зерттеу жұмыстарының жоспарларымен бөлісті. Музей қызметкерлері тарапынан мынадай тақырыптар бойынша «Әл-Фараби және адамзат өркениеті», «Қазақ даласының ұлы тумасы. Отырар феномені», «Ойшыл дүниетанымы қазіргі жастар көзімен» және тағы басқа әдістемелік кешен ұйымдастырылған.

Сонымен қатар студенттер «Әл-Фараби философиясындағы әлеуметтік идеялар», «Әл-Фараби іліміндегі дін мен философия арақатынасы», «Әл-Фарабидің мемлекет туралы ілімі» сында өзекті тақырыптарды қозғады. Семинар музейде интерактивті, видеороликтер мен мультимедиялық презентациялар түрінде өткізілді. Ойшылдың мұраларына арналып көрме ұйымдастырылды, «Мәдени Мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген «Әл-Фараби мұрасы: Қазақстандық философиялық зерттеулер» 10 томдық шығармалар жинағы мен әл-Фарабидің Отанынан, Түркия музейлері мен университеттерінен, басқа да шет елдерден әкелінген экспонаттар, тарихи құжаттар қойылды.

Алматы қаласы Әкімдігі «Жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру комиссиясы» төрайымы, қаламыздың Құрметті азаматы Б.Р Рамазанова өзінің өнеге-өсиеттік тәлімдік тілегімен бөлісті. Музей директоры Т.Л Тәжібаева бүгінгі өткізіліп жатырған ғылыми-танымдық семинардың мақсатымен таныстыра отырып, бүгінгі «Әл-Фараби және тұрақты даму идеясы» тақырыбының негізгі мәнін аша түсті. Студенттер арасында пікірталастар орын алып, олардың Әл-Фараби мұрасына қызығушылықтары, жалпы бүгінгі ғылыми-танымдық семинарға дайындықтары айтқан сөздерінен, жинаған мәліметтерінен көрініп тұрды.

«Бүгінгі ғылыми-танымдық семинарға алғаш қатысуым. Шараның қазіргі жастарға берер тағылымы мол. Өйткені осындай іс-шаралар біздің білімізді одан әрі жетілдіріп, дамытып отыруға мол септігін тигізеді, әрі Әл-Фараби бабамыздың еңбектерімен жақсы танысуға мүмкіндік берер жақсы жоба»,- деп философия және саясаттану факультетінің 2 курс студенті М.А Ақылбеков өз ойымен бөлісті. Ал, «Әл-Фараби мұраларын» зерттеу орталығының жетекшісі Ж. Алтаев жиын барысында «Бүгінгі шара осымен 3-ші жыл өткізіліп отыр. Семинарға университеттің бұрынғы ардагерлері, жас ғалымдар, доктаранттар, студенттер қатысып жатыр. Қазіргі кезде әл-Фарабидің мұраларына қызығушылық тек қана біздің елде емес, әлемдік деңгейде өте үлкен қызығушылық танытып отыр. Себебі ол кісінің жазған еңбектері әсіресе жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша әлемдік өркениеттің, әлемдік ғылымның, әлемдік философияның дамуына үлкен ықпалы болған. Және де осындай іс-шаралар арқылы Әл-Фараби мұраларын, еңбектерін студенттерге насихаттау біздің бірден-бір парызымыз»,-деді.

Әл-Фараби шығармашылығы – әлем мәдениетінің жарқын беттері. Оның ғылыми білімнің дамуына қосқан үлесі шексіз. Ойшылдың шығармашылығының сан қырлылығы, оның ғылымның әр саласындағы қарастырған мәселелері өсіп келе жатқан ұрпақтың әл-Фараби мұрасына деген қызығушылығын тоқтатпайтынына көзіміз жетті.

Дерек көз: kaznu.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?