Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қамысбай мемориалдық ескерткішінің архитектуралық декорациясы

3413
Қамысбай мемориалдық ескерткішінің архитектуралық декорациясы  - e-history.kz
National Digital History интернет порталы бірегей діни сәулет ескерткіштеріне саяхатты белгілі архитектор Алмас Ордабаевтың эксклюзивті фотошежірелерімен жалғастырады

ХІХ ғасырда Маңғыстау халық шеберлерінің сәулет өнер тәжірибесінде елеулі ілгерілеушіліктер пайда болды, ол нысандарды байыту оларды өңдеу және жақсарту жағынан байқалады. Болаттан жасалған екі қолды аралардың пайда болуы, жергілікті ірі тастардан жасалған қаптама тақташалар бетін тегіс етіп өңдеуді оңайлатты.

Күмбезді кесене түрі ХІХ ғасырдың соңы

Қасбеттер, күмбездік кесенелер интерьерлері мен сағана-тамдар пішінді бұранда мен әртүрлі полихромды жазбалармен безендіріле бастады. Жазбалар үшін минералды және органикалық бояғыштар қолданылған.

Мүйізді мазар

Олардың кейбіреулері Хиуа, Астрахан, Орынбордың арнайы базарларынан алынған болса, ал басқа шеберлер Маңғыстау тауларындағы әр түрлі өсімдіктерді пайдалана отырып, түрлі-түсті саздан дайындаған. Бұл өңірдегі ескерткіштерден басқа, бірнеше кесенелердің тізімдемелерінің көшірмелері мұқият зерттелген.

Байжанақ мазары, 1901 жыл

Күмбезді кесенелер интерьерлер жазбалары жаңа жазылған балғындылығын сақтаған. Кесенелердің және сағана-тамдардың орын-жайларының қасбеттерінде су, жел мен күннің әсерінен бояулардың түр әлпеті бірталай өзгерістерге ұшыраған. Кейбір түстер күннің көзінен тастан да ашық түске айналып кеткен болса, кейбіреулері қара немесе қоңыр түстер сынды көрінеді.

Байжанақ мазарының кескіні, 1901 жыл

Осы себепті Маңғыстау ескерткіштерінің бірінші зерттеушісі М. Мендіқұлов оларды қаралы үн түстері деп санаған. Интерьер және қасбеттердегі жер бедері қабаттарының көлеңкеленген түрлі-түсті бояу қалдықтар жазбаларын салыстыра отырып, біз қайта жаңарту жұмыстарын жүргіздік.

Қамысбай мазары, 1901 жыл

Еш «қаралы» түстер көрінбеді. Көріп отырғанымыздай, тізімдемелер сипаты керемет көрінді және ешқандай «қаралы» түстер ізі байқалмады. Бұл хабарламада Маңғыстау өңірінде ондаған ірі кесенелер және жүздеген кішігірім сәулет туындыларын жасаған, өз ісінің шебері, ұста Қалмұханбеттің жұмыстары көрсетілген.

Қамысбай мазары, 1901 жыл

Бұдан басқа, ол өзінің ұлдары мен бірнеше шеберлерден тұратын жергілікті мектеп ашқан. Қалмұханбет әр жақты шебер еді. Ол сәулет өнерін, құрылыс саласы мен әрлеуді қатар меңгерген.Сауатты тұлға ретінде каллиграфиямен айналысып, өзінің туындыларына жазуларды түсірген.

Қамысбай мазары, 1901 жыл

Қорым эпиграфикасын ескере отырып, мен оның қолтаңбасын бірден таныдым. Оның шағын құлыптастағы жазбаларының бірі мені таңырқатты. Әдетте, мұсылман мазарларындағы жазулар мына үлгіде: «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі».

Қамысбай мазары, 1901 жыл

Одан әрі жерленген адам туралы ақпарат беріліп, шебердің қолтаңбасымен аяқталады. Мұндағы көргенім – «Құдай жоқ, шебер Қалмұханбет»!!!

Бибіш кесенесі

Осы арқылы Маңғыстау шеберлерінің шынайы кәсіпқой екендігіне көзіміз жетеді. Өзін сәулет өнерінің нағыз майталманымын деп санаған адам ғана өзін осыншалықты жоғары бағалай алады.

Бибіш кесенесінің суреті

1907 жылы басқа кесенелерден ерекшеленетін, өте ашық күмбезді кесенелердің бірі Бибіш кесенесін өзінің жұбайына арнап салған. Бірнеше жылдан соң Қалмұханбетті жер қойнына осы кесенеге тапсырды. 

Бибіш кесенесі, 1907 жыл, Қалмұханбет шебер 

 

Бибіш мазары

Бибіш мазары

Бибіш кесенесі оң жағынан

Бибіш кесенесі сол жағынан

Бибіш қабырғасының оң жақ қабырғасы

Бибіш кесенесінің сол жақ қабырғасы

Құлпытас үлгілері

 

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Суреттер Алмас ОРДАБАЕВтың жеке архивінен

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?