Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Мəңгілік ел» – ұлы істер дəуіріне жетелейді

2479
Жолдауда «Қазақстан-2050» Стратегиясы — барлық саланы қамтитын жəне үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы» болатындығы нақты айқындалды

Ұлт Көшбасшысы Н.Ə. Назарбаевтың биылғы 17 қаңтардағы кезекті Жолдауында «Мəңгілік Қазақстан» жобасының Қазақстан тарихының жаңа дəуірінің келбеті ретінде айқындалуымен қоғамдағы жаңғыру үрдісін жетілдіру өзектілігі күн тəртібіне қойылды. Жолдауда «Қазақстан-2050» Стратегиясы — барлық саланы қамтитын жəне үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы» болатындығы нақты айқындалды [1]. Қазақстан экономикасын тұрақтандыруда тəуелсіздік жылдары өзіндік өзгерістерге негізделген нəтижелі іс-қимылдар жасалды. Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы үшін, болашақта елдің əлеуметтік-экономикалық, мəдени ахуалын жетілдіру тұр.

Экономиканы тұрақтандырудың алғашқы қадамдары

Қазақ елінің өткен тарихи жолын саралаған Елбасы Н.Ə. Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында «Мəңгілік Қазақстан» жобасын — тұрақтылық мекені болатын жаңа дəуірдің кемел келбеті ретінде тұжырымдады. Тəуелсіздікті орнықтыру жылдары экономикалық өсу мақсаты қойылса, келешек стратегиялық дамуда тұрақты экономикалық өсу мұраты алға қойылды [1]. Яғни қазақстандықтар сындарлы жылдарды артқа тастап, оларды шыңдалу дəуірі күтіп тұрғандығын айқындай түс ті. Қуатты мемлекетті орнықтыру үшін тұрғындардың абыройлы міндеттерді жүзеге асыруы — парыз екендігі сөзсіз.

Қазақстан дербес мемлекет ретінде экономикалық даму үрдістерінің мол тəжірибесін жинады. 1990 жылдардың басында ел экономикасын реттеуде заманауи уақыт талабына сай жұмыстар қолға алынды, тарихтың жаңа беттері айқындалды [2]. Тəуелсіздік тұғырын қондыру — əкімшілік-əміршілдік жоспарлы экономиканы нарыққа көшіру, заманауи демократиялы жəне азаматтық қоғамның негізін орнату жүзеге асырылды. Əлеуметтік-экономикалық қатынастарды қайта құру жəне жаңаша қоғамдық жүйені қалыптастыру, əлемдік үдерістерге сүйенетін шаруашылықты жүргізудің жаңа сапалық үлгісін жасау қажет болды. Қазақстандағы аралас экономиканың қалыптасуы дəстүрлі шаруашылықтың əлсіреуіне, бағаның құнсыздануына жəне т.б. үдерістерге жеткізген экономикалық күйзеліс жағдайында бастау алды. Нарықтық талаптарға сай экономиканың ұлттық құрылымын құру үшін Қазақстанға түрлі бағыттармен қоғам жəне шаруашылықтың барлық деңгейі бойынша басымдылықтарды анықтауы қажет болды.

Қысқа мерзім ішінде ашық нарықтық экономика мен демократиялық даму үлгісін таңдау арқылы қоғамды жəне экономиканы реформалау міндеттері тиянақталып, өзіне тəн айқын сипаты бар жаңа мемлекеттілік құрылым жасалды. Реформалар əлеуметтік бағыт ұстанды. Кəсіптік еркіндік, жаңа салық, бюджет, банк жүйелері, жекеше кəсіпорындар, шаруа, фермер қожалықтары дүниеге келіп жаңа экономикалық қатынастардың негізі қаланды, яғни нарық тетіктері жасалынды. Тарихи дамудың заманауи кезеңінің іс-қимылдары арқылы нəтижелі қарымды қадамдарға ұмтылыс жасалды.

Мемлекеттің жаһандық халықаралық жүйедегі өзінің орнын анықтау, ұлттық мүддені қорғау, сыртқы саяси стратегияны айқындау, əлем мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнату, жетекші халықаралық ұйымдарды келіссөздерге тарту сияқты кезек күттірмейтін жұмыстар жүзеге асырылды. Ел мұраты — демократиялық даму жəне экономикалық тəуелсіздікке жету жолы болғандықтан, анық та айқын мақсат қойылды. Дүние біртұтас болғанмен бір-біріне тəуелді құбылыстардың болуына байланысты əлемдегі қайшылықтар үрдістерімен қатар, өзгерістер-де көп екені мəлім. Тарихи кезеңдердегі қоғам дамуының бұрынғыдай таптық сипаттан қордаланған қиыншылықтан шығып, мүлдем өзгеше əлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялық мəселелерді шешу бағытына қарай бұрылуы жəне оларды жүзеге асырудың тетіктерін табу нəтижелі болды. Басты мақсаттардың бірі — бәсекеге негізделген əлеуметтік жетістіктер дамуына бейімделген экономикаға жету, меншіктің түрлі нысандарын дамыту болғандықтан да, оның нəтижесі Қазақстанның өркениетті ел қатарына қосылуына негіз болды. Қазақстан Республикасының түпкі мақсаты — адамзат өркениетінің жоғарғы дəрежесіне жетуге талпыныстар жасау.

Нарық жүйесінің тетігі анықталып, іске қосылды. Нарық жағдайында заманауи дамуды сипаттайтын сұраныс пен ұсыныс бағаны реттейтін жағдай қалыптасты, тауарлар легі қозғалысы, бəсеке жəне инвестиция легі анықталды. XXI ғасырдың басында елдегі ахуал, экономикалық өсудің жоғары қарқыны мен оның бəсекеге қабілеттілігі — ұлттық экономиканың бəсекелестік қабілетпен əлемдік экономикаға ықпалдасқан жағдайында ғана мүмкін екені айқындалды. Сол сияқ ты индустриалды-инновациялық даму қолға алына бастады, іс жүзінде ел экономикасына барынша тиімді-де үздік халықаралық тəжірибелерді енгізу, индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу негізге алынды. Алға қойған барлық міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралы — Даму институттары құрылды. Сонымен қатар іскерлік пен инвестициялық ахуалды нығайту — ел экономикасының басты даму көзі ретінде қарастырылды. «Экономика — дамудың басты басымдығы, ал экономи калық өсім оның жоғары қарқынына барынша қол жеткізу» қағидасына орай, жаһандық ауқымдағы ірі үрдістер мен өзгерістердің де дамылсыз үдерістеріне аса зор мəн беру қажеттілікке айналды.

Жаңа XXI ғасыр басындағы Қазақстанда қабылданған жаңа шешімдер нəтижелері ашық нарықтық экономика даму үлгісінің таңдалуының дұрыстығын айқындады. Қазақстанның тұрақты даму жолындағы жоспарланған өзекті мəселе — əлеуметтік мемлекет құру. Қазақстан жаңа мыңжылдықтың дағдарысы жағдайында «алдымен экономика, содан кейін саясат» қағидасы бойынша алға жылжыды. Көп адамдар Қазақстанды əу баста экономикалық ырықтандыру бағытын таңдап, терең саяси реформаларды кейінге қалдырғаны үшін сынға алса да, алайда уақыт бұл бағыттың əділдігін көрсетіп отырғандығына американ конгресмені Крис Кэннон сараптама жасай келе, ойын былайша қорытындылайды: «…Əрине, қателіктер-де олқылықтар да болды, алайда Қазақстанның қарқынмен алға жылжып келе жатқандығын мойындауымыз қажет. Мен осындай сынға қарамастан, елді экономикалық жағынан мықты мемлекеттердің қатарына алып шыққан, ал қазір одан да ауқымды саяси реформаларға кірісіп кеткен, қазақстандық табыстың сəулетшісі Президент Н.Назарбаевтың саяси көрегендігін жоғары бағалаймын» [3].

Қоғамдық пікір жəне əлеуметтік-экономикалық жүйе өзгерді, ең басты міндеттер іске асырылды: елде тауар тапшылығы жойылды, кəсіпкерлік аяғына нық тұрды, қаржы-банк жүйесі құрылды, экономиканың барлық салаларында құрылымдық реформалар жүргізілді. Мемлекет пайызсыз несиелер бөліп, арнайы ауылға арналған заңдар қабылданды. Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2001 жылдың тамызына дейін 393 миллиард теңгені, банктердің экономикаға несиелік салымы 397 миллиард теңгені немесе, АҚШ долларымен 2,5 миллиардтан астам соманы құрады, жеке тұлғалардың республика банктеріндегі депозиттері 150 миллиард теңгеден артты, яғни, АҚШ долларымен бір миллиард тан астам [4].

Əлемдік қаржы институттарының əсерімен 2000 жылдың басынан ипотекалық қозғалыс Қазақстанға да келді. Соның көрінісі — 2000 жылы «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ құрылды. Бұл ұйымның негізгі міндеті — ипотекалық несие беруші екінші-деңгейлі банктерді қайта қаржыландыру, берілген ипотекалық несиені секъюритизациялануы жолымен дамыту болып табылды. Компания жұмысының оң бағыт алу нəтижесінде Қазақстанда ипотекалық несиелендірудің қарқыны тез өсті. Негізгі капиталға салынатын инвестициялар жоғарғы қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Стратегиялық басымдылықтарды дұрыс қою арқылы еңбекақы-деңгейі жөнінен 2000 жылы ТМД елдері арасында бірінші орында болды жəне алғашқы болып жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды. Энергия ресурсының əлеуеті дамып, 32 миллион тонна мұнай өндірді, халықаралық өлшемдерге сай, Ақ тау порты жаңғыртылды, көпірлер, жолдар, əуежайлар жаңаланды. Ең басты инвестиция — адам əлеуеті дамуына жұмсалған инвестициялар болды. Экономикалық өсім 1999 жылы 2,7 пайыздан 2000 жылы 9,8 пайызға ұлғайды. Осы жылдардан бастап елдің экономикалық дамуы жоғарлай түсті. 2001 жылы ішкі жалпы өнімнің өсуі 13%, 2002 жылы 9,5%-ды құрады [5].

Қазақстан Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының жəне əлемдік қауымдастықтың, Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құқықты мүшесі ретінде, өз егемендігін заң жүзінде жəне іс жүзінде дүние жүзіне тегіс мойындатты. Қазақстан ТМД-да бірінші болып Еуропа Одағы (2000 жылдың аяғында) жəне, АҚШ (2002 жылдың наурыз айында) тарапынан нарықтық экономикалы ел ретінде танылды. Ел дамуының 2001–2006 жылдарды қамтыған кезеңі шикізаттық емес секторлар, əсіресе өңдеуші өнеркəсіп есебінен экономикалық өсімімен ерекшеленді. Мəселен, осы жылдары машина жасау өндірісі көлемінің өсімі 600% құрады. Ұлттық қорда 2000 жылы құрылған активтер көлемі 12 млрд. доллардан асты. Мемлекеттің бюджеті мұнай-газ ресурстарынан түсетін түсімге қатыссыз, жаппай экономиканың шикізат емес секторы есебінен қалыптасты. Үш жылдық ауылды түлету бағдарламасы нəтижесінде ауылдық жерлер жүйелілік сипатта қайта өзгертілді жəне бұл сала дамудың жаңа сапалы-деңгейіне шығарылды. Астықты сыртқа шығару жөнінен Қазақстан дүниежүзілік көшбасшыға айналды, əлемнің 40-тан астам еліне шығарылады. Шағын жəне орта бизнестің үлесінің ІЖӨ-гі көлемі 30% асты. Кəсіпкерліктің дамуымен жаңа жұмыс орындары құрылып, жұмыссыздықтың төмендеуіне себеп болды. Тұрғындардың жан басына шаққанда тікелей шетел инвестициясының көлемі жөнінен Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орын алып, Шығыс Еуропаның бір қатар елдерінің алдына шықты. Дүниежүзілік банк бағасы бойынша Қазақстан инвестиция үшін неғұрлым тартымды əлемдегі жиырма ел қатарына енді. Мұндай тəжірибелер ТМД-ның басқа елдерінде қолданыла бастады [6].

2000 жəне 2009 жылдар аралығында Қазақстан Стратегиялық жоспарда белгіленген кейбір түйінді салаларда айтарлықтай дамуға қол жеткізді. ІЖӨ өсуі жыл сайын орташа 8,5%-ды құрап, 2008 жылы өзінің алғашқы мəнінен 2,3 есе асып түсті. 2007 жылы өнеркəсіп өндірісі екі еселеу (нақты өсім — 78%) жөніндегі онжылдық кезеңнің мақсаттарына жетті, ауыл шаруашылығы өндірісі 1,44 есе өсті, ол 2000 жылға қарағанда 1,5 есеге өсудің нысаналы көрсеткішіне қол жеткізді деп айтуға болады. Экономиканы жедел əртараптандыру үшін берік негіз қаланды. Даму институттары құрылып, табысты жұмыс істеуде, қажетті заңнама дайындалды.

Денсаулық сақтау, білім беру жəне халықты əлеуметтік қорғау салаларында айтарлықтай өзгерістер болды: туберкулез ауруы 30%-ға төмендеді, жұмыс істейтін халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту ұлғайды; денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінің инфрақұрылымы едəуір жаңарды. Ауылдық елді мекендердің əлеуметтік-экономикалық əлеуеті ұлғайды. Табысы ең төменгі күнкөріс-деңгейі шегінен төмен халықтың үлесі 2000 жылғы 31,8%-дан 2008 жылы 12,7%-ға дейін қысқарды. Өмір сүру ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін өсті [7]. Мемлекеттік секторда маңызды реформалар басталды. Бұл жетістіктер «2020-Стратегиялық" жоспарын іске асыру үшін тұрақты негіз қалады.

Мүмкіндік — болашақ бастауы

Қазақстан макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, мүмкіндіктер көкжиегін кеңейтуді мақсат тұтуда. Бəсекелестік артықшылықтарды экономикалық жəне əлеуметтік табыстарға айналдыра отырып, экономикалық өсімнің тұрақты сипатын сақтау алға қойылған. Оның алғы шарттары: елдің зор аумағы, бай табиғи ресурстары, кең ауқымды ауылшаруашылық алқаптары жəне жел мен күн энергиясын дамытудың айтарлықтай əлеуеті негіз бола алады. Инвестициялық жəне бизнес-ахуалдың көптеген қырлары бойынша өңірлік көш басында.

Дамыған елдер отыздығына кіру сандық емес, сапалық көрсеткішке жету: қызмет көрсету секторының басымдыққа ие болуы, өнімділігі жоғары, ғылымы жетілген елге айналу. Ал экономикалық өсім негізі ғылыми білімдер мен өнеркəсіптің жоғары технологиялық секторы. Сондық тан да Елбасы сапалық серпілістермен қатар, үдемелі жəне жан-жақты қамтыған жаңғыртулар қажеттілігін нақтылай көрсетті. Мақсатты нəтижелерге жету үшін жеке адамның өзін ғана емес, елді өзгертуге ықпал жасау көзіне айналуы жəне заманауи мүмкіндіктерді пайдалана алуы қажет. Бұл оңай міндет емес. Нарық жағдайындағы бəсекелестік əлеуеті жалғасын табады деген сөз. Қабілеттілік қана өмір-тұрмысымыздың жаңа сапасына жол ашады. Ендеше ел тұрғындары стратегиялық міндеттер нəтижелілігі үшін қандай қарекет жасау керек? Бұл сұраққа Мемлекет басшысының биылғы Жолдауынан жауап табуға болады, яғни міндеттерді шешу елдік пен бірлікке негізделген тапжылмас еңбек ету. Өткен онжылдықтар тарихының тəжірибесі, ел дамуына жол ашатын, абырой, ақ адал еңбекпен, жоғары интеллектілік, жоғары басқару шеберлігімен келетіндігін айқындады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүд-де, бір болашақ" Жолдауында белгілеген тапсырмалар бойынша қандай басты шараларды қолға алу қажет? Алға ұмтылу бағыттарын саралап көрелік:
— əрбір тұрғын өмір-тіршілігінің жақсаруына, отбасының берекесіне өзі ұйытқы болуы шарт;
— əрбір азамат пен азаматша өзінің кəсіби əлеуетін анықтай алуы жəне оның дəрежесін көтеруге қызығушылық танытуы қажеттілікке айналуы керек;
— əрбір отбасы «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясын, болашақ ұрпақтары жалғастыратын ата-бабалар аманаты ретінде, жауапкершілікпен қабылдауы тиіс жəне отбасының өмір-мұраттарын нақты айшықтауы қажет;
-қоғамдағы жеке адам, тұлға, отбасы мүшелері өздерінің даму «мүмкіндік көздерін» айшықтай алуы шарт, сонда ғана адам бойындағы бар лық əлеуетін пайдалана алады жəне жетістіктер мен молшылыққа кенеледі. Ол елдің табысына айналады;
— Жолдаудағы елдің жаһандық отыздық тобының тізіміне кіру мақса ты, ертегідегі патшалыққа кенелу емес екені мəлім. Ол əрбір адамның, маманның, жауапкершілік алып отырған басшылардың көзқарасын жаңғыртуы, түйсіне отырып жаңа өмір сапасына мүдделілік таныту қажеттілігіне сұранысты өсіреді. Бұл айтуға оңай болғанмен, іс жүзінде қиын дүние. Еңбек пен салауатты өмір-салтына адамдардың ынтымақтастық пен шынайы ұйыса алуы нəтижесінде ғана жүзеге асырылады. Сонда ғана қазақстандық өнімдердің сапасы артып, қазақстандық білім жəне ғылыми орта көзқарастары мен өтімділігі нақты тарихи үрдісте өмір сүреді.

Жолдаудағы Стратегиялық міндеттердің меңгерілуі-де күн тəртібінде:
— республика аймақтарының əлеуметтік-деңгейін үнемі қадағалау тетіктерін жаңғырту;
— ауыл тұрмысының мəдени-рухани-деңгейінің ісіне ықпал жасау аясын кеңейту, қолдау;
— жақсы идеялар ауылдық жерден басталатынын дəлелдеудің қажеті жоқ, ендеше ауылдың интеллектуалдық əлеуеті үнемі ескеріліп отырылуы қажет;
— ауылдық жерлердегі кітапханалар, мəдениет үйлері, үйірмелер жұмысын жандандыру арқылы бəсекелестік-деңгейін көтеру; — халықаралық мамандандырылған «ЕХРО-2017» көрмесі мен туризм саласын дамытуға үлес қосу аясында, əрбір ауыл, аудан, облыстың тарихи-этнографиялық, демографиялық, салауаттық əлеуетінің көтерілуіне ықпал жасау жəне оларды түрлі шаралар арқылы жетістіктерін көрсету;
— шағын жəне орта бизнес пен мемлекеттік ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты ел мүддесіне бұру жəне тағы басқалар.

Қорытынды. Тəуелсіздік тұғырын бекітудегі мəңгі ел мұраты — əрбір адамның жауапкершілігі мен адами болмысына тікелей байланысты. Ел дамуына да ықпалды күш — адам жəне оның əлеуеті. Мемлекет басшысы жоғарыдағы көрсетілген межелерге жету үшін үкіметке іс-қимыл жоспар қағидаттарын негіздеуді тапсырды. Ал жеке тұрғындардың жетер асуы мен отбасының мүмкіншілігі өздеріне мəлім. Оны есепке ала отырып, мемлекеттік қолдауларды дер кезінде пайдалана алғанда ғана, серпіліс жасай алуы мүмкін. Уақыт ешкімді күтпейтінін ескерсек, бүгінгі мүмкіндікті пайдалана алмаған, ертеңгі несібесін қолынан шығарып алуы да ғажап емес. Сондықтан да жаһандану əлемінің заңдылығы да, заманауилығы да күн санап өзгеріске ұшырауда. Қазақ перзентінің əлемдік кеңістікте алатын еншісі мол, тек батыл да жігерлі еңбек арқылы несібесіне қол жеткізу. Заманауи кезеңнің басты талабы — адамзат өркениетіне ұлттық тарихымызбен, заманға бейімделген ұлттық санамызбен, қазақы болмысымызбен кірігу.

«Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асырылуы жоспарында, оған жетудің нəтижелілігін кейінге қалдыру немесе жақын мерзім-де шешу мүмкіндіктерінің жалпы республика тұрғындарына қатыс ты тұсы да аз емес. Басқаша айтқанда тұлпардың мəреге жетуі, оның бабына байланысты. Елдік елі арқылы сыналады. Ал халықтың намыс пен жігер күші — «Мəңгілік Ел» идеясының ұлы істер дəуіріне жетелейді.

Пайдаланылған əдебиеттер мен деректер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" // Қазақстан халқына Жолдауы. 2014.17.01. http://www.akorda.kz/kz/ page/page_215751 [дата обращения 18.02.2014].
2. Қасым-Жомарт Тоқаев. Беласу. Алматы. ЖШС РПБК «Дəуір», 2008. 464-465-бб.
3. Конгресс Қазақстан болашағына мүдделі. «Washington Post», 6 шілде 2004 жыл // Қазақстан: табысқа жету тарихы əлемдік қоғамдастық көзімен. Алматы: «Таймас» Баспа үйі, 2005. 448-б.
4. Назарбаев Н.Ə. Елдегі жағдай жəне 2002 жылғы ішкі жəне сыртқы сая саттың негізгі бағыттары // ҚР-ның Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қа зақ стан халқына Жолдауы. Астана, 3 қыркүйек 2001 жыл.
5. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Тəуелсіздіктің он сегіз асуы: құлдыраудан өрлеуге дейін. Астана: «Сарыарқа» БҮ, 2009. 398-б.
6. Назарбаев Н. А. Выступление на торжественном собрании, посвященном 15-летию независимости Республики Казахстан «Казахстанский путь: от стабильности — через модернизацию — к процветанию». г. Астана, 15 декабря 2006 года // Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности. 2006 год. Астана: Деловой мир Астана, 2010. 356-с.
7. http://www.akorda.kz// [дата обращения: 26.06.2013]

Құндызай Ерімбетова

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., Астана қ.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?