Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазахстанның ұлттық ақшасының тарихынан

3136
Қазахстанның ұлттық ақшасының тарихынан - e-history.kz
Тиындағы бейнелер мен жазулар көбіне саяси жағдайлар мен қоғамдық өмірді – соғыстар, жаулап алушылық, мемлекеттегі ішкі тартыстар, мемлекеттік және діни реформаларды көрсетті.

Тиынның шығуы және оның төлем құралы ретінде қолданыла бастауы, қоғамда экономикалық  дамудың басталуы, айырбас барысында ақша айналысының қажеттілігі туындады, ал әлеуметтік дамуда биліктің пайда болуы ол тиын шығару мүмкіндігіне ие болды. Тиынды шығаруға тек ғана мемлекет құқылы болды. Тиынның қыры (аверс) және сыры (реверс) бар. Жазулар және тиын аңыздары аверсте, сонымен қатар реверсте де орналасады. Тиында сонымен бірге тиын шығаратын мемлекет, монархтың титулы және аты, тиын сарайының аты, тиынның шығу мерзімі жазылуы мүмкін. Тиынның өзіне белгіленген салмағы болады, ол басқа елдердің тиындарының салмағымен тең және ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс. Бірінші тиындар Грецияда және Кіші Азияда күмістен соғылса, ал Қытайда мыстан құйылған. Уақыт өте келе тиын құны да күміс, алтын басты орын алды. Кейінірек оларға никель, аллюминий қосылды. Сонымен қатар темір мен қорғасын көп қолданыла бастады. Тиынды соққанда оның беріктігін арттыру үшін алтынға және күміске мыс немесе қалайы қоспасын қосады. Бұл қоспа лигатура деп аталады. Тиынды асыл металдың үлесі – проба деп аталады.(Проба-қымбат металдың сорттығын көрсететін таңба.).Ол мемлекетпен белгіленеді. Бірақта кейбір уақыттарда мемлекеттік тиын шығаруда тиынның пробасын төмендетіп, салмағын азайтты. Мұның себебі өз шығын шығара отырып, мемлекетке мол табыс әкелуі. Мұндай жағдайда тиын өз құнын жоғалтпайды. Бұл көбіне орта ғасырларда қолданылды. Тиындағы жазулар мен бейнелер мемлекетте қандай билік формасы екендігі туралы мәлімет  берді.

Тиындағы бейнелер мен жазулар көбіне саяси жағдайлар мен қоғамдық өмірді – соғыстар, жаулап алушылық, мемлекеттегі ішкі тартыстар, мемлекеттік және діни реформаларды көрсетті. Кейбір кездерде қандайда бір жағдайларға байланысты арнайы тиындар соғылады.

Еуропадағы алғашқы айырбас құралдары-таланттар б.з.д. ІІІ ғ. пайда болды. Криттегі Кносс сарайын қазған кезде табылған салмағы 25 кг. талант созылған бұқа терісінен жасалған. Африка ақшалары Ирландияда табылған қола дәуір жүзіктеріне ұқсайды. Африкадағы Мономотана мемлекеті астанасының орнында қазба жұмыстарын жүргізген  кезде «Ханда» мысынан айқыш (крест) құятын қалыптар табылды. Ол  Конго және Замбези бассейнде ХҮІІІ ғ. соңына дейін  қарапайым айырбас құралының орнына жүрген. Қоладан , мыстан және күмістен мәнет соққанға дейін ақша орнына метал (құйма, соқпа, кесік, қазанша, сақина, т.б.) ғана емес, мал да пайдаланылған. Қола дәуірде Шығыста пышақ , күрек , қоңырау, кейбір музыкалық аспаптар айырбас құралы ретінде пайдаланылған. Кейін олардың орнына ортасында шаршы тесіктері бар дөңгелек қола мәнеттер жүретін болды. Б.з.д. 594 ж. афиналық архонт Солон күмістің бұқаға шаққандағы құның шығарады. Сондықтан грек қала-мемлекеттері мен Ежелгі Рим  тетрадрахмаларында бұқа суреті салынатын болған. Тарихтағы  тұңғыш күмыс мәнеттер Эгина грек мемлекет-аралының дидрахмалары  деп  есептеледі. Олар-салмағы 12 грамдық күмыс құйма болып келеді, ортасында тасбақа бейнесі бедерленген. Кос өзен бойындағы мемлекеттеде б.з.д. ІҮ-ІІІ ғ.ғ. дөңгелек және тік бұрышты мыс қаңылтырлар ақша орнына жүрді.(1)

ҮІ-ҮІІІ ғасырларда теңгелерді  тайпалардың  атақты адамдары шығартып, оған өз таңбаларың бастырған. ІХ-Х ғасырлардағы Қазақстан жерінде күміс дирхемдері, алтын динарлары, мыс теңгелері айналымда болды. Алтын динар халықаралық валюта ретінде қолданылды. ХІ ғасырдың басында  саудада жоғары сапалы күміс дирхемдер болса, кейін мыс қосылған теңгелер шығарылды. ХІ ғасырдың аяғында күміс кендерінің сарқы-луына байланысты күміс ақша шығару тоқтады. ХІ-ХІІІ ғасырларда күміс дағдарысына байланысты дирхемдерді мыстан күйып, сыртына күміс жалатты. Қала қолөнер, сауда орталығы болды. Қала халқы негізінен егіншіліқ, қолөнер, саудамен айналысты. Отырарда ішкі айналымға арналған жазусыз мыс теңгелер шығарылды. Күміс теңгелер ірі халықаралық саудада қолданылды. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда созылған мыс теңгелерге хандардың есімдері жазылған. ХҮІІ ғасыр- Отырарда ақша шығаруда құлдырау кезеңі басталып, теңгелер Түркістан мен Ташкентте соғылды. Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы ақша айналымы теңге емес, жуан сыммен кесіп алу арқылы жасалған шағын мыс кесектер түріндегі ақшаның болуымен ерекшеленеді (2)

Ұлы Жібек жолы – ежелгі және орта ғасырларда Шығыс пен Батысты  байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, 4 тармаққа бөлінді: Батыстан Шығысқа бағытталатын жол;

Іле бағыты;

Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты.

Саудадағы басты тауар – жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.Ұлы Жібек жолымен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей таулары тасылды.

Ежелгі қазақ жерінде шығарылған  алғашқы ақшалар арасында Мүбәрәқ қожа сұлтандық еткен тұста Сығанақта жасалған теңгелер да бар. Ол екі рет  1327-1328 ж.ж. және 1328-1329ж.ж. ақша шығарған. Табылған темір теңгелерде  «Әділ сұлтан – Мүбәрәк қожа. Тәңірім оның билік  дәуірінің ұзақ  еткей» деген  сөздер бар.(1)

1368-1369 ж.ж. Сығанақта орыс хан да өз ақшасын шығарған. Өз ақшаларын айналымға енгізу олардың Алтын орда хандарынан тәуелсіздігінің бір белгісі.   

ХУ ғасырдың екінші жартысы-ХУІІ ғасырдағы халықаралық саудада Қазақстан даласы мен Түркістан қалалары  арқылы Орта Азия мен Ресей сауда қатынастарының жолға қойылуы болды. Ресеймен сауда экономиканың дамуында маңызды факторға айналды.ХУІ ғасырдың 90-жылдарына қарай Ресей қазақ хандықтарымен саяси байланыстар орнатуға әрекет жасайды.Ресей мен Орта Азияның Қазақстан арқылы сауда және дипломатиялық қатынастары ХУІІ-ХУІІІ ғасырларда жанданды. Орыс мемлекеті Орта Азиядан мақта-мата, жібек шикізатын, асыл тастар, Шығыс қаруын алды. Қытай тоуарлары Ресейге Орта Азия арқылы түсіп отырды.Қазақстан мен Орта Азияға Ресейден шұға, атлас, айна, аң терілері, күміс әкеленді. Халықаралық саудамен қатар Сырдария қалаларының көшпелі дүниемен дәстүрлі саудасы және жергілікті сауда  жүргізілді. Даладан мал, тері, жүн, дайын бұйымдар әкелінген. Сырдария қалаларынан далаға астық, қала қолөнерінің өнімдері, мата апарылды. Халықаралық сауданың және қалалар мен өңірдің арасындағы, жекелеген Сырдария қалаларының арасындағы сауданың мөлшері туралы негізінен Отырарды, Түркістанды, Сауранды қазу жұмыстарынан алынған нумизматикалық материал бойынша білуге болады.

Отырардан мыс теңгелердің көптеген олжалары шықты, оларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне Йасы (Түркістан) мен Ташкентте соғылғандары жатады. Екінші топ Орта Азия қалаларының (Бұхара , Самарқанд және басқалар) теңгелерін қамтиды. Ең көп тобын анэпиграфтық теңгелер құрайды. Олардың бір жағында аң, екінші жағында құс бейнелінген, аң бейнеленген кейбір теңгелердің екінші жағы тегіс. Мыс көмбелердің  мерзімін анықтауға олардың біреуінде Алексей Михайлович патшаның есімі бар,1655-1663 жылдары соғылған отыз орыс тиының болуы негіз береді. ХУІІ ғасырдың аяғынан басталатын уақыт Отырар, Сауран, Сығанақ, Аққорған, Үзкент өмірінің бітуімен байланысты, бұл қалалардың жұрттарынан табылған нумизматикалық олжалар көрініс тапқан. Нумизматика- табылған теңге, қолданылған ақша материалдары бойынша ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым. Нумизматиканың негізін салушы веналық коллекционер И.И.Эккель. Теңге тарихы сонау  жоғарғы  палеолит дәуірінің өзінде айырбас жүргізілгенін көреміз. Теңіз жағалауындағылар балықпен , таулы аймақ тұрғындары бағалы металмен, Меланезия тұрғындары акула тістері тізілген  алқамен, монғолдар кірпіш шаймен сауда жасасты. Көшпелілерде өте кең тараған айырбас түрі мал және аң  терісі болды. Латын тіліндегі «пегуния» - ақша ұғымы, «пегус» - мал деген мағынаны білдіреді. Бұл отырықшы халықтардың көшпелі малшы тайпаларымен өзара  тығыз байланыста болғанын көрсетеді. Таза алтыннан жасалған теңгені алғаш парсы патшасы Дарий шығарды, ол «дарик» деп аталды.  

Қазақстанның ұлттык ақшасының туган күнi — 1993 жылғы 15 қараша. Егемен елiмiздiң экономикалық тәуелсiздiгiнiң тұңғыш заттық айғағының (атрибутының) аты — теңге. Бiр теңге 100 тиыннан тұрады. Қолда ұсталатын ақшаның бәрi тек кағаз ақша (банкнот) және күмiс ақша (монета) ретiнде ғана айналысқа түседi. 1993 жылғы 12 қарашада қабылданған “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын айналымға енгiзу туралы” Жарлыққа сәйкес теңғенi Қазақстан Республикасы аумағында меншiк түрiне қарамастан барлык нақты және заңды тұлғалар үшiн төлем құралы  ретінде пайдалануға, сол сияқты банкілерде теңгелердi пайдаланып салым салу мен есеп ашуға ешбiр шек қойылмайды. Төл ақшамыздың дуниеге келуi аса маңызды тарихи окиға екендігі ескерiлiп, кейiнiрек- 1997 жылы қабылданған шешiм бойынша, 15 қараша — тегенiң түған күнi болып жарияланды. Сейтiп, ұлттық валютамыздың күнi ресми түрде қаржы саласы қызметкерлерiнiң  кәсiби мерекесiне айналды.

Ұлтгық валюта дизайнын жасауға белгiлi мамандар тобы тартылды. Әрбiр банкнот пен мәнет дизайынын 8-9 жобасы жасалды. Ең жақсыларын арнаулы мемлекеттiк комиссия  бағалап, iріктедi. Содан кейiн Қазақстан ақшасын безендiрушiлердiң бiр тобы Лондондағы « Харрисон санс» фирмасының тәжірибесiмен танысты. Көп iзденістер мен қыруар  күш-жiгердiң арқасында түңғыш төл валютамызды жасау жұмысы барынша қысқа мерзім iшінде атқарылды. Жаңа ақшаның көркемдік безендірілуі де, арнайы технолог бойынша қорғалуы да күткендегіден әлдеқайда жоғары болып шықты. Ағылшын. француз, жапон мамандарының жоғары бағасына ие болды. Мысалы, 500 теңгелiк қағаз ақшадағы әрбiр кескiн 250 микронға тең. Бұл, мамандардьң пiкірi бойынша оны қолдан жасауға мүмкiн еместігiнiң бiр айғағi көрiнеді.

Банкноттарды көркем безендiру кезiнде белгiлi тарихи тұлғалардың (әл-Фараби, Абай, Абылай хан, Әбiлкайыр хан, Шоқан Уалиханов, Құрманғазы, Сүйiнбай) портреттерi. Алатау мен Көкшетау көрiнiстері, Қожа Ахмет Иассауи кесенесiнiң бейнесi, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды.(3)

Бiр, үш, бес, он және жиырма теңгелiк метал ақшалардың түсi ақ болып келедi.

Бір, үш және бес теңгелiк мәнеттердiң қас бетiнде шеңбер сызық iшiне тоғыстырылған, алты қырлы бедерлер бейнеленген. Олар ақша номиналдарынын сандық белгiлерiнiң жиектерi ретiнде жасалған. Номиналдың  сол жағында — ақшаның жасалып шығарылған жылы көрсетiлiп, оң  жақ  төменiнде ‘теңге” деген  арнайы  жазу бәдізделеген. Шеңберді бастыра үш қатар орама дөңгелек зер айшықтары өткізiлген. Мәнеттердің  бүйір бетi  тегіс келеді. Онда  иірім, жазу жоқ. Сый теңгелер айырықша  жоғары «пруф» таңбалы сапамен жасалады. Қазақстан аумағында да, шетелде де құны жөнiнен алғанда бiрдей коллекциялық  баға бойынша сатылады. Сый теңгелер арнайы кәделiк (сувенир)  қобдишаларға салынады, Ұлттық банктің  қазақ  орыс және ағылшын  тiлдерiндегі  куәлiк белгісiмен (сертификат) қамтамасыз етiледi.

Әр елдің ұлттық ақшасының валютасының өз атауы бар: Қазақстанда-теңге, Ресейде-рубль, Ұлыбританияда-фунт стерлинг, Қырғыстанда-сом, Түрікменстанда-манат, Францияда, Данияда, Норвегияда, Чехияда, Исландияда –крона, АҚШ пен Канадада-доллар, т.б.

Такенов Т.Е.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Әдебиеттер:

1.  Шаймерденов Е. Елтаным  Алаты Экономика  2005.

2.  Қазақстан тарихы  Алматы  Атамұра  1998.

3.  Ғабжалелов Х. Теңге  Алматы  2003.

4.  Қазақстан тарихы  Алматы  Атамұра  1996

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?