Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қостанай уезінің құрылу тарихы

3238
Қостанай уезінің құрылу тарихы - e-history.kz
Қазіргі мемлекетте Қостанай уезінің құрылу және ел орналастыру туралы сұрағы жиі көтеріледі. Бірақ бүгінгі күнге дейін бізде өңірдің қазақтары қалай және қандай жағдайда орнастырғаны туралы әр түрлі,

Қазіргі уақытта аумағы қазіргі Қазақстанның солтүстік бөлігін алып жатқан Қостанай уезінің игеру динамикасын білп алу өте қажет. Уезге орналастыру тарихының жан-жақты зерттелуі қажетті және маңызды болып келеді, себебі Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін, оның тарихы ресей капитализмінің аралық әсерінен қарастырылды. Сондықтан бүгінгі күні ХІХ-ХХ ғғ. соңында Торғай облысындағы Қостанай уезі тарихының зерттелуі өзекті болып келеді.
Торғай облсы ХІХ жүзжылдықтың 60-шы жылдары құрылды, бірақ облыстың ақырғы қалыптасуы 1868 жылы (кейбір мәліметтер бойынша 1869 жылы) 21 қазанда Орынбор қырғыздарын — Торғай және Орал облыстарына бөлген кезде болды. Осы облыстың шекаралары солтүстікте Орынбор губерниясынан, оңтүстікте Сырдария аудандарына дейін, шғыста, Ақмола облысынан, батыста Орал облысына дейін созылып жатты. Облыстағы аумақтық шекараларының нақты анықталуы жоқ екенін атап өту қажет, сонымен қатар бүгінгі күні облыс кеңістігін зерттеуін қиындатып тұр. Ф. Лобысевичтің пікірі бойынша Торғай облысының аумағы шамамен 420000 шаршы шақырыммен анықталды. Л.Баллюзек облыстың аумағы 400000 шаршы шақырымнан аспайды деп есептейді.
Торғай облсының құрамына бұрынғы Орынбор қырғыздарының бүкіл орта және шығыс жақтары кірді. Орынбор қырғыздарының даласын Торғай және Орал облыстарына бөлген кезде осы облыстарды басқару орталықтары да анықталды, олардың бірі Торғай қаласында (Орынбор бекінісінде) орналасты.
А. И. Добромысловтың «Торғай облысы» жұмысына сәйкес Торғай облысының жерлері төрт уезге бөлінді, олардың ішіне Николаев (Қостанай) уезі-де кірді. Әрбір уез болыс пен ауылдардан тұрды. Қостанай уезі 8 болыстан (Аманкарағай Арақарағай, Дамбар, Жетіғарын, Меңдіқара, Сарой, Сүндік, Шұбар) және 51 ауылдан тұрды.
Әр түрлі экономикалық және саяси жағдайлар нәтижесінде болыстардың саны өзгеріп отырғанын білу қажет. Негізінен болыстардың көбейгені байқалды. 1875–1894 жылдар аралығында болыстар көбейе бастайды. Нәтижесінде 1898 жылы Қостанай уезі болыстан тұрды, ал нақты айтқанда Меңдіқара, Кинь-арал, Обаған, Қарабалық, Ара-қарағай, Аманқарағай, Дамбар, Бектөбе, Жетағарын, Құмақ болыстары.
1894 ж. басында одан да көп болыстарға бөлінді, соның ішінде Қостанай болысы болды. Ол 14 болыстан (1894 ж. дейін болған болыстар және тағы да жаңадан құрылыған 4 болыс — Желқуар, Сарой, Сүндік, Шұбар) жән 88 ауылдан тұрды [2].
Алғашқыда Қостанай уезінің тұрғындары даланың байырғы тұрғындарынан тұрды және сегіз болыстың аумағында өмір сүрді, ал нақты ол — Аманқарағай, Арақарағай, Дамбар, Жетіғарын, Меңдіқара, Сарой, Сүндік, Шұбар болыстары. «Торғай облыстары» материалдарына сүйінсек, 1880 ж. Қостанай мекені құрылды, бұл көбінесе Қостанай уезінің аумағына Еуропалық Ресейдің әр түрлі өңірлерінен қоныс аударушылардың ағымына әкелді. Қоныс аудару саясатын іске асырғаннан кейін уезді тұрғындарының саны, ұлттық құрамы өзгерді. Облыстағы этникалық жағдайлардың осындай маңызды өзгерісі, негізінен орыс-украин тұрғындардың өсуі жергілікті тұрғындардың шаруашылық істегі, әлеуметтік-экономикалық қатынаста көптеген және алуан түрлі өзгерістерге әкелді, бұл қоғамдық қатынастар жүйесінің күрделіленуіне көмектесті. Бұл орыс-қазақ қатынастарын дамыту үшін, екі халықтың өзара түсінушілік көршілік және достықты орнату үшін маңызды шарты болып табылды.
Қостанай уезінің жерлері және климаттық жағдайлары егін шаруашылығы үшін жақсы климаттық жағдайлармен ерекшеленді, бұл Ресей губерниясынан орыс және украин тұрғындарын осында көшіру үшін белгілі мәнге ие болды. Осының барлығы тұрғындар құрылымындағы өзгерістеріне әкелді. Қостанай уезінде орыс-украин тұрғындардың негізгі саны — 206926 адам бір жерге топталды, бұл барлық орыс-украин тұрғындардың 45,6% құрады. Он жеті жыл ішінде (1898–1945 жж.) уезде орыс-укриан тұрғындардың саны 6 есе өсті. Торғай облысының уездерінде екі жүзжылдықтың соңында жиырмадан астам халық тұрды. Тұрындардың көп бөлігін құраған қазақтар Қостанай уезін қоса, облыстың бүкіл уездерінде тұрды. Алайда уез (облыс) тұрғындарының құрамында қазақтардың салыстармалы салмағы бірдей болған жоқ. Егер Ырғыз және Торғай уездерінде қазақ халқы 95% болса, Қостанай уезінде оның саны 77,3% болды. Бүгінгі күні тұрғындарды орналастыру сұрағы ерекше назарды талап етеді. Осы тақырып толық зерттелмеген, себебі уез нәтижелері бойынша «Торғай облыстарының шолуларында» әр түрлі жылдары мен төңкеріске дейінгі орыс зерттеушілерлің жұмыстарында орыс емес тұрғындардың саны туралы деректер әр түрлі, ал бұл осы маңызды сұрақтың зерттелуін қиындатып тұр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Лобысевич Ф. Тургайская область и ее устройство// Военный сборник. Т.XXVIII. 1871.
2. Добросмыслов А. И. Тургайская область. Исторический очерк. Т.2. — Тверь, 1902.
3. Кусаинов К. Тургай: на рубеже двух столетий. — Алма-Ата, 1994.

Нұрышева Гүлмира Келдыбайқызы
Қазақстан, А. Байтұсрынов ат. Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?