Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы көшіп-қону қозғалысы

6255
ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы көшіп-қону қозғалысы - e-history.kz
Қазақстанды жаулып алуының аяқталуы ХІХ ғ. ортасындағы Ресейдегі буржуазиялық реформаларына сәйкес келді. Крепсотнойлық құқықтың жойылуы аграрлық сұрақты шешкен жоқ.

Шаруалар қозғалысы жалғасты. Осы жағдайларда үкімет төңкеріс қозғалысынан шаруалардың назарын аудару бойынша шараларды қабылдады. Олардың бірі – көші-қон саясатының жанжандырылуы. Шаруалардың шығыс өңірлеріне көшуі Ресейдің орталық губернияларындағы жер жетімсіздік мәселелерін ғана шешпей, жаңа орында үкімет тірегін құрды. Сондықтан патша өкіметі ХІХ ғасырдың 60-шы жж.  ортасында әскери-казак отарлшылдықтан жаппай шаруалы отаршылдыққа ауысты. Сібірдегі, Қазақстандағы солтүстік, батыс және оңтүістік-шығыс аудандарының отаршылдық жолдары арқылы патшалық шаруаларды ішкі губерниялардан көшіріп, ұлттық аймақтарда олардан әлеуметтік тіректі құруды ойлады.

Орыс және украин шаруалардың облыстың барлық өңірлеріне жоспарлы көшірілуі XIV ғ. 70-шы жж. басталды (1867-1868 жж. реформалар Қазақстан аумағын мемлекеттің меншігі етіп жариялады) және 80-шы жж. жаппай сипатқа ие болды. Алғашқы шаруалар телімдер 1879 ж. Көкшетау уезінде пайда болды. 

Жетісу облысының әскери губернаторы Колпаковскийдің бастамасымен 1868 ж. бастап «Жетісудағы шаруалардың көшіп-қону туралы уақытша ережелер» жасалды, олар 1883 ж. дейін жұмыс істеді. «Уақытша ережелер» бойынша қоныс аударушыларға жеңілдіктер анықталды: бір (ер) жанға 30 десятина мөлшерінде жердің бөлінуі, 15 жылға әр түрлі салықтар мен міндеткерліктерден босатылуы, 100 сомға дейін несиенің берілуі.

1886 ж. «Түркістан генерал-губернаторының басқармасы туралы заң» жасалды. Сол құжат бойынша ер адамға 10 десятина үлес мөлшері анықталды, қоныс аударушылар салықтар мен міндеткерліктерден бес жылға босатылды, ал келесі бес жыл бойы оларды жарты мөлшерде төлеп отырды.

1889 ж. 13 шілдедегі «Ауыл адамдарын және тоғышарларды қазына жерлерге еркін көшіру туралы және белгіленген қауымдардың бұрынғы уақытта қоныс аударған тұлғаларды қосу тәртібі туралы» арнайы ережесі тек ішкі істер және мемлекеттік меншік министрлерінің рұқсатымен ғана көшіруге болған. Бірақ Патша өкіметі апатты болған қоныс аудару процесін реттей алмады. Шаруалар қазақ жерлерінде еркін түрде орналасуды жалғастыра берді. 1891-1892 жж. құрғақшылық көптеген шаруаларды еуропалық Ресейден Шығысқа қарай бос жерлерді іздеуге итермеледі. Осы кезеңде Оралға 30-дай шаруа, Жетісу және Сырдария облыстарына 12 мың шаруа ауысты.

Томск, Тобыл губернияларында, сонымен қатар Жетісу, Ақмола және Семей облыстарында қоныс аударудың аудандары ережеде нақты анықталған. 1891 және 1892 жж. заң Торғай ж»әне Орал облыстарына таралды, 1893 ж. «Уақытша ережелер» заңның бөлек мақалаларын 1889 ж. түзетті. Мысалы, бір адамға 18 дес. жер бөлінген қоныс аударушы – ескі тұрғындардың мүдделері саналды. Шаруалардың Қазақ өңірлеріне қоныс аударуы қазақ-көшпенділерден жерлердің тартып алынуы жүрді. Тек 1885-1893 жылдар аралығында Ақмола облысының ежелгі тұрғындарынан 251 779 десятина жер тартып алынды және 10 940 ер адамдардан 24 қоныс аудару учаскелер қалыптасты, ал Семей облысында осы кезеңде қазақ шаруалардан 33 064 десятин егістік жерлер тартып алынды.

Шаруа отаршылдығы Сырдария облысын (ең бастысы Шымкент, Ташкент және Әулие-Аты облыстарын) жаулап алды. ХІХ ғ. соңында облыста 2,5 мың отбасы тұратын 40 жаңа поселклер құрылды.

Қазақстанды Сібір және Еділ аудандарымен темір жолдар арқылы қосу мүмкіндігі үкіметті Қазақстанның көшіп-қону игерушілігін тездетуге итерді. Осы мақсатта В.А. Щербин жетекшілігіндегі экспедиция Ақмола, Торғай және Семей облыстарының 12 уездерін нақтылап зерттеді. Қазақ жерлерінің «артылған қаражаттарын» экспроприациялау үшін Патша өкіметі экспедиция материалдарын пайдаланды.

Патшалықтың көшіп-қону саясатының нәтижесінде негізгі құнарлы жерлер орыс шаруаларына берілді, ал қазақтар сусыз, жарамсыз жерлерге қуылды. Қазақстаннның демографиялық түрі өзгерді. 1897 ж. жалпы санақ деректеріне сәйкес қазақтардың салыстырмалы салмағы Қазақстанда 87,1 пайызға дейін қысқарды. 4471,8 мың тұрғындардан 3399,5 қазақ, 532,7 – орыс пен украиндар, 55,4 – татарлар, 73,5 – өзбектер, 56 мың – ұйғырлар құрады. Қоныс аударушылар негізінен стртатегиялық пунктерге орналасты және оқ ататын қарумен қаруланды.

Дереккөз: Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, Астана, 2004ж.-159б.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?