Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Нумизматикалық материалдардың анықтамасы

1910
Сарайшық қаласының нумизматикалық материалдары өткен ғасырдың 80-ші жылдарының аяғынан бері жинақталды.

Сарайшық қаласының нумизматикалық материалдары өткен ғасырдың 80-ші жылдарының аяғынан бері жинақталды. Бұл нумизматикалық материалдары қазба зерттеулерде қаланың стартитрафикалық қабаттарының хронологиялық талдауларын жасау үшін қажетті болып табылады. Сонымен бірге аталмыш кешеннің маңыздылығы — қала тұрғындарда билік жүргізген ханның тиындарымен қандай ханның тиындары тең дәрежеде ақша айналымда болғандыгын көрсетеді. Демек нумизматикалық кешен осы қаланың тарихы тек ғана Жошы ұлысымен шектелмейтінін көрсетеді әрі одан кейінгі кезеңдеріндегі саяси, сауда-экономикалық үрдістерін зерттеу үшін зор маңызды.

Бұл қаладан табылған тиындар мыңмен саналады. Сарайшық қаласында жүргізілген тек қана біздің зерттеу жұмыстарымыз кезінде қаланың мәдени қабаттарынан табылған және тіркеліп өнделінген тиындардың саны 702 нұсқа. Оның 647 нұсқасы толық анықталды. Бұдан басқа бірнеше көмбе табылған, олардың біріншісінде (№ 1) — 144 нұсқа күміс, 12 нұсқа мыс тиын, екіншісінде (№ 2) — 10 дирхем, үшіншісінде (№ 3) — 5 дирхем, төртіншісінде (№ 4) — 4 дирхем болды. Микро көмбеде (№ 5) — 4 пұл болды. Барлық көмбелер 8-20 см тереңдіктен табылып қазылды. Тиындардың басым көпшілігін тат басқан. Топырақ қазу барысында топырақ үстіңгі қабаттан тиын дайындау 6 стандарттық қалып, тапталынған темір кесінді және 2 нұсқа кесіліп әзірленген қабыршақ табылды.

Нумизматикалық материалдарының хронологиялық мерзімдері зерттеулер барысымен сәйкес төмендегідей ретпен анықталды:

1. Меңгү-Темір ханның соғылымы (1266- 1282ж.) — 1 нұсқа.
Үкекте соғылған.
2. Тоқтоғұ ханның соғылымы (1290-1312ж.) — 5 нұсқа.
Сарай әл-Махруста — 2 дана.,
Хорезмде — 1 дана,
Ширазда — 1 дана және белгісіз ұқсас — 1 дана соғылған.
3. Өзбек ханның соғылымы (1313-1341ж.) — 136 нұсқа.
Сарайда — 113 дана,
Сарай әл-Махрусда 11 дана, белгісіз ұқсас — 1 дана,
Қырымда — 2 дана,
Хорезмде — 7 дана,
Тебризде — 1 дана,
Иезде — 1 дана соғылған.
4. Жәнібек ханның соғылымы (1341-1357 ж.) — 169 нұсқа.
Сарай ол-Махруста −1 дана,
Сарайда — 45 дана,
Сарай ол-Жадидте — 101 дана, белгісіз ұқсас — 2 дана,
Хорезмде — 12 дана,
Гүлістанда — 4 дана,
Баржынде −2 дана,
Тебризде — 2 дана соғылған.
5. Бердібек ханның согылымы (1357-1359 ж.) — 7 нұсқа.
Сарай әл-Жадидте — 4 дана,
Гүлістанда — 1 дана,
Азақта — 1 дана,
Хорезмде — 1 дана соғылған.
6. Құлына ханның соғылымы (1359-1360 ж.) — 3 нұсқа.
Хорезмде — 3 дана соғылған.
7. Наурыз ханның соғылымы (1359-1361 ж.) — 3 нұсқа.
Хорезмде — 2 дана,
Гүлістанда — 1 дана соғылған.
8. Қызыр ханның соғылымы (1359-1361ж.) — 44 нұсқа.
Сарай әл-Жадидте — 35 дана,
Гүлістанда — 9 дана соғылған.

Кітапта келтірілген № 90 типті тиында осы билеушінің аты төңкеріліп жазылған. Бұл қалыптар Қызыр билігі дәуірінде соғылған тиындарды кейінірек көшірген кезде шеберлердің қолымен жасалынған деуге келеді. Қызырдың басқа тиындары жасалынған сапасына қарағанда, тіпті де олар жердің жоғарғы қыртысында 35 см тереңдіктен кездескендіктен олар жарамсыз штемпел-қалыбымен соғылып шығарылып тұрды деуге келмейді. Ерекше назар аударатыны да сол № 89 типті тиын санының молдығы мен олардың жартысынан астамы қаланың жоғарғы қыртысынан табылғандығын ескерсек, соғылым дәстүрінің «инерциялық» салдары емес, керісінше олар соңғы дәуірлерге дейін соғылып шығарылған деп болжауға итермелейді. (Хан, 2002, 159 6.). Бәлкім мұндай жағдай кездейсоқ та болар. Алайда олай болды деуге де итермелейді, өйткені 1390 жылдары қаланың дербес статусын бекіту күшейді, сондай-ақ Қызыр ханның билігі дәуірінде Сарайшықтың маңыздлығының символы ретінде Қызырдың тиын қалыптары (штемпел)-мен соғылымдар жасалды.

Хижраның 761 жылы (1359/1360) дәл Қызыр хан тарапынан осы қалада алғаш рет тиын соғыла басталғадығын атап өту керек. (Мухамадиев, 19 б.).

9. Келдібек ханның соғылымы (1361-1362 ж.) — 8 нұсқа.
Сарай әл-Жадидте — 6 дана,
Азақта −2 дана соғылған.
10. Мурид ханның соғылымы (1361-1364 ж.) — 1 нұсқа.
Гүлістанда — 1 дана соғылған.
11. Қайыр Болат ханның соғылымы (1362- 1363 ж.) — 10 нұсқа.
Сарай әл-Жадидте — 10 дана соғылған.
12. Абдаллах ханның соғылымы (1360- 1370ж.) — 1 нұсқа.
Азақта- 1 дана соғылған.
13. Әзиз-шейх ханның соғылымы (1365- 1367ж.) — 2 нұсқа.
Сарай әл-Жадидте — 2 дана соғылған.
14. Тұлынбек ханымның соғылымы (1371- 1372ж.) — 1 нүсқа.
Сарай әл-Жадидте — 1 дана соғылған.
15. Ұрыс ханның соғылымы (1370-1385ж.) — 4 нұсқа.
Хорезмде — 1 дана,
Сарай әл-Жадидте — 2 дана,
Ордұ Базарда — 1 дана соғылған.
16. Әмір Темірдің соғылымы (1368-1405ж.) — 6 нұсқа.
Самарқандта — 4 дана,
Хорезмде — 1 дана, қаланың аты өшіріліп кеткен — 1 дана соғылған.
17. Тоқтамыс ханның соғылымы (1376- 1395ж.) — 94 нұсқа.
Сарайда — 24 дана,
Сарай әл-Жадидте — 31 дана,
Хорезмде — 16 дана,
Ордұда — 3 дана,
Азақта — 2 дана,
Ордұ әл-Муаззамда — 1 дана,
Қажы-Тарханда — 4 дана,
Г үлістанда — 1 дана,
Сарайшықта- 10 дана,
Қырымда — 2 дана соғылған.

Олардың 15 данасының № 158 және № 159 типтісі Сарайшықта соғылған болу керек. Бұл тиындардың мәтіндері төңкеріліп жазылған. Осындай типті тиындар ғылыми басылымдарда кездеспеді. Мүмкін осы дәуірлерде ордалық үлгідегі тиындарды соғып шығару құқығы басқа қалалардың шеберханаларына берілген сияқты. Және не себептен жарамсыз тиын шығарғандығы белгісіз. Осы коллекцияда бұдан тыс № 162 типті (8 нұсқа), № 168 (13 нұсқа) типтісі де белгісіз. № 162 және № 168 типті тиындары тек ғана Селитрен қалашығында табылған. (Клоков, Лебедев, 2002, 117,138- 9 6.; 115, 137 б., сурет.29-13). Бұл пұлдардың саны Сарайшықта соғылғанын аңғартады.

18. Келесі материалдар 1396 жылдан 1476 жылға дейін әр түрлі хандардың
соғылымы
 — 67 нұсқа. Бұл соғылымдар № 170 типтіден басталған сияқты. Аты мен жері көрсетілмеген, оқылуы қиын — 52 дана, Бұлғарда — 1 дана, Ордұда — 1 дана, Сарайда — 1 дана, әл-Жадидте — 10 дана, Бик Базарда — 2 дана соғылған.

№ 181 және № 182 типті пұлдар Өзбек пен Жәнібектің билік дәуіріндегі ордалық № 26, 29, 38, 39, 40 типті соғылымдардың XIV- XV ғасырдың тұсының «еліктеме үлгісі» болып табылады. Олар аталмыш хандардың пұл соғылымынан ерекше бөтен әрі «еліктеме үлгісі» дерлік. Кейбір тиындары қабыршақ кесінділерде соғылған және доғалақтау пішінді. Кейбірсулері де жұқа қабыршақтан қайшымен кесіліп жасалынған. Өзбектің де, Жәнібектің де пұлдары доғалақтау пішінді тортбақтан соғылды. Көрсетілген № 181 және № 182 типті пұлдардың айырмашылығы қалып (штемпел) өрнегінде дорекілеу салынған әрі мәтіндері Өзбек пен Жәнібектікіне ұқсас сияқты етіліп жасалынған. Шынтуайтында қазбаларда олардың барлығы дерлік 20 см дейінгі тереңдікте кездесті. «Еліктеме үлгілі» пұлдар 1330 — 1350 жылдардағы қобырлықты (дефицитті) жою үшін жасалынған тәрізді. (Клоков, Лебедев, 2000, 96 және 122 б.) Дегенмен біздің көрсеткен мерзімдерде оларды экономикалық тұрғыдан өздерінің тұрақты дәстүрін жаңғырту, жариялау ниетінде соғып шығарған болуы да ғажап емес. Оның үстіне № 26 және № 29 типтердегі «Арыстан мен таңғы күн» кескіндері Тоқтамыстың пұлдарында қайтадан пайда бола бастаған (Клоков, Лебедев, 2002, 151, 132 б., сурет.24-29).

19. Меңлі — Керей ханның және оның билігі дәуіріндегі соғылым (1476-1515ж.) — 17 нұсқа.
Қалалары оқылмаған — 6 дана, Қырық Йерде — 5 дана, Бақша Сарайда — 6 дана соғылған.
20. 1515-дан 1600 жылдардағы әр түрлі хандардың соғылымы — 4 нұсқа.
Қала аты өшіп кеткен — 7 дана. Ұқсас нұсқаларымен салыстырғанда Ташкент пен Йасыда соғылғанға ұқсайды.

Аталмьпп көрсеткіштердің обьективтілігіне оның факторларын құбылытып жіберетіндей алуан түрлі себептер баршылық. Дегенмен математикалық ықтималдық бойынша аталмыш жайылым көрсеткіштер Сарайшықтың ақша айналымының даму барысын, үрдістерінің мәнісін көрсете алады. Бұдан сауда-саттық іс әрекетгердің тиындар арқьлы гүлдену тұстары Жәнібектің (1341-1357ж.), Қызырдың (1359-1395 ж.), Тоқтамыстың (1376-1395ж.) билік дәуірлеріне тура сәйкесіп тұр. Алайда қаланың Жәнібек ханға дейінгі қабаттары оның билік құрған дәуірінің стратиграфикалық жатығқ алаңымен салыстырғанда аз ғана бөлшегі қазылып зертгелінген. Сауда-саттық іс әрекеттерінің жоғары деңгейі араб саяхатшысы Ибн Батуттаның мәліметтері бойынша Өзбек хан билігі кезендерінде де болған, бұл жағы салыстырмалы анализдер бойынша белгілі себептермен анық-қанық көрсетілмеді. Сол талдау Қызыр ханның билік дәуірінде тиындардың ерекше көбеюін де көрсетгі. Ол да бұрын айтып өткеніміздей басқа себептерге байланысты.

Салыстырмалы талдаудың негізінде Сарайшық базарында пұл ақшалар қандай қалалардан енгенін, олардың соғылым жерін, типтерін және саудалық айналым мерзімін анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Кестедегі көрсеткіштер (Кесте № 1) аталмыш құбылыстардың нақтылы болмысын шамалы түрде ғана көрсетіп тұр. Демек бұл Сарайшық империяның провинциялары мен көрші мемлекеттері және басқа да қалалар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарының жалпы жағдайларын білдіреді.

Тиын соғатын орындары

Тиын

саны

%

Тип саны

%

1

Үкек

1

0,127

1

0,5

2

Шираз

1

0,127

1

0,5

3

Йезд

1

0,127

1

0,5

4

Тебриз

2

0,254

2

1,0

5

Хорезм

54

6,858

31

15,5

6

Сарай әл-Махрус

5

0,635

3

1,5

7

Сарай

192

24,384

27

13,5

8

Сарай әл-Жадид

311

39,497

47

23,5

9

Қырым

4

0,496

3

1,5

10

Гүлістан

54

6,858

19

9,5

11

Азақ

4

0,496

•3

1,5

12

Әл-Жадид

2

0,254

1

0,5

13

Сығнақ

1

0,127

1

0,5

14

Ордұ Базари

1

0,127

1

0,5

15

Самарқанд

4

0,496

2

1,0

16

Ордұ

5

0,635

4

2,0

17

Ордұ әл-Муаззам

3

0,381

1

0,5

18

Қажы Тархан

4

0,496

2

1,0

19

Сарайшық

10

1,276

1

0,5

20

Бұлғар

1

0,127

1

0,5

22

Бик Базар

2

0,254

1

0,5

23

Қырық Йер

5

0,635

1

0,5

24

Бақша Сарай

5

0,635

1

0,5

25

Баржын

2

0,254

1

0,5

26

Берілмеген

81

10,287

39

19,5

27

Анық емес

33

4,191

5

2,5

Кесте бойынша қалада 25 тиын соғатын орындарының соғылымдары кездесіп тұр. Негізгі үлес салмағының 64%-і Сарайшыққа мемлекеттің орда лық қалаларынан енгізіліп тұрған Сарай, Сарай әл- Жадидтің тиындары құрайды. Одан кейінгі үлесі Хорезм, Гүлістан және Сарайшықтың өзі. Демек пайыздық үлесіне сүйенсек, Сарайшық тиындары ордалық қалалардан енгізілген тиындар санынан 10 есе аз, Хорезм тиындарының ордалық тиындарға қарағанда алуан түрлі типтері біршама көп. Бұл мемлекеттегі саяси қайшылықтарға қарамастан Сарайшық пен Хорезм арасындағы үзіліссіз байланысты білдіреді. Қырым қаласының тиындарының үлес салмағы аз, ал ол шетелдіктерден шамалы көп. Қырымның тиындарының негізгі сандық үлесі XV ғасырға тиесілі әрі Сарайшықтың осы өңірмен белсенді қатынаста болғанын көрсетеді.

Шетелдік тиындарының жалпы үлесі (0,635) Жошы ұлысының қалаларының тиындарымен салыстырғанда шамалас келеді. Сауда жол торабындағы қала үшін бұл да түсінікті. Осы салмақ үлесі қазірше аз зерттелінген, олар ХІІІ-ХІУ ғасырларға тиесілі.

Ұлыстың қалаларында ескі тиындарды қайтадан соғу, оны жаңадан көптеп шығару үрдісі болмаған. Сарай мен Баржында қалып-штемпелдерімен қайтадан соғылған бірнеше оңдаған тиындар жайы зерттеушілерге белгілі (Клоков, Лебедев, 2000, 95 б.). Бұл ретте осы коллекцияда қайтадан соғылған қызықты тиындар кездеседі.

1. Екі нұсқа № 170-типті пұл (Барақ ?) хижраның 762 жылғы № 61-типті Қызырдың
тиынына соғылған. (Тасмағамбетов, Самашев, 2001, 309 б.)
2. Екі нұсқа № 163-типті пұл (Сарайшық) 762 жылғы № 61-типті Қызырдың
тиынына соғылған. (Тасмагамбетов, Самашев, 2001, 308 б.)
3. Бір нұсқа № 157-типті пұл (Сарай әл-Жадид хижраның 790-жылғы соғылым)
хорезмдік № 139- типті хижраның 788 жылғы пұлға соғылған. (Тасмағамбетов, Самашев, 2001, 318 б.)
4. Екі нұсқа № 158 және № 159-типті пұл (Сарай әл-Жадид 790 жылғы соғылым)
хорезмдік № 140- типті хижраның 780 жылғы пұлға соғылған.

Сарай әл-Жадид қаласының қалып-штемпелімен қайтадан соғылған әрі онда мәтін жазуы төңкеріліп келген тиындары әзірше шешімі табылмайтын бірнеше сұрақтарды туындатып отыр. Оның әуелгісі неге Сарайшықтың соғылымдарын- да ордалық жарамсыз қалып-штемпелді тиындары айналымға енгізілгені түсініксіз. Біздің зерттеуімізде қазірше олар екі дана ғана.

Қаланың тиын кешенінің басқа қалалардан айырмашылығы сол, оның кең таралған қайтадан соғылған тиындарында болып отыр (Клоков, Лебедев, 2000, 114-120 б.; 2002, 156-158 б.). Осындай қайталап соғылғандардың барлығы — 3 нұсқа.

Тат басқан, оқылуы қиын екі мыс тиында «Хакан» деген қайта соғылымы бар.

Хорезмде соғылған хижраның 775 жылгы № 112 типті мыс тиында «Хан» деген сөзі қайта соғылған.

Дирхемдердің айырбас тиыны ретінде қолданылатын жаңа пұлдардың шығарылымын азайтқандықтан биліктегілер бұрын шығарылған пұлдарды қайтадан соғу арқылы айырбас тиын ретінде пайдалануға мәжбүр болды (Клоков, Лебедев, 2000, 120 б.).

Жоғарыда атап өткеніміздей Сарайшықтың мәдени қабаттарынан табылған тиындардан басқа қыртысынан және шығарылған топырақ қабатынан 18 см терендіктен 156 тиынды (№ 1) көмбе мен микрокөмбе табылған. № 2 микрокөмбеде 9 дирхем болды. № 3 микрокөмбеде 5 дирхем. № 4 микрокөмбеде 4 дирхем, № 5 микрокомбеде 4 пұл болды.

Сарайшықтан табылған № 1 көмбе IV қазбадан шығысқа қарай шамамен 280 метрде 18 см тереңдіктен табылған. Оның құрамында:

Өзбектің соғылымы: Сарай, х.ж. 714 — 6 нұсқа (№ 6-тип); Сарай, х.ж. 71? — 2 нұсқа (№ 7-тип); Сарай, х.ж. 717-2 нұсқа (№ 8-тип); Сарай әл-Махрус, х.ж. 723 — 2 нұсқа (№ 17-тип); Сарай, х.ж. 731-6 нұсқа (№ 22-тип); Сарай, жылсыз — 8 нұсқа (№ 23-тип); Сарай, х.ж. 734 — 8 нұсқа (№ 27-тип); Сарай, х.ж. 734-4 нұсқа (№ 28-тип); Сарай, х.ж. 740 — 2 нұсқа (№ 31 -тип); Сарай, х.ж 741-4 нұсқа (№ 32-тип).

Жәнібектің соғылымы: ас-Сарай, х.ж 741. — 1 нұсқа (№ 34-тип); Сарай әл-Жадид, х.ж. 742 — 5 нұсқа (№ 35-тип); Сарай әл-Жадид, х.ж. 743 — 4 нұсқа (№ 36-тип); Сарай әл-Жадид, х.ж. 7?? — 1 нұсқа (№ 37- тип); Сарай әл-Жадид, х.ж 748. — 8 нұсқа (№ 43- тип); Сарай әл-Жадид, х.ж. 747 — 3 нұсқа (№ 44-тип); Сарай әл-Жадид, х.ж. 748 — 2 нұсқа (№ 45-тип); Сарай әл-Жадид, х.ж. 748 — 7 нұсқа (№ 46-тип); Сарай әл-Жадид, х.ж. 747 — 5 нұсқа (№ 47-тип); Сарай әл-Жадид, х.ж. 747 — 4 нұсқа (№ 48-тип); Сарай әл-Жадид, х.ж. 752 — 7 нұсқа (№ 56-тип); Гүлістан, х.ж. 752 — 5 нұсқа (№ 61- тип); Гүлістан, х.ж. 753 — 4 нұсқа (№ 67-тип);

Бердібектің соғылымы: Гүлістан, х.ж. 759 — 10 нұсқа (№ 71-тип); Сарай әл-Жадид, х.ж. 759 — 5 нұсқа (№ 73-тип); Сарай әл-Жадид, х.ж. 760 −2 нұсқа (№ 74-тип);

Құлынаның соғылымы: Гүлістан х.ж. 760 — 2 нұсқа (№ 77-тип); Гүлістан, х.ж. 760 — 3 нұсқа (№ 78-тип);

Қызырдың соғылымы: Гүлістан, х.ж. 761-2 нұсқа (№ 84-тип); Гүлістан, х.ж. 761-5 нұсқа (№ 85- тип); Сарай әл-Жадид, х.ж. 761 −10 нұсқа (№ 86-тип); пұлдар: Сарай әл-Жадид, х.ж.762.- 2 нұсқа (№ 89-тип); пұлдар: :Гүлістан, х.ж. 762 .- 3 нұсқа (№ 92- тип);

Темір-Қожа: Сарай әл-Жадид, х.ж. 762 — 4 нұсқа (№ 93-тип);

Қайыр-Болат: Сарай әл-Жадид, х.ж. 764 −2 нұсқа (№ 97-тип);

Абдаллах: Сарай әл-Жадид, х.ж.764 — 3 нұсқа (№ 102-тип); Ордұ, х.ж. 765 — 1 нұсқа (№ 104-тип);

Әзиз-Шейх: соғылымдары белгісіз, жылы белгісіз — 1 нұсқа (№ 109-тип).

Бұл № 1 көмбеде Өзбек заманының 44 дирхем, Жәнібектің 56 тиыны, Бердібектің 17 тиыны, 5 нұсқа Кұлынанікі, 22 тиын Қызырдікі, 4 нұсқа Темір-Қожанікі, 2 тиын Қайыр Болаттікі, Абдуллахтың 4 тиыны және 1 нұсқа Әзиз-Шейхтікі.

Көмбенің құндылығын анықтағанда оның 76%- і Өзбек, Жәнібек және Бердібектің дирхемдері болып шықты. Бұдан ұқсастықтарына сай осы көмбе ұзақ мерзім жинақталған қазына деп танылмақ. Сонымен бірге әзиз-Шейхтің (1365-1367ж.) билік дәуірінде, бәлкім одан кейінірек көмілген аталмыш көмбеде Қызыр ханның (1359-1361ж.) пұлдары да салынған болды.

№ 2 микрокөмбе. XIII қазбадан шығыста шамамен 100 метр жерде 8 см тереңдіктен табылған. Микрокөмбеде төмендегідей 9 дирхем болды:

Өзбек: соғылым жерін көрсетілмеген , х.ж. 740 — 1 нұсқа (№ 31- тип);
Жәнібек: Сарай әл-Жадид, х.ж. 743 — 1 нұсқа (№ 36-тип); Сарай әл-Жадид, 7?? х.ж. — 1 нұсқа (№ 37-тип); Сарай әл-Жадид, х.ж 751. — 1 нұсқа (№ 53-тип);
Кұлына: Хорезм, х.ж. 761 — 1 нұсқа (№ 79-тип);
Наурыз: Гүлістан, х.ж. 761 −1 нұсқа (№ 82-тип);
Қызыр: Гүлістан, х.ж. 761 — 1 нұсқа (№ 84-тип);
Әзиз-Шейх: Гүлістан, х.ж. 768 — 1 нұсқа (№ 110- тип);
Ұрыс: Сығнақ, х.ж. 774 — 1 нұсқа (№ 120-тип).
№ 2 микро көмбенің 40%-і Өзбек және Жәнібектің дирхемдері.
№ 3 микро көмбе. V қазбаның А 30-33 секторынан 5 метрде 6 см тереңдіктен табылған. Микро көмбеде төмендегідей 5 дирхем болды:
Жәнібек: Сарай, х.ж. 741-1 нұсқа (№ 34-тип);
Қызыр: Гүлістан, х.ж. 761-1 нүсқа (№ 84-тип);
Әзиз-Шейх: Сарай әл-Жадид, 767 — 1 нұсқа (№ 107-тип); Гүлістан, 767 — 1 нұсқа (№ 108-тип).
Осы микро көмбенің 40%-і Жәнібек ханның тиындары.
№ 4 микро көмбе. V қазбаның А 30-32 секторы 6 см тереңдіктен табылған. Микро көмбеде төмендегідей 4 дирхем болды:

Бердібек: Гүлістан, х.ж. 759 — 1 нұсқа (№ 70-тип); Сарай әл-Жадид, х.ж. 760 — 2 нұсқа (№ 74-тип);

Қызыр: Сарай әл-Жадид, х.ж. 762 — 1 нұсқа (№ 87-тип).
Микро көмбенің 75%-і Бердібектің тиындары.
№ 5 микро көмбе. Жер үсті жатықтықтағы А 37-21 кв. 3-3 секторы 15 см тереңдікте табылған. Ірі тор көзді матаға оралған пұлдар болды.
Қызыр: Сарай әл-Жадид, х.ж. 762 — 4 нұсқа (№ 89-тип).

Көмбелердің ақша массаларының құрамы ұқсас болып келеді және соңғы тиын ақшаларының айналымымен тең болып отыр. Дегенмен № 1 және басқа микро көмбелерде дирхемнің пайыздық қатынастары Өзбек хан дәуірінен 1360 жылдарға дейін шамамен бірдей. Бұдан № 1 көмбе ұзақ мерзім жинақталған кешен емес, керісінше Сарайшықта 1360 жылдың соңына дейін айналымда болған тиындардан кездейсоқ алынған. Бұған Қызырдың мыс тиыны болуының өзі нақты айғақ болып отыр.

Сарайшық тиындары / З. Самашев, Р. Бурнашева, Н. Базылхан, В. Плахов. Алматы, 2006. - 184 бет

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?