Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жәңгір хан

10519
Жәңгір хан - e-history.kz
1823 жылғы 22 маусымда патша Жәңгірді ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға қол қойды, ол 1824 ж 26 маусымында Оралда ертедегі рәсім сақтала отырып 20 жыл патша болды.

Бөкей Ордасының (1823-1845) ханы, Бөкей ханның ұлы.

1815 жылыәкесімұрагерліксалтқасәйкес хандықтақты Жәңгірге берді. Алайда, Жәңгір жас болғандықтан, Бөкейдің тапсыруы бойынша хандықты Бөкейдің інісі Шығайсұлтан басқарды.

1823 жылға дейін Жәңгір еуропалық үлгіде тәлім-тәрбие алады, Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде жатыпоқиды. Сол жерде ол хандықты әкімшілік басқар уәдістері бойынша да дәріс алды.

1823 жылғы 22 маусымда  патша  Жәңгірді ішкі  Орданың  ханы  деп  тану туралы  грамотаға  қол  қойды,  ол 1824  ж 26 маусымында Оралда  ертедегі  рәсім  сақтала  отырып  патшалық  өкімет  орындарның  бақылауымен  ол  хан  болып  жарияланып, 20  жылдан  астам  уақыт билік  етті.

Әр  нәрсенің  әділдігі  керек, патша  үкіметі  Жәңгірге, оның  балаларына  да  орысша  білім,  тәрбие  беріп  көп  үміт артты. Қазақ  даласын отарлауда  жан-жақты білімді, ақылды, мәдениетті Жәңгір  сияқты тұлғаны  қолға  ұстаудың  қаншалықты  пайдалы  екендігін  патша да генерал-губернаторлар жақсы  біледі.Хан  тағына  отырғызу  салтанатында  48 дүркін  зеңбіректен  оқ  атып, Орал  даласы  дүр сілкінді. Салтанатқа  қатысқан зиялы  қазақтарды  сый-құрметтен құралақан  қалдырмады. Жәңгірге 20 сәйгүлік  тарту етті.Бірнеше ордендер хан өңірінде жарқырады. Қазақтың  тұңғыш генералы дәрежесіне көтерілді. 

Бұлардың  барлығы отарлау саяасатының мүддесі үшін істелген айла екендігі  белгілі. Осындай айла жұмысқа тәсілдерді саналы түрде өткізе отырып, Ішкі  Орданы басқаруды отарлаушылар  өз мүддесіне  сәйкес хан кесенесінің кеңесшісі етіп Ресей сыртқы  істер министірінің өкілі Г.С.Карелинді тағайындады. Ол  Ішкі  Орданың тыныс тіршілігін күн- сайын Орынбор Шекаралық комиссиясына  хабарлап отырды.

Ішкі  Орда  қазақтары  бірте-бірте  шұрайлы  аймақтардан  ығыстырылып  құмға  қуылды.  Жайылымға,  қыстауға қолайсыз  жерге  ығыстырылды.  Қолайлы  жерлер, өзендері  мен  көлдері, шабындығы  мол  аймақтар казактар  мен  қалмақтарға  берілді.  1873 жылы  21 маусымда  Орынбор  шекаралық  комиссияның  төрағасы Г. Ф. Генстің бұйрығы  бойынша үлкен  және  кіші  өзен  бойынан  қазақтардың  шөп  шабуына  тыйым  салынды.

Бұл  жағдайларға  наразылық  білдіріп  Жәңгір  Астрахан  генерал- губернаторы  А. С. Осиповке:

«Киргизам  остались  обнаженные  степи, пески, солонцы,...- деп  хабарлап  воспретить  кордонным  казакам  Уральского  войска  открытою  силою  действовать  против  прибрежных киргизцев »-деп  казактардың  жөнсіздіктеріне  тыйым  салуды  талап  етті.

Жәңгір  халқының  ауыр  тағдырын  император  Николайдың  өзіне  де  жеткізді,  көмек  сұрады. Амал  не  отарлау  саясатының  көрігін  басып  өз  аузымен  тапсырма беріп отырған  әміршіден  тегеурінді  шешім  болмады. 

Тарихи  құжаттар  отарлаушылардың  сенімін  Жәңгірдің ақтамағандығын анықтайды.  Жәңгір, халқын  сатпады, халқының  мұңын  мұңдап, жоғын жоқтады.                             

1823  жылы  Жәңгір  ішкі  Бөкей  ордасында  хан  сайланғаннан  бастап  қазақтың  ұлттық  мәдинетінде,  оның  ішінде  ұлттық  білім  жүйесіне  ерекше  мән  берді.  Оның  басты  себептерінің  бір:Жәңгірдің  өзі  орысша  білім  алған  және  осындай  білімнің  Қазақстанға,  оның  ішінде  Ішкі  Бөкей  Ордасында  өте  қажет  екенін  түсінді.  Ол  Ресей  империясының Еуропалық білім жүйесі арқылы көптеген салаларды жетістіктерге  жеткенін  жақсы  білді.

Жәңгір  хан  қазақ  халқының  сауаттылығын, ұлттық мәдениетін  дамытатын  әрі  толықтыратын  жаңа  білім  жүйесі  «Еуропалық  үлгідегі жаңа  мектептер  мен  орта  және  жоғарғы  оқу  орындары» деп  түсінді. Оны  Жәңгір  ханның осы  білім жүйесінде  қазақ  балаларын  оқытуды  арман  етіп,  білім  саласын  дамытуға  бағытталған  саясатынан  көруімізге  болады. Жәңгір  хан  алғашқы  болып  Қазақстанда  оның  ішінде «Ішкі  Бөкей  Ордасында  ұлттық  білім  жүйесін » қалыптастырумен  айналысқан.

 Қазақстанда  алғаш рет ұлттық білім  жүйесін  құруды  ойластырды. Осы саясатын іске асыру үшін Қазақстанда,оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында білім саласында тұңғыш рет«Жәңгір білім реформасын»жасап, оны  жүзеге  асыруды қолға  алды. Бұл ұлттық  білім  реформасы  бойынша  Қазақстанда  алғаш  ет  ұлттық  педагогиканың  негізі  қаланып,  дами  бастады. Мұндағы  басты  шараның  бірі – Жәңгір  ханның  Қазақстанда, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында  Еуропалық үлгідегі тұңғыш  ұлттық  мектепті  ашуы. Ол  алғашқы  ұлттық мектеп  1841 жылы 6 желтоқсанда  Хандық  ордада  (ставкада) ашылған  болатын. Оның мұсылман мектептері  мен  медреслерден үлкен айырмашылығы сол, бірінші  қазақ-орыс  мектебі  болды. Бұл  алғашқы  ұлттық  мектептің тікелей  ықпалымен  XIX  ғасырдың  алпысыншы  жылдары  Батыс Қазақстанның  басқа  да жерлерінде  білім  ордалары  ұйымдастырыла  бастады.

Олар  жаңа Қазан мен  Қамыш – Самарда, хан  ставкасынан (Ордадан) 12 шақырымда  Нарында, Тал мен Тоғында  ашылды. Ордаға  ұлттық мектептердің  ықпалымен  1860  жылы  Түркістан  өлкесіндегі №1 орта ( Қазалыда), Перовскіде №2  орта  алғашқы  ұлттық  мектептер  құрылды.  Бұл  мектептерде  455 қазақ  балалары  оқып  221  оқушысы  басқа да  халықтың  өқілдері  болды . Қырқыншы  жылдардың ортасында Ордада орыс-қазақ мектебінде 25 оқушы оқыды.  Сөйтіп,алғашқы  мектепте  Жәңгір ханның  білім  жүйесінің  іргетасы  қаланды. Оқу  жылы  қазан  айында басталып, мамыр  айының  аяғында  аяқталатын.  Жыл  сайын  6 желтоқсанда  оқушылардың  ата-аналары шақырылып, олар ханның басшылығымен  жүретін емтихандарда оқушылардың  алған  білімінің  нәтижелерін  бағалауға  қатыстырылатын. Бұдан  біз  хан  ставкасындағы (Ордасындағы) білім беру ісі тікелей Жәңгір ханның басшылығымен жүргізілгенін көреміз. 

Оған  қоса  мектепте өткізілетін әр түрлі шараларға  міндетті  түрде  хан  қатысатын еді. Мектептегі  сабақтардың  жүргізілуін, оқушылардың білімін  бақылау істерін, емтихандарды, оқу  бағдарламаларын, оқу  жоспаларын  хан  қадағалап  отырған.

  Бұл  білім  мен  тәрбие  жүйесін  қазіргі  жаңа  білім  жүйесінің  негізі  мен  іргетасы  деп  айтқан  жөн. Өйткені, осы кәзіргі  жаңа  білім  жүйесіне  сол  кездегі  білім  жүйесі  өте  ұқсас  екенін  айта  кету  қажет. Мектептегі  педагогикалық  үрдісті  ұйымдастыруда  демократиялық,  идеялардың  да іске  асырылғанын  көруге  болады. Бұл  тәжірибені қазіргі кезде де пайдалануға  болатын  оң  тәжірибе  деп  айтуға  болады.Ефимцев  Жәңгір  хан  мектебінде  оқытылған  келесі  пәндерді  атап  көрсетеді: татар,араб, орыс  тілі, арифметиканың  алғашқы  ережелері, жазу, сызу, тарих, географияның  қысқаша  жинағы, алғашқы  дәрігерлік  көмектің  ережелері. 

Жәңгір хан  ашқан «ұлттық  мектеп» кейіннен дами  келе  «Жәңгір  училищесі»деп  аталып, әрі қарай өз жалғасын тапты.Еуропалық үлгідегі білім реформасын жасаудағы  Жәңгір ханның  ағартушылық  саясаты  осылай  жүзеге  асырылды.

Жәңгір  хан  мектебінің  ең  бірінші  мұғалімі  дәрігер  Ольдекир  Константин  болды. Алғаш  рет  сабақты  қазақ  тілінде  жүргізетін  мұғалім  Шығыс  тілдерінен  дәріс  беруші  Әминов  Сәдудин  еді.

  Ішкі  Бөкей  Ордасындағы  Жәңгір  ашқан  алғашқы  орыс-қазақ  мектебі  Орталық  мектеп  деп  аталған. Ең алдымен Ішкі  Орда  халқы  астық іздеп, малын айдап Ресей қалаларына  шұбырмасын  деп Антонов постысында орыс көпестердің астық қоймаларын ұйымдастырды.  «Жас құста» жәрмеңке ашты.Халықтың – мұң  мұқтажын талқылап, шешіп отыратын хан ордасын, онда қызмет ететін  қазақ, орыс, татарлар үшін  тұрғын үй салды. 

Хан ордасында өз қаржысына  халқының мүддесі үшін мектеп,дәріхана,аурухана ашты. Хан қаржысымен Ресей оқу орындарында қазақ жастарын жіберіп  оқытты. Жыл сайын оқуға  жіберілетін  жастардың  санын анықтауға  қол жеткізді. Қазақ тарихында тұңғыш қазақ қару жарақтарының мұражайын  ұйымдастырды. Әрбір  170  үйге бір молда есептеп, қазақ  жастарынан 139  молда даярлап  Ішкі  Ордада  мұсылман дінінің  терең тамыр жаюына ықпал жасады. Алайда  коммунистік партияның ызғарлы желі есіп тұрғанда Жәңгірдің халқына еткен еңбегі, саяси көзқарасы, отарлаушылыққа қарсы күрескені ақыл парасаты, халқы үшін еңбек  сіңірген  қайраткер  екендігі  жоққа шығарылды. Халықтан бүркемеленді. Біздіңше бұл қазақ тарихына, Жәңгір рухына  жасалған қиянат. Себебі, Жәңгір халқына адал  еңбек етті. Елдің экономикасынын, мәдениетін,  білімін, дінін,  тілін көтеруде зор  еңбек  етті. Жәңгір хандық  құрған 22 жылдың ішінде қазақ хандарының бір де бірі істемеген істерді қазақ тарихында  өшпес игіліктерді мұраларды өмірге келтірді.



Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?