Мемлекет тарихы институтының тарихи зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты – тәуелсіз мемлекеттің қазіргі заман тарихын зерделеу
Мемлекет тарихы институты Ұлттық тарихты зерделеу мәселесі бойынша Ведомоствоаралық жұмысшы тобының кеңейтілген отырысы хаттамасында белгіленген тапсырмаларын орындауда белсенді және кешенді түрде жұмыс атқаруда. «Халық тарих толқынында» бағдарламасының жобасын жасауда сарапшы-ғалымдармен пікірлесулер жүргізілуде
Ұйымдастыру және жоспарлау саласында: 2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы тобы отырысы болып өтті. Отырыс жұмысына жұмысшы топтың жетекшісі – ҚР БҒМ ҒК төрағасының орынбасары А.К. Төлешов қатысты. Отырыс ММ «Мемлекет тарихы институтының» директоры, т.ғ.д., профессор Б.Г. Аяғанның төрағалығымен өтті.
«Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы тобы отырысы Хаттамалық шешім қабылдады:
I. 2013 жылдың 10 шілде мен 10 тамызы аралығындағы «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлаудың ұйымдастыру схемасы бекітілсін;
II. «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы құрылымының жобасы негізге алынсын;
III. 2013 жылдың 22 шілдесіне дейін «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасының жобасы жасалынсын;
IV. 2013 жылдың 10 тамызына дейін, белгіленген ереже бойынша ЖҒТК-ның қарастыруына «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы ұсынылсын.
-Ұлттық тарихты зерделеу мәселесі бойынша Астана және облыс әкімшіліктерімен, жоо-ның ректорларымен біріккен жиналыстар ұйымдастырылып, өткізілді ( ШҚО - Аяган Б.Г. ; Қарағанды - Қыдыралина Ж.Ү.; Орал қ. - Қалиев Ж.Н.)
-«Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясын» құру мәселесі бойынша (мұнан әрі-Ассоциация) қоғамдық бірлестік бастамашыларының Құрылтай жиналысы өткізілді. Ассоциация 2013 жылдың 7 маусым күні Астана қаласында құрылды. Құрылтайшылары 10 жас тарихшы болып табылады.
Ассоциация органы: Жалпы жиналыс, Төраға, Төраға орынбасары, хатшы болып табылады. Ассоциацияның жоғарғы басқарушы органы Жалпы жиналыс болып табылады.
Қазіргі кезеңде Ассоциация мүшелерінің саны – 31 адам. Ассоциацияның жоғарғы басқарушы органы Астана қаласында орналасқан.
-Құрылтай жиналысында бекітілген «Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы жасалынды. Жарғыда мәні, мақсаты, міндеттері және қоғамдық бірлестіктің қызмет түрлері айқындалды.
Мемлекеттік тіркеуден өту үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі Комитетіне «Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі құжаттарының тізімі даярланды. Мемлекеттік тіркелуден кейін, облыстарда, Алматыда Ассоциация филиалдарын құру жоспарлануда. Қазіргі кезеңде Ассоциацияның 2013 жылдың екінші жартысына арналған іс-шаралар Жоспары жасалынды.
Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясының Тұжырымдамасы, тұсаукесер тәртібі жасалды. Жарғы жобасы ҚР Әділет министрлігіне тіркеуден өткізу үшін жіберілді (17.07.2013г.). «Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі Астана қаласында 2013 жылдың 29 шілдесі күні заңдық тұлғалық мемлекеттік тіркеуден өтті.
Оқу-методологиялық жұмыстар: Оқулық жазылуда, жұмыс тобының жетекшілері:
1 том: Қазақстан тарихы (тәуелсіздікке дейін) – Р.Ж. Темірғалиев
2 том: Тәуелсіз Қазақстан тарихы – Б.Ғ. Аяған
Ғылыми-зерттеу жұмыстары: ұлттық тарихты зерттеуді методологиялық және ғылыми жаңартуға бағытталған, ғалымдарды даярлау және қайта даярлықтан, «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткізу бойынша шаралар жасалынды:
- Голландия – МТИ директоры, т.ғ.д., профессор Б.Ғ. Аяған
-Кембридж Университеті (Ұлыбритания) – БҒҚ МТИ Анафинова М.Л.
- РФ Президенті жанындағы ХШМБ Академиясы (Ресей) – КҒҚ МТИ - Аманжолов Д.
Ақпараттық жұмыстар саласында:
§ Ғылыми қызметкерлердің жариялынымдарын, фото-видеоматериалдармен үнемі толықтырылып отырыатын Институт аккаунты құрылды (https://www.facebook.com/pages/Институт-истории-государства/343207099140365)
§ Жаңаша, жетілдірілген Институттың веб-сайтын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) жасау жұмысы жүргізілуде
§ Институттың веб-ресурстарында ұлттық тарихты зерделеудің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми қызметкерлер жетекші ақпараттық агенттіктер мен телеканалдарда мақалалар жариялап, видеоинтервьюлар беруде
§ Спикерлер тізімі жасалды.
§ Ұлттық тарих тақырыбы бойынша республикалық «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде аналитикалық талдаулар жариялынымы ұйымдастырылды.
8 июня, 2013 // Казахстанская правда. - №195-196 - Аяган Б.Г.
26 маусым, 2013 // Егемен Қазақстан. – № 150. – Дүйсен С.Ж.
26 маусым, 2013 // Егемен Қазақстан. - № 156 - Аяған Б.Ғ.
13 шілде, 2013 // Егемен Қазақстан - Қалиев Ж.Н.
-Мемлекет тарихы институтының директор орынбасары Р.Д. Темірғалиев ұлттық тарихқа арналған блогты жүргізеді (http://radik-temirgaliev.yvision.kz/)
2013 жылдың 12-ші шілдесі күні ұлттық тарихқа арналған бірлескен веб-сайт жасау мақсатында Мемлекет тарихы институты Кaznetmedia өкілдерімен кездесу өткізілді. Веб-сайттың «Қазіргі заман тарихы» рубрикасына арналған PDF-форматта 9 кітап берілді.
Мемлекет тарихы институты қызметкерлерінің Ұлттық тарихты зеделеу мәселелері бойынша ақпараттық порталдардағы
ЖАРИЯЛЫНЫМДАРЫ:
-Надо преодолеть конфронтационный подход при освещении многих болезненных проблем в истории Казахстана // http://www.zakon.kz/kazakhstan/4560604-nado-preodolet-konfrontacionnyjj.html
-Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерделеу әдістемесінің мәселелері // 5 маусым, 2013 «BAG.KZ» ақпараттық порталы
-Роль истории важна в укреплении национального самосознания и казахстанских ценностей7 июня 2013, BNews.kz
-Тарихты түсіндіруді ұғынықты етуіміз керек //6 маусым, 2013 // «BAG.KZ» ақпараттық порталы
-Қазақстан тарихы ғылымының даму бағыттары
«BAG.KZ»
-Вопросы модернизации исторической науки
//26 маусым, 2013 // BNews.kz
-Реформирование исторической науки в ---Казахстане: состояние и перспективы
//26 маусым, 2013 // BNews.kz
-Заман талабына сай отандық тарихты мәселелері// 27 маусым, 2013 // «BAG.KZ»
-Определены глобальные перспективы развития национальной истории в ХХІ веке//
19 июля ,2013 // BNews.kz
-Замана тарихының ақиқатын ашуда жасампаздықтың ұйытқысы болу – әрбір тарихшыныңміндеті//http://bnews.kz/kk/news/post/145724/
-Рухани құндылықтың бастамасы – елдің тарихи жады//http://bnews.kz/kk/news/post/145854/
-Ұлттық тарихты қоғамдық ғылымдар арасындағы негізгі салаға айналдыру қажет.//http://www.bnews.kz/kk/news/post/145886/
-Тарихи деректерді жаттап алатын оқушы қайдан шығады? //http://www.bnews.kz/kk/news/post/146783