Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Президент Н.Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауын арнады

Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлының туған күні

- = -

271 жыл бұрын батыр, әулие, ағартушы, сәулетші Бекет Ата Мырзағұлұлы дүниеге келді

26547
271 жыл бұрын батыр, әулие, ағартушы, сәулетші Бекет Ата Мырзағұлұлы дүниеге келді - e-history.kz
Маңғыстау (Ақтау) қаласында туған. Хорезмде Пақыржан қажыдан оқыған.
Маңғыстау, Атырау, Үстірт аймағында медресе-мешіттер салып, халықты сауаттандыруға көп күш жұмсаған. Жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан сәулетші әрі шебер болған. Елінің тәуелсіздігі үшін шайқасқан батыр, қолбасшы болған. Білімдарлығы, абыздығы мен көріпкелдік қасиеттері үшін елі оны көзі тірісінде қастерлеп, қадір тұтқан. Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Бекет Атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.