Сәулетшілері - Т.Бәсенов, Г.Сейдалин, В.Ким, мүсіншілері - В.Андрющенко, Р.Артимович. Жауға қарсы ұмтылған жауынгерлер бейнеленген мүсіндік композиция мемориалдың төріне орнатылған. Мүсіндік композиция алдындағы алаңға мәңгілік алау жағылып, оның екі қапталы ұзын гранит қорған-қабырғамен қоршалған. Қабырғада «Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқаста ерлікпен қаза болғандардың даңқы мәңгі арта берсін» деген жазу, ал екі босағасында «Даңқ кернейшісі» және «Ант» деп аталатын мүсіндік топтама бар. Мемориалға кіре берісте Ұлы Отан соғысындағы одақтас халықтардың қаны төгілген «қаһарман қалалардың» топырағы сақтаулы сандықтастар қойылған.
Бүгін тарихта
1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.
1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.