Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

Бүгін Бүкіләлемдік «рахмет» күні атап өтіледі

26301
11 қаңтарды жылдың ең «әдепті» күні деп атауға болады – бүгін Халықаралық «рахмет» (International Thank You Day) күні атап өтіледі. БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған бұл мерекенің өзіндік мағынасы мол, өйткені бұл мерекені азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан бүкіл әлем болып тойлайды. Біз бәріміз жақсы әдеттің мағынасын, оның күнделікті өмірде қажеттігін жақсы түсінеміз, бірақ біз алғыстың көптеген бөлігін, аңғарусыз олардың мағынасы туралы ойланбай білдіреміз. Бірақ, алғыс сөзінің құдіреті күшті, - оның көмегімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды, назар бөліп және оң эмоциясын береді, әйтпесе, біздің өміріміз жабырқаңғы және көңілсіз болушы еді. Сондықтан туристік жол көрсеткіштерде және туристерге берілетін ақыл кеңестерде «рахмет» сөзі, келіп жеткен елдің тілінде акцентпен айтылған болса да, қызмет көрсету сапасының жылдамдығын арттырып және тыныш және жағымды демалысты ретке келтіретіндігі бекер емес.