Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

2002 жылы қазақтардың Екінші Дүниежүзілік құрылтайы Түркістанда өткізілді

26223
2002 жылы қазақтардың Екінші Дүниежүзілік құрылтайы Түркістанда өткізілді - e-history.kz
2002 жылы 23-24 қарашада Түркістан қаласында қазақтардың Екінші Дүниежүзілік құрылтайы өтті.
Құрылтайға алыс және жақын 36 шет мемлекеттерден (ҚХР, Еуропа елдері, АҚШ, Иран, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан ) 500-ден астам өкіл қатысты. 2002 жылға қарай Қазақстанға 200 мыңға жуық оралман оралды. Құрылтайға ұштастырылған, Түркістан қаласында салынған 11 ірі нысанның ашылуы өтті. Жаңа салынған нысандардың ішінде қазақ-түрік университетінің жаңа корпусы, «Құрылтайдың бейнесі» монументі, «Тайқазан» фонтаны, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде тұратын фонтан, «Сара» атты жаңа медициналық орталық, Өнер орталығы, Актер үйі, спорт орталығы, «Дарын» мектебі бар.