Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

85 жыл бұрын KAZGOR жобалау академиясы құрылды

2009 жылы Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке қойылған ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

85 жыл бұрын (1931-1989) техника ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Рамазанұлы ҚҰРМАНҒАЛИЕВ дүниеге келді

66 жыл бұрын (1950-2007) ақын, журналист, аудармашы Өтепберген АҚЫПБЕКҰЛЫ дүниеге келді

76 жыл бұрын (1940) актриса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Жібек Есекейқызы БАҒЫСОВА дүниеге келді

88 жыл бұрын (1924) ғалым, тарих ғылымының кандидаты Базарбек ӨСЕРБАЙҰЛЫ дүниеге келді

1998 жылы 8 қазанда "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысы қабылданды

- = -

1957 жылдың 19 қыркүйегінде Тамғалы шатқалының тастағы суреттер галереясын Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашты.

26138
Петроглифтер кездейсоқта табылғанмен, бұл жаңалықтың мәні төмендегідей болды, Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енді.
Өткен жарты ғасырда осы жерлерде ондаған ғылыми экспедициялар болып, әрбір дала маусымында ғалымдар көне дәуірдегі адамдардың өмірі туралы жаңа дәлелдемелер тауып отырған. Бүгінгі, ауданы 3800 га қорық - датасы біздің жыл санауымызға дейінгі ХІҮ-ХШ ғасырдың ортасы – ХІХ-ХХ жүзжылдық аралығымен көрсетілген елді мекендер, мазарлар, тас қашалған орындар, петроглифтер галереялары (ал олардың бәрін қосқанда 5000-н астам суреттер) және діни құрылыстар (құрбан шалынатын жерлер) түрлі кезеңдегі жүзге тарта ескерткіштерден тұратын қорық бірегей археологиялық кешен болып табылады. Міне осы кездің бәрінде, бірнеше мыңжылдықтар бойы мұнда адамдар тұрғылықты өмір сүрген, бұған дәлел – тастан қаланған үйлер мен мал кіргізетін қоралардың орны, ыдыстардың сынығы және тастан, темірден, сүйектен жасалған бұйымдар. Петроглифтер Тамғалы шатқалының аса маңызды және көптүрлі ескерткіштерінің бірі болып табылады. Тастағы суреттердің бәрі пикетаж техникасында, кейде ғана темір аспаптың немесе тастың көмегімен ойып жасалатын, бояумен жасалғандары кездеспеген. Тастағы суреттер галереясын арғы ата бабаларымыз орта қола, кеш қола, өтпелі дәуір (ертедегі сақ), ертедегі темір дәуір (сақ және үйсін), ортағасыр (ертедегі түрік) және жаңа заман (жоңғар және қазақ) сияқты әртүрлі тарихи дәуірде құрған. Тамғалы тастағы суреттердің көне және ең әсерлі сериясын құрайтын, орта қола дәуірдің петроглифтары эстетикалық және мәдени құндылықтарға ие. Сол кездегі тастағы бейнелеу өнерінің шеберлерін солярий құдіреті («күнбастылар»), «маскарадшылар», шоқпарұстаушылар, қасқыр маскасындағы садақшы, қару ұстаған жауынгерлер, малдар мен адамдарды құрбандыққа шалу көріністері, эротикалық көріністер, жас босанған әйелдер, арбалар, түрлі белгілер, символдар, сондай-ақ бұқаларды, құландарды, аттарды, түйелерді, қабандарды, қасқырлар мен бұғыларды бірнеше рет бейнелеу сияқты ойларының кеңдігі ерекшелендіріп тұрған.