Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1896 жылы 5 мамыр күні актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Серәлі Қожамқұлов дүниеге келді.

1910 жылы 5 мамыр күні т.ғ.д., профессор, Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Киікбаев Нығметолла дүниеге келді.

- = -

Ұлы Отан соғысының басталған күні

26123
Ұлы Отан соғысының басталған күні - e-history.kz
1941 жылы 22 маусым күні Гитлер басқарған Германия Кеңес Одағына басып кірді.
Барбаросса жоспары аясында жоспарланған соғыста (Fall Barbarossa) алғашқыда «Отто жоспары», кейін император Фридрих І Барбаросса құрметіне аталынған. Барбаросса жоспарын дайындауды А.Гитлер 1940 жылы 21 маусымда генерал-фельдмаршал В. Браухичке тапсырған. Оны жасауға вермахтың бас қолбасшылығы, қарулы күштердің бас штабтары, армия топтары штабтары мен армия штабтары тартылады. Барбаросса жоспарының әр түрлі жобасы жасалынып, бірнеше рет талқылауға түскен. 1940 жылы қыркүйекте оны дайындауға генерал-майор Ф. Паулюс кірісіп, 19 қарашада негізгі жобасын В. Браухичке ұсынады. 1940 жылы 26 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Цоссенде Ф. Паулюстың басшылығымен әскери-штабтық ойын өткізіліп, 13–14 желтоқсанда арнайы мәжілісте қайта талқыланған соң, 18 желтоқсанда А. Гитлер 21 директиваға қол қояды. Барбаросса жоспарының негізгі мақсаты — Кеңес армиясының батыстағы басты күштерінің елдің түпкіріне қарай шегінуіне мүмкіндік бермей бөліп тастап, талқандау. Әрі қарай Киев, Мәскеу, Ленинград (Санкт-Петербург) қалаларын басып алып, Архангельск — Волга — Астрахан шегіне шығу көзделген. Жоспарда армиялар тобы мен жекелеген армиялардың міндеттері, өзара қарым-қатынасы, әуе және теңіз күштерінің қимылдары толығымен қамтылған. Ұлы Отан соғысы қарсаңында, Барбаросса жоспары бойынша КСРО шекарасына 5,5 млн. әскер, 4300-дей танк, 5000-дай ұшақпен қаруланған «Оңтүстік», «Орталық», «Солтүстік» армиялар тобы жинақталды. Барбаросса жоспары аз ғана уақыт ішінде орындалуы керек еді, бірақ КСРО халықтарының жанқиярлығының арқасында іске аспады.