Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Бүгін РСФСР құрамында Түркістан Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы құрылды.

74 жыл бұрын Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа Жеңіс туын тікті

- = -

2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды

26032
2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды - e-history.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің "2000 жылды Мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы" 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 316 [ http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U990000316_#z0 ] Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы; 2) Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары бекітілсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, орталық атқарушы органдар Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі тиісті комиссияларды құрсын. 4. Мәдениетті қолдау жылы бойынша іс-шараларды қаржыландыру 2000 жылға арналған бюджетте тиісті мемлекеттік мекемелерге - бағдарламалардың әкімшілеріне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылсын. 5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне 2000 жылға арналған жергілікті бюджеттердің шығыстарында Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды көздеу ұсынылсын.