Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Бүгін тарихта

Қарқаралы округі құрылды

- = -

88 жыл бұрын химия ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Молдахметов Зейнолла дүниеге келді.

25861
88 жыл бұрын химия ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Молдахметов Зейнолла дүниеге келді. - e-history.kz
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ педагогикалық институтын, КСРО Ғылым академиясы Нәзік химиялық технологиялар институтының аспирантурасын бітірген.
1956-1975 жылдары Алматы, Целиноград, Қарағанды жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарған. 1975-1980 жылдары - Қазақ химия-технология институтының ректоры. 1980-1988 жылдары - Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры. 1991-1998 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры. 1988-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Орталық Қазақстан бөлімшесінің академик хатшысы. 1998 жылдан бері Қазақстан-Ресей университетінің ректоры қызметін атқарады. Ғалымның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері органикалық молекулалардың фотохимиясы мен фотофизикасын, сондай-ақ теориялық және қолданбалы спектроскопиясын, кванттық химия және органикалық молекулалардың реакциялық қасиеттерін зерттеуге арналған. Оның 5 монографиясы, 6 авторлық куәлігі мен патенті бар. «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған.