Тарихта болған ең қысқа соғыстар

Бөлісу

30.04.2026 43

Тарих беттерінде соғыстар көбіне ұзаққа созылып, тұтас халықтардың тағдырына әсер еткен күрделі үдерістер ретінде суреттеледі. Бірақ олардың ішінде ерекше бір топ бар – өте қысқа уақыт ішінде аяқталған соғыстар. Мұндай қақтығыстар кейде бірнеше күнге, тіпті сағаттарға ғана созылғанымен, саяси картаға үлкен өзгерістер әкелген. Төменде осындай ең танымал қысқа соғыстарға тоқталамыз.


38 минуттық соғыс

Англо-Занзибар соғысы тарихтағы ең қысқа қақтығыс ретінде белгілі. 1896 жылы Занзибар сұлтаны британ билігінің келісімінсіз таққа отырады. Британия бұған қарсы шығып, оны тақтан кетіруді талап етеді. Алайда жаңа сұлтан бас тартқан соң, британ әскери кемелері таңертең сарайды атқылай бастайды. Небәрі 38 минут ішінде сарай қиратылып, сұлтан қашып кетеді. Осылайша соғыс өте қысқа уақытта аяқталады.

Футбол соғысы

Бұл соғыс атауына қарамастан, футболдан ғана туындамаған. Негізгі себеп – Сальвадор мен Гондурас арасындағы жер дауы және миграциялық мәселелер болатын. Алайда 1970 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчтары кезінде екі ел жанкүйерлері арасындағы шиеленіс жағдайды ушықтырып жібереді. Соның нәтижесінде қарулы қақтығыс басталады. Соғыс шамамен 4 күнге, яғни 100 сағатқа созылып, кейін халықаралық ұйымдардың араласуымен тоқтатылады.

Алты күндік айқас

Бұл соғыс Таяу Шығыстағы ең маңызды әскери қақтығыстардың бірі саналады. Бір жағында Израиль, екінші жағында Мысыр, Иордания және Сирия бастаған араб елдері болды. Соғыс өте жылдам өрбіді. Израиль әуе шабуылдары арқылы қарсыластарының әуе күштерін алғашқы күндердің өзінде әлсіретіп тастады. Алты күн ішінде ол Синай түбегін, Голан биіктіктерін және Иерусалимнің бір бөлігін бақылауға алды.

 

 Бес күндік бұлқыныс 

Атлах (Талас) шайқасы шайқас Орталық Азия тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Ол қазіргі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына жақын Талас өзені бойында өтті. Бір тарапта Араб халифаты мен олардың одақтастары – түргештер мен қарлұқтар, екінші тарапта Қытайдың Таң империясы тұрды. Шайқас бірнеше күнге созылып, соңғы шешуші сәтте қарлұқ тайпалары күтпеген жерден арабтар жағына шығып кетеді. Осының нәтижесінде Қытай әскері жеңіліп, бұл аймақтан біржола шегінеді. Бұл оқиға Орталық Азиядағы тарихи тепе-теңдікке үлкен әсер етті. Қысқа соғыстар уақыт жағынан шағын болғанымен, салдары өте үлкен тарихи оқиғалар. Олар кейде бірнеше сағат ішінде-ақ мемлекеттердің тағдырын өзгертіп жіберген. Сондықтан мұндай қақтығыстар тарихтың ең қызық әрі терең ой салатын беттерінің бірі болып саналады.

Бөлісу