Биыл бірқатар тарихи маңызы бар орындарда қазба жұмыстары жүргізіледі

Бөлісу

10.04.2026 39

Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылға арналған археологиялық жұмыстардың ресми жоспарын бекіткен еді.


9–10 сәуір күндері Алматы қаласында ЮНЕСКО аясындағы 2025–2026 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес материалдық емес мәдени мұраны сақтау және дамыту мәселелеріне арналған ұлттық дөңгелек үстел өтті.

Аталған маңызды жиын Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалығымен ұйымдастырылып, оған ЮНЕСКО хатшылығы мен өңірлік бюро өкілдері, сондай-ақ отандық сарапшылар қатысты.

Сонымен қатар, шараға Зубайда Сураганова – Мемлекет және құқық институтының ғылыми қызметкері, “Бозоқ”музей-қорықтың бас ғылыми қызметкері Сәуле Бурбаева бірге көптеген жылдар бойы мәдени мұраны сақтау және ілгерілету бағытында қалыптастырған тәжірибелерін ұсынып баяндама жасады.

”Бозоқ” музей-қорығында соңғы 7 жыл ішінде музей-қорық ұжымы ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Атап айтқанда, «Қымызмұрындық», «Шолпы тағу», «Сірге жияр» сынды дәстүрлі этнографиялық іс-шараларды ұйымдастырып, олардың кеңінен насихатталуына және қоғамда қайта жаңғыруына үлкен үлес қосып келеді.

Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылға арналған археологиялық жұмыстардың ресми жоспарын бекіткен еді.

Жоспарға сәйкес, биыл мынадай  маңызды нысандарда қазба жұмыстары жүргізіледі:

Сығанақ қаласының некрополі (Қызылорда облысы);

Қаратау жартас суреттері (петроглифтер);

Қимақ қағанаты кезеңіне жататын Байдала мен Боброво қорымдары (Павлодар облысы).

Бөлісу