Осман императорлары мен қазақ хандарының хаттары Қазақстанның Ұлттық мұрағатына беріледі
10.08.2013 2383
Осман императорлары мен қазақ хандарының хаттары Қазақстанның Ұлттық мұрағатына беріледі, бұл туралы ҚР Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Әбсеметов BNews-ке берген сұхбатында хабарлады.

Осман императорлары мен қазақ хандарының хаттары Қазақстанның Ұлттық мұрағатына беріледі, бұл туралы ҚР Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Әбсеметов BNews-ке берген сұхбатында хабарлады.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде Түркиядан, Қытайдан, Ресейден, Ираннан, Египеттен материалдар әкелінген. «Бүгінде бізге Францияның, Испанияның Ұлттық мұрағаттарындағы Қазақстанға қатысты құжаттарды беруде. Сонымен қатар осман императорлары мен қазақ хандырының хаттарын Ыстамбұл мұрағаты, сондай-ақ Мұстафа Шоқайдың 250 хатын түрік ғалымы Ахат Ани Жанди бермекші. Қазір біз Қытайға да өзіміздің зерттеуші ғалымдарымызды жіберудеміз. Мүмкін болғанша қолжазбаларды алуға тырысудамыз, халықпен жұмыс істеп жатырмыз, ескі артефакттарды, қолжазбаларды жинап жатырмыз. Соңғы кездері біз Қытайдан Шәкәрім Құдайбердиевтің қолжазбасын таптық, оны бізге береді. Мұрағаттың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етудеміз, оларды цифрландырып жатырмыз, қазір құпиялылық грифі салынған құжаттардан басқалардың барлығын үйден шықпай-ақ алуға болады», - деді Әбсеметов.